Биноменклатура бойынша микроорганизмдердің аталу принциптері. «Штамм», «Клон», «Таза өсінділер» туралы түсініктер.
Микробтар, немес микроорганизмдер (бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдар, вирустар), өзара ұқсатығымен, ерекшеліктерімен және қарым-қатынастарымен жүйелендірілген. Бұнымен арнайы ғылым - микроорганизмдерді жүйелеу айналысады. Жүйелеу үш бөлімнен тұрады: жіктелуі, таксономиясы және идентификациялау. Микробтардың таксономиясының негізіне (грек тілінен taxis - орналасуы, реті) олардың морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық және молекулалық-биохимиялық қасиеттері алынған. Таксономиялық категориялар төмендегідей болады: патшапық, (патшалық тармағы), бөлім, класс, реті, туыстастық, тұқымдастық, түр, (түр тармағы) және т.б. Таксономиялық категорияның түрлеріне байланысты таксондарды ажыратады - ол біркелкі, ұқсас қасиеттеріне байланысты біріктірілген организм топтары. Микроорганизмдердің аталуын Халықаралық номенклатура кодексі (зоологиялық, ботаникалық, бактериялар номенклатурасы, вирустар) тағайындайды.
Микроорганизмдерді топтастыру кезінде келесідей қасиеттері ескеріледі:
Морфологиялық (клетканың пішіні, көлемі, сыртқы түрі, өзара орналасуы) клеткалық құрылымы, спора түзу қабілеті, көбею түрі.
Физиологиялық (қоректену типі, энергия алу түрі, оттегінің әсері, патогендігі, температураның әсері және т.б)
Культуралдық (қоректік ортада өсу сипаты, түзетін коллонияларының пішіні мен көлемі, түсі, мөлдірлігі, шеттері және беткі бөлігі)
Биохимиялық (органикалық заттарды түзу кезіндегі айырмашылықтары)
Таксономиялық бірлік негізі түр болып табылады.
Түр – шығу тегі ортақ, ортақ морфологиялық және физиологиялық сипатқа ие, қоршаған ортаның белгілі бір жағдайларында тіршілік етуге бейімделген организмдер жиынтығы. Яғни бір түрге жататын микроорганизмдер ортақ генотипке ие.
Штамм – бірдей немесе әртүрлі табиғи қоректік орталардан, әртүрлі уақыт аралығында бөлініп алынған, бір түрге жататын микроорганизмдердің таза культурасы. Бір түрдің штаммдары ортақ қасиетке ие. Культуралды ашытқылар штаммы –
Расадеп аталады. Мысалы тағам өндірісінің көптеген салалаларында (нан, спирт, сыра, квас және т.б) қолданылатын Saccharomyces cerevisiae түріне жататын ашытқылар расасы бір-бірінен көмірсуларды пайдалану жылдамдығы, ашыту белсенділігі, түзетін жанама өнімдердің көлемі бойынша өзгешеленеді.
Клон – бiр клеткадан алынған дақыл немесе культура. Қәзiргi кезде микрооорганизмдердi анықтау, ажырату үшiн 1 984 жылы қабылданған Бергийдiң «Бактериялар анықтамасы» пайдаланылады.