1 дәріс. Кіріспе. Техникалық микробиология пәні, мақсаты және дамуы


Антибиотиктерге ұсынатын талаптар



бет70/81
Дата07.01.2022
өлшемі244,8 Kb.
#20441
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   81
Байланысты:
лекция

Антибиотиктерге ұсынатын талаптар :

  • антибиотиктің өзінің уыттылығы және ағзада түзілетін өнімдерінің уыттылығы болмайды немесе өте төмен;

  • тиімді әсері төмен концентрацияда іске асады;

  • ағза жағдайында микроорганизмге қарсы әсерін көрсетеді;

  • антибиотике қарсы микроорганизмнің тұрақтылығы баяу дамиды;

  • қосымша зиянды әсері өте төмен немесе болмайды;

  • суда жақсы ериді;

  • әдеттегі жағдайда ұзақ уақыттын ішінде микроорганизмдерге қарсы белсенділігін сақтайды;

  • ортаның әр түрлі жағдайында, ағзаның физиологиялық сұйықтық және ұлпалық жағдайында антимикробтық әсерін сақтайды.

Жақсы емдік препарат болу үшін антибиотик кейбір міндетті қасиеттерге ие болуы керек:

1. Төмен концентрацияда (10-30 мкг /мл) ол аурудың қоздырғышын өлтіруі немесе оның өсуі мен көбеюін тежеуі керек.

2. Антибиотиктің белсенділігі дене сұйықтықтарының әсерінен айтарлықтай төмендемеуі керек.
3. Қысқа мерзімде оның өмірлік циклін тоқтату үшін ол микроорганизмге тез әсер етуі керек.

4. Антибиотик макроорганизмге зиян тигізбеуі керек. Бір реттік дозаны енгізгеннен кейін де, бірнеше рет енгізгеннен кейін де аллергенділік пен уыттылық болмауы тиіс.

5. Антибиотик қалпына келтіру процесіне кедергі келтірмеуі керек.

6. Антибиотик иммунологиялық реакцияларды төмендетпеуі керек. Ол ағзаның иммундық жүйесіне ешқандай зиян тигізбеуі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет