9.1. Географиялық карталардың маңызы. Географиялық карталарда жер беті кішірейтілген түрінде картографиялық проекциялар мен
шартты белгілердің көмегімен кескінделеді. Карта бойынша жер беті немесе оның бөлігі туралы
дұрыс түсінік алуға болады.Халық шаруашылығының көптеген ғылыми және практикалық
мәселелері солардың жәрдемімен шешіледі.Оның үстіне карта соғыс ісінде кеңіне қолданылады.
Олар сонымен қатар құрылысты жоспарлағанда және жобалағанда,геологиялық зерттеулер
жүргізгенде,жол ісінде,теңіз және әуе навигациясына,космосқа ұшқанда қажет. Географиялық
карталар сан алуан мақсатта қолданылатындықтан,оларды әр түрлі масштабта және әр түрлі
мазмұнмен дайындайды.
9.2.Картаны масштабына қарай айыру. Масштабына қарай карталар ірі,орта және ұсақ масштабты деп бөлінеді.
Ірі масштабты карталарға масштабы 1:200 000-нан ірі ( 1:10 000, 1:25 000, 1:50 000,
1:100 000) карталар жатады.
Оларда жер беті екжей-текжейлі кескінделеді,өйткені олар территорияны жете зерттеуге,
жер бетінде бағдарлауға,өлшеулер мен есептеулерді масштабтың мүмкіндігінше барынша дәл
жүргізуге арналған.Ірі масштабы жалпы географиялық карталар топографиялық карталар деп
аталады.
Орта масштабты карталарға масштабы 1:200 000-нан 1:1 000 000 дейінгі (1:1 000 000 қоса)
карталар жатады. Олар көлемі едәуір территрияларды жалпы зерттеуге және ерекше дәлдікті
талап етпейтін өлшеулер мен есептеулер үшін қолданылады. Мұндай карталарды
топографиялық шолу карталары деп атайды. Жер бетін миллион еседен артық кішірейтіп
кескіндейтін карталар ұсақ масштабты географиялық карталар деп есептелінеді.Олар көлемді
территорияларды зерттеуге арналады.
Дәріс № 10.Тақырыптық карталар
10.1.Тақырыптық немесе арнайы карталар деп физико-географиялық, әлеуметті-экономикалық
немесе басқа сипаттағы құбылыстарды бейнелеуге арналған карталарды айтамыз.
Олар жалпы географиялық картаның мазмұнына кіретін белгілі бір элементті (мыс, жер
бедерін) өте толық және жан-жақты баяндайды немесе жалпы географиялық картада жоқ
құбылыстарды (белгілі бір жердің геоллгиялық құрылысын, климат жағдайын т. б.) көрсетеді.
Арнаулы карталардың графикалық образы екі «қабаттан» тұрады: географиялық негіз және
арнайы жүктемелер.
Географиялық негіз – территорияның географиялық жағдайын бейнелеу. Географиялық негіз
жалпы герграфиялық карта мазмұнының кейбір элементтерінен тұрады, олар- гидрографиялық
жүйе, елді мекен, саяси-әкімшілік рубеж, дегенмен олар бағынышты маңыздылықта болғандықтан
генерализацияланған. Тақырыптық карталардың географиялық негіз мазмұны арнайы
жүктемелермен байланыстырылған. Геологиялық карталарда, мысалы, гидрография элементтері,
экономикалық карталарда –елді-қоныстар, жолдар желісі т.б. толығымен көрсетілген.
Арнаулы жүктемелер құбылыстарды түрлі әдістер көмегімен көрсетеді.
Тақырыптық карталар классификациясы.
1.Тақырыбы бойынша:
Физико-географиялық;
әлеуметтік-географиялық;
техникалық (инженерлік, жерге орналастыру, теңіздік, навигациялық).
2.Толық сипаттама белгілері бойынша:
жалпы (мысалы, геологиялық карталарда құбылыстар тұтас көрсетіледі);
жекеше (құбылыстар бір жақты көрсетіледі, мысалы төрттік шөгінділер).
3.Сипаттамалар мен көрсеткіштерді қорытындылау дәрежесіне:
аналитикалық (карталар нақтылы көрсеткіштері бойынша құрылады, мысалы: жауын-шашын,
қар жамылғысы биіктігі);
синтетикалық (құбылыстар тұжырымдау көрсеткіштері бойынша сипатталады, мысалы:
климаттық карталарда) кешенді (белгілі бір байланыстағы құбылыстар көрсетіледі, мысалы:
ландшафтық және экономикалық).