1-дәріс. Сауат ашу әдістемесінің теориялық негіздері Негізгі мәселелер: Бастауыш білім берудегі сауат ашу үдерісі «Сауат ашу әдістемесі»



бет7/18
Дата19.10.2022
өлшемі106,39 Kb.
#44249
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
2. Сауат ашу әдістемесінің дамуы
XIX ғасырдың 60-70 жылдарындағы прогресшіл педагогтерге ортақ болған өзекті мәселе ­­­­– бастауыш халық мектебінің оқу мазмұны еді. Қазақ даласында білім таратушы көрнекті педагог Ыбырай Алтынсарин К.Д. Ушинскийдің еңбектеріне сүйеніп, қазақтың бас­тауыш мектептеріне оқулықтар жазды.
XIX-XX ғасырларда сауат ашу жұмысы буын және тұтас сөз әдісі бойынша жүргізілді. Бүл әдіс түптеп келгенде, жаттауға негізделген, яғни бұл әдіспен оқыту барысында мағынасыз сөздер мен буындар құрғақ жат-татылатын. Осының салдарынан балаларды оқуға бірсыпыра дағдыландыра тұрғанымен, оқушылардың ақыл-ойын дамытып, дүние танымын қалыптастыру мардымды іске асырылмады.
1987 ж. баспадан шыққан «Бастауыш оқу методика­сы» жинағында сауат ашуға үйрету негізі дыбыстық талдау-жинақтау әдісі бойынша баяндалған. Онда буындағы және сөздердегі дыбыстарды ажырату, салыстыру тәсілдерінің неғұрлым ұтымдылары, сондай-ақ оқудың дыбыстық талдау-жинақтаумен ұштасып отыратын тә­сілдері берілген.
«I кластағы оқыту» (Алматы, 1977) жинағында сауат ашуға үйретудің әрбір кезеңдерінде жүргізілетін жү­мыстар толық көрсетілген. «Әліппе серігі» (Алматы, 1980), «Әліппеге» методикалық құрал» (Алматы, 1984) кітаптарында түрлі дайындықпен келген оқушыларға арналған тапсырмалар және сөз құрамындағы дыбыс­тарды талдауға үйрету жолдары көрсетілген.
Жаңа бағдарламаға байланысты әдістемелік материалдарды «Бастауыш мектеп» журналының бетінен оқуға болады. Қазақ ССР Халыққа білім беру министрлігінің «Алты жасарларды оқытудың нормативтік документтер жинағында» (Алматы, 1986) 1-сыныпқа арналып шығарылған оқу құралдары мен әдістемелік материалдар, көрнекі құралдар мен көмекші құралдардың тізімі көрсетілген.
Сауат ашу әдістемесі – кештеу қолға алынып, кенжелеу дамыған ғылымның бірі. Оның ғылым ретіндегі қалыптасуының негізі А.Байтұрсынұлының есімімен байланысты. Сауат ашу әдістемесін арнайы зерттемесе де, Т.Шонанұлы, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев еңбектерінің де жас ғылымның бұғанасының қатаюына үлес қосқаны даусыз.
Кейінірек қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеушілер Қ.Жұбанов, Ғ.Бегалиев, С.Жиенбаев, Ш.Сарыбаев, И.Ұйықбаев өз еңбектерінде бұл мәселеге тоқталып, үлкен мән бергенін атау орынды.
Сауат ашуға байланысты көрсетілген әдебиеттер әдістемелік тұрғыда жазылғандықтан (окулықтардан баскалары) барлык тарауларга да катысты. Әдістеменің әрбір тарауы жеке өз алдына зерттеу объектісіне айналып, (әсіресе казақ мектептерінде) арнайы шығарылған еңбектердің саны мардымсыз болғандықтан, олардың барлығын топтап, осы тақырыпқа беруді жөн көрдік. Сондықтан осында көрсетілген кітаптар да әдістеменің барлық бөлімдеріне катысты мәселелерді қамтитын енбектер болып табылады. Алдымен жалпы «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері» туралы мәлімет беретін алғашкы еңбектердің бірі, белгілі методист Ш.Сарыбаевтың енбегі (Алматы 1959), сондай-ақ методист-ғалымдар Ы. Маманов, Д. Әлімжановтардын «Қазақ тілін оқыту методикасын» (Алматы, 1965) атауға болады. Сонымен қатар бастауыш кластағы ана тілін үйрету мәселелеріне арналып шығарылган мына сияқты әдебиеттерді көрсетеміз: И. Қ. Ұйыкбаев. «Казақ тілі методикасының очерктері», Алматы, 1962; X.Арғынов, Құрмалас сөйлем синтаксисінің методикасы, Алматы. 1964; X.Арғынов. Ғ. Сүлейменов, Ана тілін оқыту жөнінде II класс мұғалімдеріне арналған көмекші құрал, Алматы, 1962; С. Рахметова, Ана тілін оқыту жөнінде III класс мұғалімдеріне арналған көмекші құрал, Алматы, 1971; Қ. Аймағанбетова, Қ. Бозжанова, Ана тілін окыту жөнінде, 1 класс мұғалімдеріне арналған құрал, Алматы, 1970; Р. Әміров, Бірінші класта окушылардың тілін дамыту үшін істелетін жұмыстар, Алматы, 1957; «Бастауыш оқудың тиімділігін арттыру» (М. Жазыбаев, А. Асқарбаеа С. Рахметова, Алматы. 1975) кітабын атауға тура келеді. Мұнда азды-көпті, мақала деңгейінде, сауат ашу, оқудың әдіс-тәсілдері жөнінде, сондай-ак грамматнка; жазу, тіл дамыту мәселелері сөз болады.
С.Рахметова. Кіші жастағы оқушылардың жазбаша тілін дамыту, Алматы. 1978: Бірнеше жинақтар бар: 1 кластағы окыту, Алматы, 1977, II кластағы оқыту, Алматы, 1978. III кластағы окыту, Алматы, 1979. Бастауыщ мектеп методикасы, Алматы, 1987. Қорыта айтканда, қазақ тіліндегі шыкқан әдебиеттердің жалпы жинағынын. Ш. Ш. Сарыбаевтың «Қазақ тіл білімі әдебиетінінен библографиялық көрсеткіш» 1, 2, 3 кітаптарынан карауга болады
Қазақ бастауыш мектебіндегі сауат ашу әдістемесін алғаш жазған ғалым – М.Қ.Жұбанова. Оған ғалымның 1965 жылы «Мектепте сауат ашудың методикасы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғауы дәлел. Ғалым С.Рахметова «Қазақ тілін оқыту методикасы», «Қазақ тілін оқыту әдістемесі», «Қазақ тілі әдістемесінің теориясы мен технологиясы» оқу құралдарында сауат ашу әдістемесін арнайы бөлім ретінде қарастырады. Сауат ашу әдістемесі бүгінгі күндері жаңа бағыттағы еңбектермен (Жұмабаева Ә.Е., Уайсова Г.И., Құрман Н., Молдабекова Н., Сәдуақас Г.Т.) толыға түсуде.
Ендеше сауат ашу әдістемесінің даму кезеңдерін 1912-1940 жылдар, 1940-1965 жылдар, 1965-1997 жылдар және қазіргі кезге дейін деп бөліп қарастыруға болады.
Осы заманғы білім берудің стратегиялық мақсаты – өз бетімен шешім қабылдай білуге қабілетті, өз жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен әрекет жасай білетін, қандай істе болмасын сауатты (іскер) тұлғаны тәрбиелеуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғарыдағы мақсаттарға бастауыш білім берудің отандық және әлемдік тәжірибелеріндегі өз қызметін ойдағыдай атқарып келе жатқан білім мазмұнының негізгі құрылымын, жобасын жүзеге асыра алатын педагогикалық технологиялар арқылы жету көзделеді.
Сөйтіп, республика бастауыш мектептерінде жаңа педагогикалық технологиялар бүгінде ерекше құбылыс болып қана қоймай, сонымен бірге оның дамуының басты себебі, негізгі көзі де болып отыр.
Сауат ашу әдістемесі тілдің жазба түрі мен ауызша түрінің арасындағы айырмашылықтар мен күрделі байланыстарды бірдей ескерген жағдайда ғана нәтижелі болмақ. Тілдің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты алуан түрлі мәселелерді оқып меңгеру ­­­­­­­­- ең алдымен тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғаты мен фонетикалық заңдарын жете білуді қажет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет