Байланысты: Электротехника және электроника негіздері ЛЕКЦИЯ
4.2 Бейсызықты тұрақты ток тізбектерін есептеу тәсілдері Бейсызықты элементтердің кедергілері кернеулер немесе токтардың бағытына және шамасына тәуелді болғандықтан аналитикалық есептеу тәсілдер арқылы талдау қиын болады. Кирхгоф заңдарын ВАС-лар арқылы қарастырады. Сондықтан мұндай тізбектерді талдауда графо-аналитикалық тәсіл қолданылады. Екі бірізді сұлба бойынша жалғанған БЭ1 және БЭ2 элементті тізбектің есебін қарастырайық (4.6-суретті қара). Есепті жүргізу үшін бейсызықты элементтердің ВАС–лары белгілі болуы қажет (4.7-суретті қара БЭ1 ВАС 1 және БЭ2ВАС 2 )
(4.3)
4.6 сурет 4.7 сурет
Тізбектің I тогын табу үшін БЭ1 және БЭ2 сипаттамаларын бірдей токқа сәйкесті кернеу бойынша қосып жалпы (баламалы) сипаттаманы тұрғызамыз (4.7- суретті қара). Баламалы ВАС арқылы берілген кернеу әсеріндегі тізбектегі ток 4.7 суретінде көрсетілген «p-n-k» нүктелер бойынша табылады. Бірінші БЭ1-тің кернеуі «с» , ал екінші БЭ2-тің кернеуі «d» нүктелеріне сәйкес келеді. Кернеулердің шамаларын ВАС-лар арқылы табу үшін масштаб таңдалады
Мұнда mu - кернеудің масштабы. Ток , mi - токтың масштабы. Элементтердің кернеулері и .
Бейсызықты элементтер параллель жалғанған жағдайда кернеулері бірдей, ал токтары өзгеше болады. Тізбектің тармақталмаған бөлігіндегі ток Кирхгофтың бірінші заңына сәйкес анықталады. График арқылы жалпы токты табуда БЭ1 және БЭ2 элементтердің ВАС-лары токтар осі бойынша қосылады (4.9 суретінде үшінші сызық). Кез келген U кернеу үшін n нүктенің pn ординатасы pd және pc ординаталардың қосындысы болып табылады pn = pd + pc. Бұл ординаталар токтың масштабына сәйкес I1, I2, I3 токтар болып табылады.
4.8 сурет 4.9 сурет
Үш бейсызықты элементтерді аралас схемасы бойынша жалғануын қарастырайық (4.10 суретті қара).
4.10 сурет 4.11 сурет
Бұл жағдайда тізбектің параллель бөлігі үшін жалпы ВАС-ма құрастырылады, сонда тізбек бірізді жалғану түріне келеді (4.1-суретті қара). Токтар жоғарыда қарастырғандай табылады. Егер тізбектің қарастырып отырған бөлігінде ЭҚК немесе ток көзі орналасқан болса вольтамперлық сипаттаманы баламалы сипаттамаға келтіруге болады. Баламалы сипаттама Кирхгоф заңдарына сәйкес салынады. Ток және кернеу бағыттас болса (4.12 суретті қара), Кирхгофтың екінші заңы мынадай жазылады
4.12 сурет
Баламалы ВАС кернеулер осінен оң жаққа ЭҚК-тің «Е» шамасына жылжиды. Егер ЭҚК-тің бағыты теріс болса ВАС кернеулер осінен сол жаққа ЭҚК-тің «Е» шамасына жылжиды.
Кернеу мен токтың бағыттары қарама-қарсы болса, сипаттама мынау өрнекке сәйкесті салынады. Баламалы ВАС токтар осі бойынша айна бейнесіндей қарастырылатын сипаттама кернеулер осі бойынша ЭҚК-тің «Е» шамасына оң жаққа жылжиды.
4.13 сурет
Баламалы ВАС 4.13 суретінде келтірілген. Егер ЭҚК-тің бағыты теріс болса баламалы ВАС кернеулер осі бойынша солға жылжиды. Ток көзі мен бейсызықты элемент параллель жалғанса орынбасарлық схема және баламалы ВАС мынадай
4.14 сурет
Баламалы ВАС Кирхгофтың бірінші заңы бойынша салынады. Ток пен кернеу бағыттас болса ВАС токтар осі бойынша жоғарыға жылжиды (4.14 суретті қара), ал бағыттас болмаса ВАС мынау теңдік арқылы және кернеулер осі бойынша айна бейнесіндей қарастырылатын сипаттама токтар осі бойынша жоғарыға жылжиды (4.15- суретті қара).
4.15 сурет
5дәріс. Сызықты синусоидалы бір фазалы ток тізбектері. Негізгі түсініктемелер мен анықтамалар. Талдау тәсілдері Дәрістің мақсаты: негізгі түсініктемелер және анықтамалармен танысу, синусоидалы шамаларды кешенді сандармен бейнеле алу, векторлық талдаулармен танысу, айнымалы токтар тізбектеріндегі құбылыстарды білу.