1-дәріс. Сауат ашу әдістемесінің теориялық негіздері Негізгі мәселелер: Бастауыш білім берудегі сауат ашу үдерісі «Сауат ашу әдістемесі»



бет17/18
Дата19.10.2022
өлшемі106,39 Kb.
#44249
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Сауат ашу әдістемесі дәріс 2022

1 деңгей
Базалық

2-деңгей:
Орта

3-деңгей:
Жетілген

4-деңгей:
Сарапшы

Оның жұмысына қатысты жаңа идеяларды генерациялайды



Көптеген жаңа және айрықша идеяларды генерациялайды

Іске қатысты инновациялық идеялар мен әдістерді тауып, әзірлейді



Айрықша идеяларды бірізділікпен генерациялап, оларды өзі үшін, басқалар үшін, жай және күрделі мәселелерді шешуге қолданады

Проблеманы шешудің ескі жолдарын қолданып көреді, бірақ жаңа әдістерді іздейді



Жаңа және неғұрлым тиімді әдістерді іздейді

Жаңа әдістер мен шешімдерді тауып, әзірлейді, қалыптан тыс ойлайды, шашылған идеяларды жинақтай алады, мүлде жаңа, бұрын қолданыл-маған әдістерді қолдануға ұмтылады

Талдау мен тоғыспалы ақпараттарды проблеманы шешуде бір жағдаяттан алып, екінші жағдаятқа қолданады

Болашақ маманның өз кәсібіне дайындығы оның өз жұмысына жаңа ақпаратты, табу, түсіндіру-талдау, сыни тұрғыдан бағалау және интеграциялау, ақпараттар ағынын жинау және басқару, сонымен бірге заманауи ақпараттар технологиясын пайдалана отырып, жаңа ақпарат жасауы арқылы танылады.


Студенттің-болашақ маманның білімі толық және жүйелі болуы тиіс. Университет бітірген түлек өмірлік маңызы бар және кәсіби мәселелермен айналысу барысында теория мен практикада таныс емес құбылыстарды талдай білуі және түсіндіре алуы керек, теориялық және қолданбалы зерттеу әдістерін үйренуі тиіс, зерттеуден дұрыс қорытынды жасай білуі қажет.
Креативтілік, шығармашылық және инновациялық қызметтің өзара байланысын қарастыра келе, шығармашылық жаңа материалдық және рухани құндылықтарды құру үдерісі болып табылатынын, ал креативтілік оның белгіленген үдеріске дайындығы мен қабілетін айқындайтын тұлғаның ішкі әлеуеті болып табылатынын атап өткен жөн. Бұл ретте, шығармашылық үдеріс нәтижелерінің мәні мен әсерін анықтау мүмкін емес. Педагогикалық жаңалықтар жасау және игеру мәні болатын инновациялық қызметте жаңалықтардың маңызды сипаттамасы олардың оқу-тәрбие үдерісіне және жалпы білім беру жүйесіне оң әсерін тигізеді.
2. Әліппені оқытуда қолданылатын креативті тапсырмалар
Бастауыш сынып мұғалімі «Әліппені» оқытуда көптеген типтік оқу міндеттерімен қатар, эвристикалық ізденіс қағидаларына сәйкес, ерекше тапсырмаларды да орындайды. Оларға жағдаяттарды дұрыс бағалау, қол жеткен түйіндерді алдын ала жобалай білу, қолда бар дидактикалық және әдістемелік мүмкіндіктерді талдай білу, қол жеткен мәліметтерді талдап оған баға бере білу, осылардың барлығына дұрыс баға беріп, алдағы келешек мақсаттарды дұрыс түйіндей білу жатқызылады.
Креативтілікті Әліппені оқытудың ерекше қыры ретінде қарастыра отырып, оның табиғатындағы еркіндік максимумын, өмірдің шектеулерін жеңу қажет екенін де назарда ұстау қажет. Креативті құзыреттілік мұғалімді жасампаз тұлғада ұжымдық ретінде емес, жеке басының қабілет, мүмкіншіліктерінің іске асырылуы ретінде қалыптасуын мүмкін етеді.
Ғалымдардың айтуынша, креативті құзыреттіліктің тапқыш болу, комбинациялай білу, дивергенттік ойлау, визуалдық шығармашылық қабілеті жоғары болу, ассоциация жасау қабілеті сияқты қырлары және өзін реттей білу, өзіндік бақылау, эмоциялық тұрақтылық, ерік-жігер қасиеті, қуаныш сезімі, жұмыс істеу қабілетінің жоғары болуы, адамдарға мейірім мен сыйластық сияқты жеке сезімдер коммуникативтік креативтік пен дидактикалық креативтікті синтездеп оқыту үдерісіне онан сайын жетілдіріле түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет