Цилиндрлік проекциялар — меридиандары тең қашықтықпен өтетін параллель түзу сызықтармен,
параллельдері меридиандарға перпендикуль түзу сызықтармен кескінделетін проекциялар. Бұлар
экватордың не белгілі бір пареллельдің бойындағы ауданды бейнелеуге қолайлы. Теңіз қатынасы
карталарын сызуға М е р к атордың тең бұрышты цилиндрлік прое к ц и я с ы қолданылады.
Гаусс — Крюгер проекциясы — тең бұрышты, көлденең, цилиндрлік.
Картографиялық проекциялар — топографиялық карталар жасауға және триангуляция деректерін өндеуге пайдаланылады. Конустық проекциялар — параллельдері концентрлік
шеңберлермен, меридиандары ортогональдік түзу сызықтармен кескінделетін проекциялар. Бұл
проекцияларда бұрмалану бойлыққа байланысты болмайды, сондықтан параллельдер бойымен
орналасқан аудандарды бейнелеуге қолайлы келеді, сондай-ақ, геодезиялық проекция ретінде де
қолданылады.
Азимуттық проекция лар — параллельдері коңцентрлік шеңберлер, меридиандары
параллельдердің радиустары болып келетін картографиялық проекция. Оларда меридиандардың
арасындағы бұрыш тиісті бойлықтардың айырымына тең болады. Азимуттық проекциялардың
жеке түріне перспективтік проекциялар жатады.
Ж а л ған конустық проекциялар — параллельдері концентрлік шеңберлермен, орта меридианы
түзу сызықпен, қалған меридиандары қисық сызықпен бейнеленетін проекциялар.
Жалған цилиндрлік проекциялар — параллельдері параллель түзу сызықтар-мен, орта
меридианы осы сызыққа перпендикуль түзумен, қалған меридиандары қисық сызықтармен
кескінделетін проекциялар.
Ж а р тылай конустық проекциялар — параллельдері орта меридианды кескіндейтін түзу
сызық бойындағы шеңберлермен бейнеленетін проекциялар. Картографиялық проекцияларды
таңдау және қолдану — сызылатын картаның мақсатына және масштабына байланысты. Өлшеу
есептерін шешуге арналған ірі, орта масштабты карталар тең бұрышты про-екцияларда, ал жалпы
шолу және белгілі бір аумақтар аудандарының арақатысын анықтаушы ұсақ масштабты карталар
тең шамалы проек-цияларда жасалады. Картографиялық проекцияларды таңдағанда қарапайым
проекциялардан бастап, күрделі проекцияларға көшеді. Картографиялық проекциялар теңіз
қатынасында, аспан денелерін картаға түсіруде, т.б. ғылым салаларда да пайдаланылады.