ЛИЗИННІҢ ДАЙЫН ӨНІМІНІҢ БӨЛІНУІ
-Культуральды сұйықтықтан қолданылуына қарай әр түрлі микробиологиялық препараттарды алуға болады:
-лизиннің сұйық концентраты
-лизиннің құрғақ азықтық концентраты
-кристалды лизин
Микробиологиялық концентрат ЖКЛ және ККЛ алу үшін құрамында 10-13% құрғақ затты құрайтын культуральды сұйықтықты рН 5,0 болғанша, тұз қышқылымен қышқылдайды да, лизиннің тұрақты болуы үшін 0,15% бисульфат натрий ерітіндісін қосады. Содан соң тұрақты культуральды сұйықтықтағы құрғақ заттың концентрациясы 35-40% дейін вакуум- буландырғышта булайды. Алынған лизиннің сұйық концентратын мал азығының құнарлылығын арттыру үшін қосуға болады.
Құрғақ концентратты ККЛ алу үшін сұйық концентратты кептіргіште ылғалдығы 5-6% болғанға дейін ұстайды. Құрғақ (ККЛ ) өте гигроскопиялық болып келеді, сондықтан кептірілгеннен соң тез арада оны полиэтилен қапшықтарға қаптайды. Гигроскопиялығы төменді және үгілгіш ККЛ алу, ЖКЛ толықтырғыш пен сүйектің ұнымен, азықтық ашытқымен бидай кебегімен бірге кептіреді. Кристалдық лизинді культуральды сұйықтықтан ион алмасу әдісі арқылы бөліп алады. Культуральды сұйықтықтан биомассаны фильтрлеу арқылы және центрифугирлау арқылы бөліп алады. Лизинді маркасы КУ-2 немесе КБ-4П-2 ион алмасу шайырында фильтраттан сорбциялаумен бөліп алады.
Ион алмасу бағанасын сумен жуғаннан соң лизинді 0,5-5,0 % аммиакты сумен элюирлейді. Құрамында 1-2% лизині бар элюатты рН 4,9-5,0-ге дейін жеткенше тұз қышқылымен қышқылдандырады және лизин концентрациясын 30-50%-ке жеткенше вакуум-буландырғыш қондырғыда булайды. Лизин тұз қышқылының әсерінен лизиннің монохлоргидраты пайда болады, ол 10-12°С температураға дейін салқындағанда сарғыш кристалдар түрінде түседі. Лизиннің монохлоргидратын аналық ерітіндіден фильтрлеу арқылы бөліп алады және этил спиртімен жуылып, кептіріледі. Мұндай лизин мал шаруашылығында мал азығы ретінде қолданылады. Жоғары тазаланған лизинді алу мақсаты монохлоргидрат лизин кристалдарын бояғыш заттардан және қоспадан көп сатылы тазалаумен және этил спиртін кристализациялаумен алынады.
Тазартылған лизинді көбінесе тамақ өнеркәсібінде, медицинада және тағы басқа мақсаттарға қолданады. Кристалды лизинді картон қораптарға салып буып қаптайды.
Достарыңызбен бөлісу: |