1-дәріс. Сауат ашу әдістемесінің теориялық негіздері Негізгі мәселелер: Бастауыш білім берудегі сауат ашу үдерісі «Сауат ашу әдістемесі»



бет2/18
Дата19.10.2022
өлшемі106,39 Kb.
#44249
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Сауат ашу әдістемесі дәріс 2022

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Сауат ашудың басты мақсаты қандай?

  2. «Сауат ашу әдістемесі» пәнінің мақсаты не?

  3. «Сауат ашу әдістемесі» пәнінің мазмұнын кестеге түсіріңіз.

  4. Баланың психикалық дамуы туралы хабарлама әзірлеңіз.



2-дәріс. Сауат ашу әдістемесінің басқа ғылым салаларымен байланысы
Негізгі мәселелер:

  1. Сауат ашу әдістемесінің психологиямен байланысы

  2. Сауат ашу әдістемесінің педагогикамен байланысы

  3. Сауат ашу әдістемесінің лингвистикамен байланысы

Сауат ашу әдістемесі педагогика, психология, лингвистика ғылымдарымен тығыз байланысқа түсіп, жеке тұлғаның қалыптасуының белгілі бір аспектілерін қарастырады.


1. Сауат ашу әдістемесі психологиямен тығыз байланысты. Психология оқушының психологиялық ерекшеліктерін сипаттайды: жоғары нерв жүйесінің қызметі туралы ілімге сүйене отырып, ол оқытудың әдісі мен тәсілін психологиялық тұрғыда дәлелдеуге көмектеседі. Сөйтіп сауат ашуға байланысты әдістемелік мәселелерді дұрыс түсініп, практика жүзінде шешуге мүмкіндік береді. Оқушының оқу материалын қабылдауы, есінде сақтауы, түсінуі, ойлауының дамуы олардың жан дүниесінің ерекшелігімен байланысты. Осыған орай мұғалім өзінің әрбір оқушысын, оның психикасын, материалды қабылдау және есінде сақтау дағдыларының дәрежесін білуге, жағдай жасайды, оқушыларды жүйелі зерттейтін әдістермен қаруландырады. Оқушылардың психологиясын білмей тұрып, сауат ашу әдістемесі ұсынған әдістер мен тәсілдерді тиімді пайдалану мүмкін емес. Сондықтан материалды игертуде оқушылардың жас ерекшелігін ескеру – ең маңызды мәселе. Оқу бағдарламалары да, оқыту үдерісі де осы факторға негізделіп құрылады. Адамның басты ерекшелігі – сөйлеу қабілеті. Сөз – адам психикасының өмір сүруінің аса маңызды құралы. Өйткені қарым-қатынассыз қоғам да, оның қозғаушы күші адам да өмір сүре алмайды. Ал қарым-қатынас тек тіл, оның көрінісі сөз арқылы іске асатыны белгілі. Психологиялық тұрғыдан тілді меңгеру – жеке тұлғаның қалыптасуының негізгі шарты.
Пән бойынша берілетін теориялық білім тәжірибе арқылы бекітілуі, яғни іскерлік пен дағдыға айналуы тиіс. Дағдыға, іскерлікке айналмаған білім тез ұмытылады. Ал дағды мен іскерлік – психологиялық ұғым. Дағды дегеніміз – адамның әрекетті орындау процесінде жасалатын саналы әрекеттің дағдыланған бөліктері. Дағдылар жаттығу арқылы туындайды. Дағды іс-әрекет процесінде оған бағынышты құрылым ретінде қалыптасады. Демек теориялық білім жаттығудың, қайталаудың негізінде дағдыға айналады. Осыған орай оқулықтарда міндетті түрде жаттығулар беріледі, қайталау сабақтары жүргізіледі. Яғни, оқушының сабақты жақсы немесе жаман оқуы олардың психикалық әрекеттерінің дамуымен тікелей байланысты.
«Сауат ашу» – жалпы білімнің негізін құрайтын аса маңызды пәндердің бірі. «Сауат ашу» пәнінің маңыздылығы – оқушылардың өмірінде жаңа пайда болған «жетекші әрекет» – оқу әрекетіне бейімдеу, тұрақты зейіні мен жадын, логикалық ойлауы мен креативті ойлауын, білім алуға деген қызығушылығын қалыптастырып, ой-өрiсiн жетiлдiру, сөздік қорын молайтып, байланыстыра сөйлеуге үйрету міндеттерін жүзеге асыруында. Сонымен қатар, сөйлеу әрекетінің тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым түрлерін дамыту арқылы басқа пәндерді меңгертуге негіз болуында.
«Креативтілік» – тез ойлап табу, жаңалық ашу, аяқ астынан ақыл табу, терең сезім, толғаныс, интеллектуалдық биіктік, ұшқыр ойлылық деп анықтама беріледі. Креативтілік — өркендеуге, дамуға, нәтижеге жетуге бағытталған. Креативтік технология бойынша ізденушілік, зерттеушілік, эвристикалық әдістермен жұмыс жасалады, қиялдауға итермелейді, қысылмай өз ойын айтуға мүмкіндік береді.
Ойлау  – объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз.
Креативті ойлау – инновациялық және тиімді шешімдерге қол жеткізуге және жаңа білімді немесе қиялды тиімді көрсете алуға бағытталған идеяларды әзірлеу, бағалау және жетілдіру процесіне нәтижелі қатысу қабілеті. Егер адам шектеулер мен тыйымдарға үнемі назар аударып отыратын болса, кретивті болу өте қиын.
Креативті ойлау өте шексіз және кең. Креативті ойлаудың соңы жоқ. Бұл адамға кедергілерден арылуға және елестетілмейтінді елестетуге, белгілі бір дүниені ойлап табуға мүмкіндік береді. Ақыл креативті ойлау жағдайында кез-келген нәрсені ойлауға еркін. Сыни тұрғыдан ойлау жағдайында сіз бірнеше таңдау жасауға мәжбүр боласыз, ал креативті ойлау жүйесінде бұл басқаша. Креативті ойлау жағдайында әр түрлі таңдау жасалмайды. Креативті ойлау жаңа және ой қозғаушы идеяларды қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан креативті ойлаудың бәрі қиял мен ұшқыр ойға қатысты деп айтуға болады.
2. Сауат ашу әдістемесі ғылымы педагогика ғылымымен тығыз байланысты. Педагогика ғылымы: дидактика және тәрбие теориясынан құралатыны белгілі. Ал оқу мен тәрбие – егіз. Дидактика мен әдістеме ғылымының қарастыратын нысандары бір. Ол – оқыту үрдісі. Айырмашылығы: дидактика білім беру, оқыту үрдісін жалпылама қарастырса, әдістеме жеке пәндерді оқыту заңдылықтарын қарастырады. Дидактика педагогиканың маңызды бір бөлігі – оқытудың жалпы теориясы ретінде қазақ тілі әдістемесінің негізі болып табылады. Сауат ашу әдістемесі ғылымы дидактиканың ұстанымдарына, оқытудың әдіс-тәсілдеріне, тексеру формаларына, білімді бағалау нормаларына сүйенеді. Мысалы, оқушыларға ұсынылатын тілдік материалдар ғылым негіздеріне (ғылыми ұстаным) сүйене отырып, жүйелі және бірізді (жүйелілік ұстанымы), саналы түрде (саналылылық ұстанымы), берік, тиянақты (берік, тиянақты болу ұстанымы), өмірмен байланыстыра (теорияны өмірмен байланыстыру ұстанымы) беріледі. Осыған орай әдістеме ғылымы педагогиканың бір саласы ретінде қарастырылады.
Сонымен қоса жаңа педагогиканың мақсаты баршаға мəлім білімді игерту жəне білімалушылардың біліктері мен іскерлігін қалыптастыру ғана емес, сонымен бірге оқу үдерісінде жаңа білімдерді алуға жағдай жасау болмақ. Осылайша, креативтілік педагогиканың негізгі міндеті жоғарғы шығармашылық потенциалға ие, əлеуметтік белсенді тұлғаны тəрбиелеу болып табылады.
Ал креативтілік – маңызды сипатты ойлаудың ерекшелігі, ойлау процестерінің ерекше сапасы, адамның жоғары белсенділігі, индивидтің ерекше жаңа, біртума құндылықтарды құруға, стандартты емес ойлауға деген терең құрылымын бейнелеуші қабілет.
Қазіргі кезеңде жеке тұлғаның креативтілігін, шығармашылық дербестігін қалыптастыру өте маңызды, күрделі жəне көп салалы мəселе болып есептеледі. Креативтілікті қалыптастыру шығармашылыққа жетелейтін қабілеттер мен шығармашылық қызметі сапасын анықтайтын, жаңаны тану мен жасауға бейімделуге апаратын əрбір жеке тұлғаға тəн интеллектуалдық үдеріс ретінде сипатталады.
Педагогикалық сөздікте креативтілік шығармашылық дарындылық, шығармашылыққа қабілеттілік деңгейі ретінде анықталады.
3. Сауат ашу әдістемесі ғылымы тіл білімімен тікелей байланысты. «Сауат ашу» пәнінің оқыту аясы қазақ тілінің дыбыстық және әріптік (графикалық) жүйесі; қазақ тілінен алғашқы грамматикалық мағлұматтар болғандықтан, ол алдымен тіл біліміне арқа сүйейді. Мысалы, тіл білімінен берілетін фонетикалық мағлұматтар: дыбыстарды дұрыс айту, жазу, дұрыс сөйлеу, мәнерлеп оқуға, емлеге үйрету т.т. әдістемелік мәселелермен тығыз байланысты іске асырылады.
Мектептегі оқыту үдерісінің сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі міндеті – оқу мен жазуды үйрету. Осы сауат ашудан жас үрпаққа білім негіздерін меңгерту мен адамгершілік тәрбие берудің іргетасы қаланады. Білім берудің негізгі бағыттарына қойылатын талаптардың аса күрделісі – алты, жеті жастағы балаларды сауаттандыру мәселесі болып табылады. Себебі, сауат ашу кезінде оқушылардың оқуға, ой еңбегіне бейімділігі, ынтасы қалыптасуы керек.
Алғашқы оқу барысында мынадай ерекшеліктер ескеріледі: 1) оқу жылының бірінші жартысы толығымен сауат ашуға беріледі; - 2) сабақ үстінде өрбір 10-15 минут сайын қимылды ойын түрінде сергіту сәттері өткізіледі; 3) баланың оқуға деген ынтасы мадақтау, мақтау, көңілдендіру сияқты әдіс-тәсілдер арқылы арттырылады; 4) үйге тапсырма берілмейді; 5) апта ортасындағы бір күн жеңілдетілген сабақтарға арналады. Сауат ашу - аса күрделі де жауапты міндет. Оны ойдағыдай жүзеге асыруда атқарылатын жүмыстар сан алуан. Олардың негізгілері мыналар: 1. Балаларды мектепте сауат ашуға даярлау; 2. Сөйлеу тілінің дыбыстың ерекшеліктерін меңгерту арңылы сөздердегі дыбыстарды айңын естіп, аның айтуға үйрету; 3. Оқушылардың жалпы ой-өрісін дамытып, ойлауға, байқағыштыққа төрбиелеу; 4. Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздік қорын байыту, сөйлемдерді дүрыс, дәл жеткізе білуге үйрету; 5. Сөзді жеке дыбыстардан құрап, ежіктемей, дүрыс буындап түсініп, оқуға, одан әрі сөзді түтас оқуға дағдыландыру; 6. Дыбыстарды өріппен дұрыс таңбалауды жете меңгерту арқылы жазудың каллиграфиялық талаптарын сақтап, әріптерді үзбей жөне сөз ішіндегі байланысу төсілдері бойынша, сөзді тұтастыра жазуға үйрету; жеке сөздерді, сөйлемдерді көшіріп жөне естігенін жаза білуді жетілдіру; 7. Сөйлемдегі сөздердің айтылуы мен жазылу ерекшеліктерін меңгерту.
Сауат ашудың негізгі мақсаты – оқу дағдыларының негізін қалау, тыңдауға, айтуға, жазуға үйрету, балалардың сөздің дыбыстық құрылысы туралы түсінігін қалыптастыру, әріп таныту, әуелі буындап, содан соң түтас сөзді, сөйлемді, мәтінді оқуга үйрету, сауатты жазудың негізін қалыптастыру, өз бетінше оқуға, кітапқа қызығушылығын ояту, ауыз екі тілін дамыту.
«Әліппеге» дейінгі кезеңде, негізінен, оқушылардың бүрыннан қалыптасқан сөйлеу дағдыларына сүйеніп, оларға мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен сөзді, сөзден дыбысты бөлгізу жүмыстары жүргізіледі. Бұл кезеңде балалардың тілін дамыту сөздерді байланыстырып сөйлету арқылы іске асырылып, оларға сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы түсінік беріледі. "Әліппеге" дейінгі кезеңде заттарды тегіне, түріне, т.б. белгілері бойынша балалардың сөздік қоры жүйеленеді. Бұл кезеңдегі басты міндет – оқушыларға байланыстырып сөйлеу дағдысы арқылы оларға сөйлемнің, сөздің, дыбыстың ерекшеліктері туралы ұғым беру. Даярлық кезеңі - сөйлеммен танысу: сөйлеуді – сөйлемдерге, сөйлемді – сөздерге, сөздерді – буындарға, буынды – дыбыстарға бөлуді үйрету, яғни, талдау-жинақтау әдісі арқылы жүргізіледі. Дыбыстар, олардың рөлі, дыбыстық қүрылысы әр түрлі сөздерді талдау, дауысты және дауыссыз дыбыстар, олардың естілуі мен айтылуындағы ерекшеліктер, жуан және жіңішке, дауыссыз дыбыстардың, айтылуымен естілуіндегі ерекшеліктер.
Қолды жазуға дағдыландыру: сурет салу, сызықтарды сызу, ою-өрнек, имек жиектер жасау, ирек сызықтар сызу, кіші өріптердің элементтерін жазу, жазу техникасының ережелерімен танысу, әріп элементтерін сызық бойымен жазу, жазу кезеңінде дүрыс отыру, дөптер бетін бағдарлау, т.б.
«Әліппені» оқу кезеңінде оқушылардың нақтылы дыбыстарды оқытып, таңбасын жазуға үйретуде, сөздік жүмыс бірінші кезекке шығады. Сөздік жүмысын үйымдастырудың басты ұстанымы – оқушылардың лексикалық материалды меңгеріп, оны сөйлеу тілінде қолдана білу. Сөздік жүмысын жүргізудің үтымды жағы оқушыларға жаңа сөзді меңгертуде сөзді зат есім, сын есім, есімдік формасындағы сөйлемдерден беру. Мысалы: Бұл – үй. Бұл – үлкен үй. Бұл – қызық кітап, т.б. Сөздік жүмысы сабақта арнайы сабақ болып жүргізілмейді, сабақтың барлық кезеңінде жүргізіледі. Әліппені оқытқанда оқушылардың жалпы ой-өрісін, тілін дамытуға арнайы көңіл бөлінеді. Бүл кездегі тіл дамыту үш түрлі салада жүргізіледі: сөздік жүмысы, сөйлем қүрастыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Сөздік жүмысын жүргізуде екі түрлі мақсат алға қойылады: бірі – оқылған сөздің мағынасын түсіндіру, сол арқылы оқушыларды саналы оқуға баулып, ойлау қабілетін жетілдіру, екіншісі – жаңа сөздер үйрету арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту. Сөйлем құрастыруға үйрету, оқушыларды өз ойын дұрыс құрылған сөйлемдер мен жүйелі айтып немесе жазып баяндауға даярлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет