1 дәріс. Негізгі түсініктемелер және анықтамалар. Тізбектердің негізгі заңдары. Электр тізбектерін баламалы түрлендіру


дәріс. Электрондық құрылғылардың элементтік негіздері



бет30/34
Дата06.04.2023
өлшемі1,57 Mb.
#79800
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
Электротехника және электроника негіздері ЛЕКЦИЯ

14 дәріс. Электрондық құрылғылардың элементтік негіздері
Дәрістің мақсаты: диод, стабилитрон, тиристор, биполярлық және өрістік транзисторлардың құрылысымен және сипаттамаларымен танысу.
14.1 Шала өткізгіш диодтар, стабилитрондар, тиристорлер
Бір p-n өтпесінен тұратын және екі шықпасы бар аспап шала өткізгішті диод деп аталады. p-n өтпенің негізгі қасиеті бұл токты бір бағытта өткізу. Жұмыс істеу тәртібіне және атқаратын міндетіне қарай диодтар түзеткіштік диод, стабилитрон, варикап, фотодиод, тиристор т.б.түрлерге бөлінеді. Түзеткіштік диодтар айнымалы токты түзетуге арналған болып табылады. Токтың түріне және жиілігіне байланысты түзеткіштік диодтар төмен жиіліктік (f = 0,010…100 кГц), жоғары жиіліктік (100…100000 кГц) және импульстік, ерекше болып қарастырылады. Ерекше диодтар деп стабилитрон және тиристорлар аталады. Түзеткіштік диодтардың p-n өтпесінің ауданы ұлкен (жазықтық) немесе кіші (нүктелік) болуы мүмкін. Жазықтық диодтар жиіліктері кіші мәндері жоғары токтарды түзетуге арналған, ал нүктелік диодтар жиіліктері жоғары, мәндері кіші токтарды түзетуге арналған. 14.1суретте диодтың : а) – шартты белгісі; б) – структуралық сұлбасы және в) – вольтамперлық сипаттамасы келтірілген. p-типті шала өткігіштікке жалғанған электрод (А) анод деп аталады, ал n -типті шала өткігіштікке жалғанған электрод,– катод (К) деп аталады. Диод токты анодтан катодқа қарай өткізеді.

а) б) в)
14.1 сурет
Түзеткіштік диодтар рұқсат етілген тура Iтур ,Uтур және кері Iкер ,Uкер шамалармен сипаталады.
Стабилитрон – кернеуді тұрақтандыру үшін қолданылады. Бұл диодтарда бір Uст кернеу мәні кезінде электрлік тесу көшкіндік тесу p-n өтпеде бүлдірмейтін құбылысы пайданылады. Ток Iст.мин ден Iст.max дейін өзгерсе да кернеу өзгермейді. Стабилитрон тоғының шамасын шектеу үшін оған тізбектеп кедергісі Rшек резистор жалғанады. Стабилитрон тура бағытта қосылса ол диод сияқты істейді. 14.2 суретте стабилитрондың шартты белгісі және вольт-амперлық сипаттамасы келтірілген. 14.3 суретте қарапайым стабилизатордың схемасы көрсетілген. Стабилитрондарды Uст кернеуі және Iст тоғы бойынша таңдайды. Rшек кедергіні анықтауда кернеудің өзгеруі токты Iст.мин дейін Iст.max өзгеруі шектеріне сәйкес келетін шарт бойынша
есептейді.

12.2 сурет 14.3 сурет
Тиристор – бұл басқарылатын диод, анодтан катодқа бағытталған Uтур тура кернеу және Iб басқарушы токтың импульсі әсерінде диод ашық күйіне өтеді. Тиристор өткізгіштігі әртүрлі төрт қабатты шала өткізгіштіктерден және үш анод (А), катод (К), басқарушы электрод (УЭ) электродтардан құрастырылады. Тиристордың шартты белгісі, құрамасы және вольт-амперлық сипаттамасы 14.4 суретте келтірілген.

а) б) в)
14.4 сурет
Тиристордың негізгі параметрлері:
– рұқсат етілген кері кернеу Uкері.max;
– тура кернеу Uтур;
– рұқсат етілген тура орташа ток Iтур ор;
тиристорды қосу уақыты tқосу және ажырату уақыты tажыр;
–тиристорды ашық күйінде ұстау тоғы Iус.
Симметриялы тиристор – бұл симистор. Симистордың шартты белгісі мен вольт-амперлық сипаттамасы 14.5 суретте келтірілген.
Симисторлар токты екі бағытта – тура және кері бағыттарда өткізе алады.

14.5 сурет
Тиристорлар және симисторлар кернеулерді реттейтін және күшті түрлендіретін жабдықтарда қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет