1-дәріс. Кіріспе. Математиканың пайда болуы


- дәріс. Математика ғылымының Қазақстандағы дамуы



бет40/42
Дата31.12.2021
өлшемі167,21 Kb.
#21807
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
15- дәріс. Математика ғылымының Қазақстандағы дамуы.

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

1.Математика ғылымының Кеңестер Одағы тұсындағы дамуы.

2. Тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы математиканың дамуы.

3. Қазақтың әлемге әйгілі математиктері.



Дәрістің қысқаша мазмұны

1.Математика ғылымы Қазақстанда Кеңестер Одағы тұсында жедел қарқынмен дами бастады. 1945 ж. КСРО ҒА Қазақ бөлімшесінің математика және механика секторы құрылды (ол 1965 ж. ҚССР ҒА математика және механика институты деп аталды). Бастапқыда математика саласында басты бағыт дифференциалдық теңдеулер мен орнықтылық теориясы болды. Оған 1940 жылдан бастап көрнекті математик К.П.Персидский басшылық жасады. К.П.Персидскийдің жетекшілігімен О.Жәутіковтің, В.Харасахалдың, Д.Үмбетжановтың және т.б. еңбектерінде дифференциалдық теңдеулердің периодты және периодты дерлік шешімдерінің теориясы дамытылды. Сонымен қатар бас туындысы кіші параметрлі болып келетін дифференциалдық теңдеулер саласында (Қ.Қасымов, М.Дауылбаев т.б.), сфералық гармоника теориясы және оны тасымалдау мен сәуле шығару есептерін шешуде қолдануда (Ө.Сұлтанғазин, т.б.) елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Қазақ математиктерінің үлкен бір тобы (Е.Ким, М.Өтелбаев, Т.Қалменов, С.Харин, т.б.) дербес туындылы теңдеулер мен математикалық физиканың әралуан есептерін зерттеді. Дербес туындылы теңдеулер үшін шекаралық есептерді шешуде және оларды функционалдық анализбен тығыз байланыста дамытуда айтарлықтай табыстарға қол жеткізілді (Т.Аманов, Қ.Наурызбаев, Р.Ойнаров, Н.Темірғалиев, т.б.). Функционалдық анализ бен оның әдістерін қолдану мәселелерінде (Н.Блиев, Т.Нүрекенов, т.б.), спектрлік операторлар мен функционалдық кеңістіктер теориясында (М.Өтелбаев), жуықтау теориясында сплайдық аппроксимация мен оны қолдану бойынша (А.Жеңсікбаев) маңызды нәтижелер алынды. Геометрия саласындағы зерттеулерге В.Стрельцов, А.Закарин, Ж.Юсупов және т.б. үлкен үлес қосты.



Математика саласында Қазақстанда тағы бір кең тараған бағыт орнықтылық теориясы болды. К.П.Персидскийдің жұмыстарында Ляпуновтың тура әдісі бойынша бірқатар теориялар дәлелденді (мысалы, орнықтылық туралы Ляпуновтың 1-теоремасын айналдыру, т.с.с.). Ляпуновтың тура әдісіне байланысты Четаевтың теоремасын жалпылау (О.А.Жәутіков), кризистік жағдайлар (М.Ятаев), реттеу теориясының есептері үшін орнықтылық облысы шекарасындағы сызықтық емес реттелетін жүйелердің тәртібі (Ә.Беделбаев) туралы мәселелер тиянақты зерттелді. Орнықтылық теориясы саласында Б.Төлегеновтың, Б.Майғариннің, Х.Ибрашевтың, С.Горшиннің, Т.Досымовтың, Р.Багауддиновтың, Я.Гольцердің, С.Молдабаевтың, И.Байсақаловтың және т.б. еңбектерінің маңызы зор болды.

Қазақстанда алгебра, математикалық логика және есептеу математикасы бойынша негізгі ғылыми бағыттарды анықтауда КСРО ҒА Сібір бөлімшесі маңызды роль атқарды. Алгебра, сандар теориясы және математикалық логика (Б.Оразбаев, А.Тайманов, М.Перетятькин, т.б.), модельдер теориясы (Т.Мұстафин, Т.Құдайбергенов, т.б.) салаларында белсенді түрдегі зерттеулер жүргізілді. А.Жұмаділдаев Ли алгебрасын зерттеуде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Есептеу математикасы мен технологиясы (Ө.Сұлтанғазин, Н.Данаев, С.Атанбаев, Ә.Сақабеков, т.б.), машиналық арифметиканы жасау теориясы (И.Якушский, В.Әмірбаев, И.Пак, Ә.Қазанғапов, т.б.) қолданбалы математика (А.Лукьянов, С.Айсағалиев, М.Жиенәлиев, М.Қалимолдаев, т.б.) салаларында, газ динамикасы теңдеулерінің сандық әдістерін жасауда (Ш.Смағұлов, Бөлекбаев, т.б.) аса маңызды нәтижелер алынды.

Бұл жұмыстарды үйлестіруде және оларға басшылық жасауда ҚССР ҰҒА математика және механика институты, оның директорлары К.П.Персидский (1966-69), А.Тайманов (1969-70), Т.Аманов (1970-78), Ө.Сұлтанғазин (1978-88) үлкен роль атқарды.

2. Тәуелсіз Қазақстанда математика бойынша ғылыми-зерттеулердің негізгі ошағы ҚР ҒА математика және механика институты болып табылады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары институт ғалымдары ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшелері Н.Блиевтің (1988-2000), А.Жеңсікбаевтың (2000 жылдан бастап) басқаруымен математиканың дифференциалдық теңдеулер, математикалық физика теңдеулері, функциялар теориясы, функционалдық анализ, алгебра, математикалық логика сияқты салаларында тиянақты зерттеулер жүргізілді.

1991 ж. Қарағанды қаласында қолданбалы математика институты құрылды. Әр кезеңдерде институт директоры қызметін М.Өтелбаев, К.Оспанов, Т.Мұстафин, Х.Халманов және т.б. атқарды. Құрамында екі ғылыми-зерттеу лабораториясы бар бұл институттың зерттеу мәселелері: дифференциалдық теңдеулер, механика, экологиялық және технологиялық мәселелер, аппроксимакциялық математикалық модельдеу есептері. Институт қызметкері М.Өтелбаев операторлық теорияның спектрлік облысында әлемдік деңгейдегі жетістіктерге қол жеткізді.

1991 жылдан бастап, машина жасау және механика институты жұмыс істеп келеді. Институт құрамында екі ғылыми-зерттеу бөлімі бар: механика бөлімі (ҚР ҰҒА-ның академигі Ж.Ержанов басқарады) және машина жасау бөлімі (ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі Ж.Байгуншеков басқарады). Институт математика, машина жасау және механика салаларында белсенді қызмет атқарып, келеді, бүгінде оның жетістіктері біздің елде ғана емес, шетелдер де танымал.

3. Қазіргі күні математика саласы бойынша әлемдік деңгейдегі ғалымдар қатарында 3 қазақ математигін атауға болады. Олар: М.Өтелбаев, А.Жұмаділдаев және У.Өмірбаев.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет