1. ДӘріс сабақтары дәріс № Картография пәні оның зерттеу әдістемелері


Дәріс № 8 Картографиялық генерализация



бет33/58
Дата17.10.2023
өлшемі1,29 Mb.
#117690
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   58
Байланысты:
1. ДӘріс сабақтары дәріс № Картография пәні оның зерттеу әдістÐ

Дәріс № 8 Картографиялық генерализация.
Географиялық объектілерді картада кескіндеудің толықтығы, дәлдігі масштабқа байланысты.
Тіпті ірі масштабты карталардың өзінде де жер бетін екжей-текжейіне дейін түгел кескіндеу
мүмкін емес.Өйткені,картадағы мөлшері диаметрінде 2 мм дөңгелекшенің өзі жер бетінде едәуір
учаскені алады. Мәселен, 1:100 000 масштабты картадағы мұндай дөңгелекшеге жер бетінде 3 га
артық аудан; мектеп атласында 1:25 000 000 масштабта 2 мың км2, яғни бірнеше ірі қала сыйып
кететін территория сәйкес келеді. Мәселен, Москва 900 км2 ауданды қамтиды. Демек, картаның
масштабы неғұрым ұсақ болған сайын, онда жер бетінің екжей-текжейі соғұрлым аз көрсетіледі.
Карта жасағанда, біріншіден, сол картаның масштабында көрсетуге болатын объектілерді,
екіншіден,жер жағдайын сипаттай алатын ең маңызды объектілерді таңдап алады. Геогрфиялық
объектілер мен олардың пішіндері ірі масштабты карталарда барынша толық және екжей-
текжейлі кескінделеді. Масштабты кішірейткенде жер бетіндегі екжей-текжейлерді қалдырып,
жинақтауға тура келеді.Бұл қосымшадағы топографиялық карталардың үлгілерінен Баратоево
поселкесі мен оның төңірегіндегі жер бетінің екжей-текжейін-объектілер мен әр түрлі
құбылыстарды кескіндеудегі өзгерістерді қараңдар. Геогрфиялық объектілерді картада кескіндеу
үшін іріктеп және жинақтап алуды картографиялық генерализация (жинақтау) дейді.




Шартты белгілер. Жалпы географиялық карталарда әр түрлі географиялық объектілерді
кескіндеу үшін арнаулы шартты белгілер қолданылады.Олардың карта масштабында көрсетуге
келмейтіндері масштабтан тыс шартты белгілер деп аталады. Ірі және орта масштабты карталарда
ондай шартты белгілермен заводтар, фабрикалар, диірмендер, электр станциялар, аэродромдар,
ескерткіштер, сондай-ақ құдықтар, жеке-жеке ағаштар, жол көрсеткіштері және басқа объектілер
белгіленеді.Олар пішіні кескіндейтін затына ұқсас келетін жай суреттер немесе геометриялық
фигуралар түрінде болады (оқулықтың соңындағы топографиялық картадан шартты белгілерін
қара).Ал аудандары мен ұзындықтарын картаның масштабында кескіндеуге болатын объектілерді
белгілеу үшін аудандық (контурлық)және сызықты деп аталатын ерекше шартты белгілер
қолданылады. Аудандық белгілермен орман алқаптары, шалғын, көл, батпақ, және басқа
объектілер көрсетіледі.Сызықты белгілер өзен, жол, труба құбырларын белгілеу үшін
пайдаланылады. Масштабта сызықты белгілер осы объектілердің ұзындығын ғана көрсете алады.
Ал объектілердің ені үлкейтіліп беріледі, сондықтан оны картадан өлшеуге болмайды.
Мәселен, 1 : 100 000 масштабтағы картада көрсетілген темір жолдың ені оның нақтылы енінен
10 еседен асып түседі. Сол себептен де ұсақ масштабты картадан тіпті Волга сияқты ірі
өзендердің де енін өлшеуге болмайды. Бұлардан басқа түсініктеме шартты белгілер де болады.
Олар объектінің сипаттамасын толықтырып тұрады.Мәселен, өзендегі стрелка ағыстың бағытын
көрсетеді, орманның контурындағы ағаштың (жапырақты немесе қылқанды) суреті белгілі бір
ағаш тұқымының басым екендігін білдіреді.
Топографиялық карталарда көрсетілген обьектілерге қосымша анықтама беру үшін
түсіндірме шартты белгілер қолданылады. Мысалы, көпірлердің ұзындықтарымен жүк
көтерімділігі, өзендердің ағыс жылдамдықтары, өткелдің тереңдігі мен түбі, елді қоныстағы үй
саны, ормандағы ағаштардың орта биіктіктері мен жуандықтары және түрі т.б. Түсіндірме
шартты белгілер түрлі жазулар мен цифрлармен көрсетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет