1. ДӘріс сабақтары дәріс № Картография пәні оның зерттеу әдістемелері



бет9/58
Дата17.10.2023
өлшемі1,29 Mb.
#117690
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   58
Байланысты:
1. ДӘріс сабақтары дәріс № Картография пәні оның зерттеу әдістÐ

3.Эратосфеннің градустық өлшемдері
Ал біздің эрамызға дейінгі II ғасырда Эратосфен Киренский Асуан (Сиена) мен Александрия
аралығындағы меридианның кесіндісін (доғасын) градусын (бұрыштық қашықтығы) жергілікті
жерде өлшеп, меридианның бір градусының ұзындығы 110,6 км тең екендігін есептеп шығарған.
Мұның өзі шын орташа өлшеміне (111,2 км) жақын келеді.
Бұрышты өлшеу Эратасфеннің өзі ойлап тапқан скафис аспабы арқылы өлшенді.
Александриядағы күн сәулесінің құлау бұрышы зениттік бұрыштан 7°12'-қа ауытқыды.
Екі қала аралығындағы меридиан ұзындығы анықталды. Ол кезде гректер ара қашықтықты
стадиямен өлшейтін.(Стадия- ол 125 қос адымның немеме 192,2 м-ге тең өлшем бірлігі) Екі қала
аралығы 5000 стадия болды. 5000 стадиядағы доға 7°12'-қа сәйкес келетінін біле отырып, үлкен
доғаның 1° шамасын анықтау қиын емес еді, соңынан радиус пен меридиан ұзындығы есептелді.
Эратасфен өлшеген Жер радиусы 6120 км (6371 км), экватордың ұзындығы 39 500 км.
Қазіргі кезде біз Жер өлшемін айтқанда Ф.Н. Красовскийдің эллипсоид өлшемін қолданамыз.


Ф.Н.Красовскй эллипсоиды өлшемдері

1-ші кесте

Жер эллипсоиды элементтері



Өлшемдері


Үлкен жарты шеңбер (экваториялдық радиус)- а


6 378 245 м


Кіші жарты шеңбер (полярлық радиус)-b


6 356 863 м


Сығылуы

1:298,3

Шар түріндегі, Жердің орташа радиусы


6 371 117,7 м


Меридиан ұзындығы


40 008 548 м


Экватор ұзындығы


40 075 704 м


Жер беті


510 083 000 км2


Жер көлемі


1 083 320 000 000 км3







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет