3-ші сурет. Жер эллипсоиды ( Т.Қалыбеков бойынша) Геоид пішіні күрделі, дегенмен осы фигура жалпы сфероидқа, яғни PQ1 P1Q (3-ші сурет)
эллипстің РР1 төңірегінде айналуынан шығатын айналу эллипсоидына жақын. Сфероид бетін
РР айналу осі арқылы өтетін жазықтықтармен қиғанда меридиандар деп аталатын эллипстер
(РК Р1 К1) пайда болады. РР1 айналу осіне перпендикуляр жазыктық қималар параллель
шеңберлерін түзеді. Сфероидтың центрі (0) арқылы өтетін жазықтық параллель QKQ1K1
экватор деп аталады. Экватордың QQ1 =а радиусы және ОР =b кесіндісі сфероидтың үлкен
және кіші жартылай осьтерін құрайды. α= (а—b)/а шамасы сфероидтың сығылушылығы
деп аталады. а, b және α шамаларын градустық өлшеулер арқылы анықтауға болады, ол үшін
меридиан доғасының ұзындығын әрбір 1° сайын өлшеу керек. Меридианның әр түрлі жеріндегі
градустың ұзындығын біле отырып, жердің пішіні мен көлемін анықтауға болады.
Жердің фигурасына мейлінше жақын келетін эллипсоидты жер эллипсоиды деп атайды. Жер
эллипсоидының көлемдерін анықтау үшін жер бетінің барлық жерінде геодезиялық өлшеулер
жүргізілуге тиіс. Әзірше мұндай өлшеулер толық жүргізілмегендіктен, жер эллипсондының дәл
параметрлерін анықтауға мүмкіндік болмай отыр. Осы орайда кейбір елдерде геодезиялық
өлшеулерді өңдеу барысында геодезиялық жұмыстардың нәтижелері бойынша шығарылған өз
эллипсоидтары колданы-лады; олар сол елдің немесе бірнеше елдің территориясын толық не
ішінара қамтиды. Осындай эллипсоид референц-эллипсоид деп аталады. Референц-эллипсоид
дегеніміз нақты бір елде геодезиялық елшеулерді өңдеу үшін қолданылатын, жер денесінде
белгілі түрде бағдарланған, нақты көлемі анықталған эллипсоид.
Жер эллипсоидьшың көлемін әлденеше рет әр түрлі елдердің ғалымдары анықтады.
1946 жылға дейін ТМД-да 1841 жылы неміс ғалымы Ф. В. Бессель есептеп шығарған жер
эллипсоидының көлемі қолданылды (а = 6377 397 м, b = 6356079 м, α =1:299,2). 1945 жылдан
бастап геодезиялық және картографиялық жұмыстар үшін Ф. Н. Красовскийдің референц-
эллипсоидының мынадай көлемдері бекітілді: а=6378245 м, b= 6356863 м, α = 1 :298,3.
Батыс Европаның және АҚШ-тың гравиметриялық және астрономиялық материалдарының
өңдеуден алынған градустық өлшеулері осы эллипсоидтың көлемдері қолданылған
материалдардан аумағы жағынан да, оларды өңдеудің дәлме-дәлдігі жағынан да неғүрлым
басымырақ болып табылады.
Көптеген есептерді шығарғанда сфероид сығылушылығының аз (α=1 :300) болғандығынан
жердіқ фигурасы үшін радиусы 6371,11 км сфераны қолдануға болады. Кейбір жағдайларда,
жер учаскелерінің ұзындықтары 20—30 км-ден аспаған кезде, жердің сфералылығын елемеуге
де болады.