1. ДӘріс сабақтары дәріс № Картография пәні оның зерттеу әдістемелері



бет35/58
Дата17.10.2023
өлшемі1,29 Mb.
#117690
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   58
Байланысты:
1. ДӘріс сабақтары дәріс № Картография пәні оның зерттеу әдістÐ

10.2.Құбылысты бейнелеу әдісі
Картадағы әрбір құбылыстарда белгілі бір сапалық және сандық көрсеткіштері бойынша
бейнеленеді, олар сапалық сипатта немесе карта аңызында түсініктеме ретінде көрсетіледі.
Құбылыстардың сапалық сипаты 2 тұрғыдан қарастырылуы мүмкін
1.Карталаудың критерийі болып құбылыстар арасындағы әртүрлі сапалық жағдайдың
ұқсастық белгілері алынады.(Мысалы, гидрологиялық карталарда бассейндер бойынша бөлу бар,
олар өз кезегінде гидрологиялық режимнің ұқсастық дәрежесіне қарай сәйкес типтерге бөлінеді.
2.Критерий болып әртұрлі сандық жағдайдың түрліше болуы немесе ұқсастық емес белгілері
алынады. (Мысалы, этнографиялық карталар)
Сандық сипаттамалар жиынтық шамалары (халық саны), немесе салыстырмалы (халықтар
тығыздығы), немесе нақтылы сандық көрсеткіштер арқылы көрсетіледі.Сонымен тақырыптық
карталарда түрлі құбылыстар мен олардың орналасу ерекшелігі көрсетіледі. Бұл құбылыстар
нүкте, сызықтар, аудандарбойынша таралуы немесе тұтас, шашыраңқы түрде болуы мүмкін.
Карталарда оларды бейнеленудің арнайы әдістері болады.


10.3. Белгілік(таңбалық) әдіс.
Бұл әдіс өзінің қарапайымдылығы және графикалық дәлділігі жағынан тақырыптық
карталарда жиі қолданылады. Белгілі бір пунктерге шоғырланған құбылыстарды, мысалы жеке
кәсіпорындар, пайдалы қазбалардың кен орындарын көрсету үшін қолданылады.
Шартты белгілер формасы, түсі, мөлшері бойынша ажыратылады. Түс пен форма сапалық
сипатты, ал мөлшері сандық сипатты көрсетеді (30-сурет)
Формаларына қарай төменгідей түрлерге бөлінеді:


1.Геометриялық белгілер, геометриялық фигуралар түрінде көрсетіледі.Бұл бейнелеу әдісі
қарапайым және көрнекі, олар геометриялық орталығы бар жергілікті жерде орналасқан
обьектілердің орнына сәйкес келеді, дегенмен мұндай фигуралар шектеулі ғана.
2.Әріптік белгілер.Бұлай бейнелеудің қиындығы, бір әріп бірнеше обьектілерді көрсетуі мүмкін.
Адамдар баспадан шыққан карта тілін білмегендіктен бұл белгілер түсініксіз болуы мүмкін
(мысалы, «темір» қазақша, «железо» орысша, «зелизо» украиншша). Әріптер әр түрлі аумақты
алуы мүмкін, сондықтан бейнеленетін құбылысты бұрмаландыруы мүмкін.

3.Символикалық белгілер. Обьектілердің өзіндік сипатын білдіреді.: мысалы, ас тұзы -тұз
кристаллдары; мұнай кен орындары- мұнай құбыры түрінде. Бірақ, барлық обьектілер үшін
мұндай символдар қолдану мүмкін емес.
3.Көркемді белгілер ұсақ суреттер түрінде көрсетіледі.Мұндай белгілер мектеп карталары мен
карта-плакаттарда қолданылады.Белгі аумағы құбылыс санына пропорциональды болса, яғни
құбылыстың абсолюттік масштабы туралы айтуға болады.
Құбылыс көрсеткіш санына пропорциональды болатын белгі мөлшерін анықтау үшін,
алдымен масштаб негізін анықтап алу керек.
Масштаб негізі дегеніміз 1 мм белгі аумағына сәйкес келетін құбылыс саны. Масштаб негізіне
үшбұрыш биіктігі, квадрат жақтары, шеңбер диаметрі алынады.
Мысалы, электостанцияны қуатының күштілігіне сәйкес дөңгелек түрінде бейнелеу қажет
делік. Шартты түрде диаметрі 1 мм дөңгелек 500кВт қуатты электростанцияны көрсетеді. Бұл
болашақта бейнеленетін электростанциялар аумағын анықтауға сәйкес алынатын масштаб негізі
( дәл осылай квадрат жақтары мен үшбұрыш биіктіктері де 1 мм болуы мүмкін). Белгі ауданы
құбылыс шамасы көрсеткіштеріне пропорционал болуы керек.
Белгі шамасы бір элемент шамасы анықталғанан кейін, 1 мм элементке ұқсас төменгідей
формула бойынша анықталады:
а=
мұндағы, А-құбылыс шамасы; М- масштаб негізі; а-сызықтық белгі мөлшері.
Мысалы, Қала тұрғындары картасын құру қажет. Масштаб негізіне 5000 тұрғынға сәйкес
белгі ретінде квадрат алынады. Егер қалада тұрғылықты халық саны 846 393 болса, квадрат
қабырғалары (а) неге тең екенін анықтау қажет. Есептулер бойынша ол картада квадрат
қабырғалары 13 мм тең етіп белгіленеді:
а=
Карта аңызында міндетті түрде масштаб негізі шамасы көрсетіледі: мысалы, дөңгелек

диаметрінің 1 мм құбылыстың белгілі бір өлшемін көрсетеді.


Абсолюттік масштабтың құндылығы оның дәлділігі, бірақ ол картаның тез қартаюына себеп
болады. Бұл жағдайды болдырмаудың жолы- графикалық шартты шкаланы қолдану (еркін
масштаб).
Графикалық шартты шкаланы құру үшін шартты белгінің ең үлкен және ең кіші мөлшері
анықталады, ал қалған шамалар осылардың араларында қалады.
Көп жағдайларда сандық көрсеткіштердің интервалдары қолданылады; әр интервалға
белгілі бір шама белгісі сәйкес келеді.
Интервалдар әр түрлі болады:
1.Тең интервалдар.
2.Қайталанатын интервалдар.
3.Интервалдар сәйкестігі.
Белгілер қарапайым және құрылымды болады (обьект құрылымына пропорциональды
бөліктерге бөлінеді). Мысылы, шеңбер обьектіні толық көрсетсе, ал оның ауданы 100% сәйкес
келеді. Ол радиус бойынша бөлінеді: 1%- сектор ауданы, ол 3,6° доғаға негізделеді. Квадрат
белгілер 10х10=100% сәкес келеді (31ші сурет).
Белгілік әдіспен құбылыстар динамикасын нақтылы жағдайын көрсетуге болады (орталығы
бар өсінділер, 32- ші сурет).

Локальды диаграммалар. Бұл диаграммалар белгілі бір пункт, нүкте, аудандарға арналған. Бұл
әдіс маусымдық және кезеңдік құбылыстар сипатын көрсету үшін қолданылады. Көбінесе,
температураның жылдық жүрісі, ай сайынғы жауын-шашын мөлшері, қар жамылғысы
динамикасы, өзеннің жылдық ағысының таралуы, желдің күші мен жылдамдығын көрсету үшін
қолданылады.
Картодиаграмма. Бұл картадағы құбылыстар шамасын диаграммалық фигуралар көмегімен
көрсету әдісі- территорияға бөлінген торларда орналасқан еркін белгілер. Картодиаграммалық
әдіспен территорияны әкімшіліктерге бөлуде қолданылады. Белгілік әдістен диаграммалық
фигуралардың айырмашылығы, олар тек жеке обьектіні емес, белгілі бір аудандағы құбылыстар
шамасының жиынтығын- дөңгелек, квадрат, үшбұрыш белгілері түрінде көрсетеді. Бұл әдіс
экономикалық географияда жиі қолданылады, себебі белгілер жеңіл есептелінеді, диаграмма
құрастыруға болады, көрнекі және нақтылы (35-ші сурет).
Картограмма.Картада құбылыстар шамасы абсолюттік емес салыстырмалы түрде бейнеленеді
(мысалы, халықтар тығыздығы). Бұл әдістің маңыздылығы, территориялық бөліну торында аудан
шегіндегі құбылыс сипатамасының географиялық өзгешелігі қарқынды бояу немесе штрих
түрінде көрсетіледі.Шартты түрде бұл аудан біртекті болып қабылданады (36-ші сурет).
Құбылыстардың сандық дәрежелері сатыланып көрсетіледі. Әр сатыға өзіндік бояу немесе
штрих сәйкес алынады. Картадағы саты саны 8-10-нан артық болмауы керек. Шкала әртүрлі
болуы мүмкін (37-ші сурет).Құбылыстың салыстырмалы шамасы көп болған сайын, бояу түсі де
қарқынды болады.
Картограмма әдісін қолданғандағы басты шарт- картадағы аудандарды бейнелеуде боядың тек
бір түрін қолданы (қарқындылығы әртүрлі).

Аралдар әдісі (латын тілінен аударғанда area-аудан).Бұл әдіс арқылы картада кескінделенетін
құбылыстардың таралу ауданы көрсетіледі. Аудан контур немесе бояу және штрих түрінде
суретті пайдалану арқылы көрсетіледі.Аралдар әдісі карталарда маңызды құбылыстар аудандарын
карта масштабына сәйкес көрсетуде қолданылады. Бұл әдіс өзінің қарапайымдылығы және
айқындылығына байланысты кеңінен қолданылады. Белгілік әдістен айырмашылығы белгілі бір
нүкте емес бүтіндей территорияны көрсетеді, мысалы, ауыл шаруашылық жерлер, дәрілік
өсімдіктер ареалы т.б. Ареалдар абсолюттік- құбылыстар контуры шектеулі тек осы ареал ішінде
және салыстырмалы- құбылыстардың ең көп шоғырланған жерлері.

Әр түсті немесе сапалық фон әдісі кескінделетін територияны тек белгілі бір көрсеткіші немесе
сапалық сипаттағы біртекті көрсеткіштері жиынтығы арқылы жеке бөліктерге бөлгенде
қолданылады. Барлық бөліктер не әр түрлі түске боялады немесе штрихтау арқылы ерекшелінеді.
Мәселен, саяси карталарда әр түрлі түспен мемлекеттердің территориялары, ал ТМД-ның
саяси-әкімшілік карталарында-одақтас республикалардың территориялары боялады.
Тақырыптық карталарда сапалық фон әдісімен өсімдік, топырақ зоналары, тау жыныстарының
жасы, ауыл шаруашылығына пайданылатын жерлер көрсетіледі.
Қозғалыс сызықтары. Мұндай сызықтармен, көбінесе стрелкалармен, карталарда ауысу бағытын,
мәселен, жүктердің темір жол, тас жол және басқа жолдармен тасылуын, теңіз қатынас жолдарын,
авиа жолдарды және т.б. көрсетеді. Қалыңдығы және түсі әр түрлі сызықтармен қозғалыстың
сандық және сапалық сипаттамалары беріледі. Мәселен, қызыл және көк сызықтармен және
стрелкалармен теңіздер мен мұхиттардағы жылы және суық ағыстар кескінделеді, жыл
мезгілдеріндегі желдердің бағыты көрсетіледі.

Стрелкалар әр түрлі жағдайларда қолданылады. Стрелкалар экономикалық карталарда
тасымалдау бағытын, синоптикалық карталарда желдің бағыты мен күшін көрсетеді Егер
стрелкалар жолақтардағы қозғалыстарды көрсетсе, оларды бірнеше қатар етіп көрсетеді
(мысалы, теңіз ағыстары).

Сызықтармен картадағы саяхатшылар маршрутын, темір және теңіз қатынас жолдарын көрсетеді.
Сызықтар сапалық көрсеткіштерді сипаттауда қолданылады, олар сандық мазмұн бергенде
масштабты анықтап оны сақтау қажет. Мысалы, тасымалдануды белгілегенде 2 мм қалыңдықтағы
сызықтарға 100 тонна тасымалданатын жүк сәйкес келеді, ал 0,5 мм –ге 10 тонна т.с.)-(38-шы
сурет). Карта мен атластарды құрастыру көздері



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет