1. ДӘріс сабақтары дәріс № Картография пәні оның зерттеу әдістемелері



бет10/58
Дата17.10.2023
өлшемі1,29 Mb.
#117690
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   58
Байланысты:
1. ДӘріс сабақтары дәріс № Картография пәні оның зерттеу әдістÐ

4.Глобус-Жер моделі
Глобус –Жер шарының моделі, ол бүкіл Жер беті бейнесінің геометриялық ұқсастығы мен
аудандарының арақатынасы дұрыс сақталып жасалады. Глобусты жасағанда 1:30 000 000,
1:80 000 000 масштаб жиі қолданылады. Картографиялық мазмұны жағынан Глобус алуан түрлі.
Неғұрлым көп қолданылатындар: физгеографиялық және рельефтік. Алғашқы физгеографиялық
глобусты 1492 жылы М.Бехайм жасады. 17 және 18 ғасырларда Глобусты теңіз саяхатшылары
пайдаланды.

Дәріс № 4. Географиялық карталар туралы жалпы түсінік

4.1.Карта туралы түсінік
Географиялық карта -Жер бетіінің кішірейтілген жинақы күйде жазықтықта бейнеленуі.
Бұлайша бейнелегенде, әуелі картаның қандай мақсатқа арналатыны ескеріледі, табиғат
және қоғамдық құбылыстардың орны, олардың бір-бірімен ұштасуы, байланыстары осы
тұрғыдан іріктеліп алынады. Географиялық картаны жер бетінің чертежі ғана деп есептеу
жеткіліксіз, өйткені ол алуан түрлі табиғат және әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды да
бейнелейді. Географиялық карталарды жасаудың ерекше математикалық заңы болады.
Географиялық картаның бірнеше ерекшелігі бар: Бірінші, картографиялық проекциялардың
көмегімен карта жасау жер бетіндегі объектілердің орны, пландағы мөлшері және пішіні туралы
дәл деректер алуға мүмкіндік береді.

Екінші, картографиялық белгілерді картаның ерекше тілі ретінде пайдалану:
а) жер бетінің бір бөлігін, немесе оны түгел қамту үшін қажетті масштабта кішірейтіп алуға
мүмкіндік береді және картада алынған масштабта кішірейтіп көрсетуге келмейтін, ал өзінің
маңызы жағынан қалдырып кетуге болмайтын объектілерді көрсетуге жағдай жасайды. ә) картада
жер бедерін көрсетуді, яғни белгілі бір жердің ойлы-қырлы екендігін кескіндеуді жеңілдетеді;
б) Географиялық картада заттардың сыртқы бейнесімен қатар, олардың ішкі қасиеттерін де
(мысалы, теңіз картасында судың физико-химиялық қасиеттерін, ағыстарды т. б.) көрсету оңайға
түседі;

в) адамның сезім мүшелері қабылдай алмайтын құбылыстардың (магнит бұрылысы, ауырлық


күшінің аномалиясы т. б.) таралуын, тікелей көруге қиын байланыстар мен қатынастарды (шикізат
көзі мен оны өңдейтін кәсіпорындардың арасындағы) көрнекі түрде көрсетуге болады;
г) жеке объектілердің ұсақ-түйек жақтарын алып тастап, бәріне ортақ және ең маңызды
белгілерін (елді мекендерді халқының саны мен әкімшілік маңызы жағынан сипаттау)
көрсетуді оңайлатады, яғии абстракция әдісін қолдануға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет