психологиялық механизмі ретінде қарастырады. Олар организмді белсенділікке
ынталандырып, оның қоршаған ортамен ӛзара қатынасын оятады және реттейді деді.
А.Н.Леонтьев, Б.И.Божович эмоциялардың дамуы мінез-құлық мотивтерінің
дамуымен, баланың жаңа қажеттіліктерімен қызығушылықтарының пайда болуымен
тығыз байланысты екенін кӛрсетеді.
Я.Рейковский эмоциялар адамның әрекетін реттейді деп есептейді. Яғни
эмоционалды процестердің дұрыс жүрмеуі психиканың ауытқуларының бастамасы
болып табылады.
О.К.Тихомирова ойлау іс-әрекетін дәл эмоциялар реттейді деп есептеген. Ол
лабораториялық үлгілерде ойлау тапсырмаларын шешу барысында пайда болатын
эмоциялардың пайда болу жағдайы және қызметерін шешуді ұсынған.Сонғы
жылдардың эмоцияны әлеуметтік психологияның ӛкілдері эмоцияларды вербалды
емес қарым-қатынас рӛлінде зерттеді.
Тұлға
психологиясы
эмоциялармен
сезімдерді
басқа
мотивациялы
құрылымдарын байланысына алатын жолдарын кӛрсетіп, аффектімен күйлердің
тұлғаның қызмет етуімен байланысы жайлы білімдерімізді толықтыра түседі.
Сонымен бұл мәселе психологияда кеңінен жан-жақты қаралып жатыр деуге болады.
Бірақ қазіргі кезде біздің қоғамызда әлеуметтік, саяси және экономикалық,
нарықтық жағдайларға байланысты эмоция мен сезімдер мәселесін кең тұрғыда
зерттелудің қажеттілігі талап етілуде
Достарыңызбен бөлісу: