1 дәріс. Негізгі түсініктемелер және анықтамалар. Тізбектердің негізгі заңдары. Электр тізбектерін баламалы түрлендіру



бет25/34
Дата06.04.2023
өлшемі1,57 Mb.
#79800
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34
Байланысты:
Электротехника және электроника негіздері ЛЕКЦИЯ

12 дәріс. Тұрақты ток машиналары
Дәрістің мақсаты: тұрақты ток машиналарын жұмыс принципін және негізгі режимдерін үйрену
12.1 Тұрақты ток машиналарын құрылысы
Электрлік энергияны механикалық немесе механикалық энергияны электрлік энергиясына түрлендіретін құрылғылар электр машиналары деп аталады. Электр машиналары тұрақты ток және айнымалы ток машиналарына бөлінеді. Тұрақты ток машиналары мынадай бөліктерден тұрады: полюстік жүйе, якорь, колектор, электродтық түкшелер, қаптама, вентиляциялатын жабдықтары. Негізінде тұрақты токтың электр машинасы қозғалмайтын (индуктор) және айнымалы (якорь) бөліктерден турады. 12.1 суретте тұрақты ток машинасын қарапайым схемасы көрсетілген
Индуктор -1- негізгі магнит ағынын қоздыратын жүйе (полюстік жүйе) деп саналады. Ол ферромагниттік материалдан (электротехникалық болаттан) жасалған цилиндр тәрізді қаптамадан, қаптамаға отырғызған негізгі- 2 және қосымша полюстерден тұрады. Полюстерге қоздыру орамалары(ҚО) орналастырылады. Қоздыру орамаларынан Iқ тұрақты ток өтіп полюстерде негізгі магнит ағынын қоздырады. Негізгі магнит ағыны якорь орамаларын қиып болат қаптама бойымен тұйықталады. Негізгі магнит ағынын тұрақты магниттер мен де қоздыруға болады. Қоздыру орамаларын (ҚО) жалғануына байланысты магнит өрісін қоздыру тәсілдері төртеу болып табылады :
-тәуелсіз қозба, бұл жағдайда ҚО басқа бір қорек көзіне жалғанады (тұрақты магниттер арқылы өрісті қоздыру тәуелсіз қозба тәсіліне жатады);
– параллель қозба – ҚО якорь орамасы мен параллель жалғанады;
– бірізді қозба – ҚО якорь орамасы мен тізбектей жалғанады;
– аралас қозба, мұнда ҚО-лары екеу болады: біреуі параллель, екіншісі бірізді жалғанады. Параллель ҚО –ның орамдар саны көп болып, ал сымның диаметрі кіші жасалады, бірізді ҚО-ның орамдар саны аз болып, ал сымның диаметрі якорьдың сымына сәйкесті есептеліп үлкен болып жасалады. Қозба орамалары негізгі полюстерге орналасады.
Негізгі полюстердің ортасынан геометриялық бейтарап сызық өтеді, осы сызықтың бойымен қосымша полюстер орналастырылады. Қосымша полюстердің ҚО якорьдың орамаларымен бірізді жалғанады. Қосымша полюстердің магнит ағыны якорь реакциясын жояды. Якорьдың магнит өрісінің полюстердің магнит өрісіне әсерді якорь реакциясы дейді. 
Якорь цилиндр тәрізді ферромагнит өзектен -4 және өзектің сыртқы бетінің бойындағы ойықтарда орналасатын орамалардан -5 тұрады. Якорьдің өзегі жұқа бір-бірінен оқшауланған болат парақшалардан жиналады. Орамалардың ұштары коллектор тіліктеріне шығарылып, дәнекерленген.
Коллектор бір-бірінен және біліктен оқшауланған мыс тіліктерінен тұратын цилиндр. Коллекторға мыс графиттен немесе қола графиттен жасалған сырғыма түкше 3 жанасып тұрады. Осы түкше арқылы якорьдың орамалары қорекке немесе қабылдағышқа жалғанады.
Контактық түкшелер геометриялық бейтарап сызық бойымен орналасады, оларға келетің сымдарда ЭҚК қоздырылмайды, оның себебі -бұл сымдар магниттік индукция сызықтарына параллель болып табылады. . Магниттік индукция сызықтарына перпендикуляр болып негізгі полюстердің ортасында орналасқан сымдарда максималды ЭҚК қоздырылады.

12.1 сурет 12.2 сурет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет