1-дәріс. Сауат ашу әдістемесінің теориялық негіздері Негізгі мәселелер: Бастауыш білім берудегі сауат ашу үдерісі «Сауат ашу әдістемесі»


-дәріс. Сауат ашуды инновациялық тұрғыда ұйымдастыру



бет16/18
Дата19.10.2022
өлшемі106,39 Kb.
#44249
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
13-дәріс. Сауат ашуды инновациялық тұрғыда ұйымдастыру
Негізгі мәселелер:

  1. Оқыту үдерісін инновациялық тұрғыда ұйымдастыру жөнінде түсінік

  2. Сауат ашуды инновациялық тұрғыда ұйымдастыру жолдары



14-дәріс. Сауат ашуды креативті тұрғыда ұйымдастыру
Негізгі мәселелер:

  1. Болашақ маманның креативтік жұмысқа дайындығы

  2. Әліппеде қолданылатын креативті тапсырмалар

Ғылымда «креативтілік» ұғымын «шығармашылық» деген ұғыммен салыстыра қарап, арасына тең мағыналы деген белгі қойылып жүргені де белгілі. Осы екі ұғымды зерттеген еңбектерді теориялық талдау барысы олардың арасындағы айырмашылықтар бар екенін және олардың өзіндік белгілерін айқын тануға мүмкіндік береді.
Шығармашылық ұғымы белгілі бір ерекшелігі бар және белгілі бір өнімді нәтиже ретінде тудыратын үдеріс ретінде танылса, креативтілік ұғымы адамның ішкі жан-дүниесінің ресурсы ретінде танылады. Екеуінде де қайта өзгеру сәті орын алатыны анық десек, креативтілікте қайта өзгеру субъектінің білім жүйесі мен құндылықтарына қатысты болады, ал шығармашылықта әлеуметтік-мәдени қатынастар жүйесінің кейбір бөлігіне, нормаларға, құндылықтарға, білімге, іс-әрекет тәсілдеріне қатысты болу орын алады.
Бастауыш сынып мұғалімі педагогтік кәсібін атқара отырып,оны әрдайым жетілдіру туралы мақсат қойып отыратыны белгілі. Педагог өз қызметінің қырларын жан-жақты жетілдіру мен жақсартуға екі түрлі жолмен қол жеткізіеді. Біріншіден, белгілі болған нақтылықтарды жинақтап, қосып, кәсіби қызметін атқаруға деген көзқарасын жетілдіру, екіншіден, өзінің кәсібіндегі бұрынғы позициясынан толық бас тарту.
Жалпы айтқанда, педагогтердің инновациялық әрекетке деген қатынасы әртүрлі болуы мүмкін. Инновациялық қызметті игерудегі мұғалімдердің жеке бас ерекшеліктері олардың тұлғалық креативтілік деңгейімен де анықталады. Креативтілік «Педагогикалық сөздікте» шығармашыл дарындылық, шығармашыл қабілеттілік деңгейі ретінде анықталған.
П.Гилфорд креативтілікті дивергентті ойлау деп анықтаса, Е.Торренс шығармашылықты ойлау үдерісі жаңа, айрықша және ерекше бірдеңе жасау қабілеті деп сипаттайды. Г.Еквалл мен И. Дакерт шығармашылық орта деп, жылы атмосфераны, жақындық сезімін, ұжымның мүшесі ретінде сезінуін, өзара сенімділік пен шыдамдылықты жатқызады (С.А. Нургалиева және т.б.). Е.Торренс жеке адамның шығармашылығын дамытуға және бағалауға тірек болатын төрт компонентті сипаттайды, олар:

  1. шапшаңдық, яғни өте мол идеяларды туындату қабілеті;

  2. икемділік, яғни идеялардың сан түрлілігін туындату қабілеті;

  3. әзірлеме, туындаған идеяны дамыта алу, іске асыру қабілеті

  4. сонылық, яғни дәстүрліден айрықша, өзгеше, сирек кездесетін идеяларды туындату қабілеті.

Болашақ маманның шығармашылық жұмысқа дайындығының мазмұнын білдіретін индикаторларына назар аударсақ:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет