1-дәріс. Сауат ашу әдістемесінің теориялық негіздері Негізгі мәселелер: Бастауыш білім берудегі сауат ашу үдерісі «Сауат ашу әдістемесі»



бет8/18
Дата19.10.2022
өлшемі106,39 Kb.
#44249
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
Сауат ашу әдістемесі дәріс 2022

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Қазақ тіл білімінің даму тарихының хронологиясын жасаңыз.

  2. Сауат ашу әдістемесінің кезеңдері бойынша хабарлама әзірлеңіз.

  3. Сауат ашу әдістемесінің дамуына үлес қосып жатқан ғалымдарды анықтап, кесте құрыңыз.



6-дәріс. Сауат ашу әдістері
Негізгі мәселелер:
1. Сауат ашу әдісі туралы ұғым.
2. Сауат ашу әдістері
3. Дыбыстық талдау-жинақтау әдісі
1. Сауат ашу әдісі туралы ұғым.
Сауат ашу барысында жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының күрделі аспектілерінің молдығынан болар, әлемдік педагогика теориясында сауат ашудың әдіс-тәсілдерін таңдау мәселесіне қатысты әр түрлі таласты қөзқарастардың орын алғаны белгілі. Мысалы: сауат ашу әдістемесі тарихындағы дыбыстық аналитикалық әдіс (мұны Батыс Еуропада «Жакото әдісі», деп атаса, Ресейде «Золотов әдісі» деп атаған), дыбыстық синтетикалық әдіс (мұның негізін неміс педагогы Г.Стефани қалап, Ресей педагогы Н.А. Корф одан әрі дамытты), есту немесе буын есту әдісі (мұның негізін орыс ғұламасы Л.Н.Толстой қалаған) сияқты бағыттар осы кезеңдегі күрделі міндеттерді оңтайлы шешу жолдарын табуға тырысқан ғылыми-педагогикалық ізденістердің нәтижесі еді. Кезінде қазақтың ғұлама ғалымы А.Байтұрсынұлы әлемдік педагогика теориясындағы осы талас пікірлерге үн қосып, бірнеше мақала жазғаны белгілі.
Ақырында әлемдік педагогика теориясында сауат ашудың дыбыстық аналитико-синтетикалық әдіс (А.Байтұрсынұлыша айтсақ, «жалқылаулы-жалпылау» әдісі) қолдау тауып, орнықты (оны негіздеген Батыс Еуропа педагогтары К.Грезер, А.Дистерверг, Ресей педагогтары К.Д.Ушинский, В.П.Вахтеров т.б.). Дүние жүзінде бір ауыздан қабылданған осы әдіс күні бүгінге дейін әр қырынан байыпталып, сауат ашуға арналған бағдарламаларымыз бен оқулықтарымызға негіз боп қаланып келеді.
Дыбыстық талдау-жинақтау әдісі
Талдау тәсілі бойынша сөйлеуден сөйлемді, сөйлемнен сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алуға, жеке дыбыстарды әріптермен таңбалауға мүмкіндік жасалып, оқуға негіз қаланады.
Жинақтау тәсілі бойынша дыбыстардан буын, буындардан сөз, сөздерден сөйлем, сөйлемдерден сөйлеу құрастырылып, оқу дағдысы қалыптасырылады; оқушылар сөзді алдымен буындап, соңынан тұтас оқуға үйренеді, сол сияқты әуелі – жеке жазу элементтерінен әріптерді шығарып, одан тұтас сөздерді жаза білуге дағдыланады, соның нәтижесінде сөйлемді, мәтінді оқуға, көшіріп не тыңдап жазуға, сондай-ақ өз ойын байланыстырып сөйлеуге, жазуға біртіндеп төселеді.
Талдау-жинақтау әдісі қалай жүргізіледі?
Сауат ашу кезінде талдау мен жинақтау бір-бірімен тығыз бірлікте, байланыста жүргізіледі: балалар талдау арқылы сөздің қандай буындардан, дыбыстардан тұратынын ажыратса, іле-шала жүргізілетін жинақтау арқылы дыбыстардан буын құрап, буындардан сөз құрап үйренеді. Сөйтіп, дыбыстарды жеке-жеке оқымай, бір-бірімен қосып буын етіп, сөз етіп оқитын болады.
Талдау-жинақтауға жаттыққан кезде, мына жағдайларға сүйену керек:

  1. Әрбір өтілетін жаңа дауысты дыбысты сөзден бөліп алып, мұқият зерттеу негізінде оқуға үйрету, онан әрі оның әріпі меңгертіледі және буыны, сөзі оқытылады.

Жалпы дыбыс пен әріпті үйретудің типтік сызбасы мынадай:
1. Мәтіннен сөйлемді бөліп алу. 2. Сөйлемді сөзге бөлу. 3. Жаңа (үйретілген) дыбысы бар сөзді бөліп алу. 4. Жаңа дыбысты бөліп айтып үйрену. 5. Оның баспа әрпін көрсету. 6. Кеспе әліппеден сөзді құрастыру. 7. Ол сөзді оқу. 8. «Әліппеден» жаңа сөздер оқу. 9. «Әліппеден» тіркестер оқу. 10. Жаңа дыбыстың жаңа түрін көрсету және оның бөліктерін (әріптің) жазу, кейінірек сол әріппен сөз жазу.
Бұл схемадан сөзді оқуға құрамындағы дыбыстарын саналы ұғынып, буынды оқу арқылы үйренеді. Сөйтіп, дыбыстық талдау-жинақтау әдісіне үйренуде: 1) оқу бастамасы (единица) буын болып табылады; 2) Сөз көрсетілмейді. Ол сөйлеуден бөлінеді де, ауызша айтылады. Оқушылар сөздің әрпінен дыбысын емес, дыбысынан оның әріптерін тануға көшеді (керісінше емес).
1) Сауат ашу барысындағы негізгі міндет – балаларды тура буынды оқуға үйрету. Әрбір жаңа үйретілетін дауыссыз дыбыс бұрыннан таныс, үйренген дауысты дыбыс арқылы беріледі.
Мұнда сөз құрамындағы үйретілуге тиісті дыбысы бар буын анық естіліп, ал дыбыстың өзі ерекшеленіңкіреп, созылып айтылғаны дұрыс. Мысалы, «р» дыбысы үйретілуі қажет болғанда «ара» сөзіндегі «а-ра» буындары «а—рра» делініп, «р» дыбысы ерекшеленіп, біраз созылыңқырап айтылады.

  1. Дыбыстың артикуляциясын байқату, яғни балаларды сөз құрамындағы үйретілуге тиісті дыбыстың айтылу процесімен таныстыру. Мысалы, мұғалім балаларға «р» дыбысын айтқызып көреді де, ол дыбысты айтуға тілдің қандай жағдайда болатынын байқаңдар дейді. Осы дыбысты қайта-қайта өздері айтып көру арқылы, олар тілдің ұшының дірілдеп тұратынын байқайды. Сонан кейін оқушылардың назары «р» дыбысын айтқанда тілдің қай жерге жуықтайтынына аударылады. Балалар тілдің ұшының таңдайға жуықтауынан «р» дыбыс шығатынын аңғарады.

Сөйтіп, балаларға дыбыстың айтылуымен қатар, өзін де үйретеді. Бірақ мұнда есте болатын жай тіліміздегі барлық дыбыстың артикуляциясын білу керек деген ұғым тумасқа тиіс. Жоғарыда айтылған тәсілмен тек еріндік және тіс пен тіл қатысы арқылы шығатын дыбыстарды ғана үйретуге болады. Ал ш, ж, к, ғ, г, й, и, щ, ц дыбыстардың артикуляциясын аңғару, әрине, қиынға соғар еді. Сондықтан мұғалім дыбысты оқытуға кірісер алдында оны үйретудің тәсілін жан-жақты ойластыруға тиіс.

  1. Сөздің аяғындағы немесе басындағы дыбысты түсіріп айтып, балаларға тапқызу. Мысалы, мұғалім «Әліппедегі» тонның суретін көрсетіп, «он» дейді де, «мен сөзді дұрыс айттым ба?» — деп сұрайды. Балалар дыбысын қосады. «Т» дыбысын оқушыларға айтқызады. Сөйтіп, суреттегі киімнің аты мен айтылған буын (немесе сөз) құрамындағы дыбыстарды жинақтау арқылы қандай дыбысты қосу керектігін саналы ұғады.

  2. Айтылуына қарай дыбыстарды, жазылуына қарай әріптерді салыстыру. Мысалы, қол-көл, тор-төр, от-өт сияқты сөздер арқылы «о» дыбысы мен «ө» дыбысының айтылуындағы айырмашылық аңғартылады. Сонымен бірге жазылуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарға көңіл бөлінеді. Осылайша, қ-к, с-з, а-ә, ы-і дыбыстар да жұпталып, салыстырып, сөздерді талдап-жинақтау арқылы үйретіледі.

  3. Үйретіліп отырған дыбыстың сөздің басында, ортасында, аяғында келетіні де сөздерді талдау және жинақтау барысында ұғындырылады. Мысалы, «қ» дыбысын үйрету керек делік. Мұғалім бұл дыбысты балаларға айтқызып, таныстырғаннан кейін қар, ақ, оқушы сияқты сөздерді өзі айтып, буынға, дыбысқа таладатады; «қ» дыбысының қай буында, нешінші буында тұрғаны анықталады; қайта жинақтау барысында «қ» дыбысының қай жерде тұрғанына көңіл бөлінеді. Осыдан кейін бұл дыбысқа балалардың өздері сөз ойлап табады.

  4. Буынды немесе сөзді есте сақтау арқылы оқу. Мысалы қала сөзін алайық. Оқушылар оны дыбысқа-буынға ажыратып талдағаннан кейін, жинақтап, кеспе әліппеден құрастырады; енді оқуға келгенде іркіліп қиналады немесе әр әріпті ежіктеп «қ-а»… деп айта бастайды. Сол кезде мұғалім: «құрастырған сөзіміз қалай еді?» — деген сияқты сұрақтар арқылы бастапқы сөз (оқушылардың құрастырған сөзін) еске түсіртеді. «Ол сөзді қалай айтатын едік? (мысалы, қа-ла). Міне, осылайша оқыңдар,» — дейді. Оқушылар кеспе әліппеден құрастырған сөзді бірден оқып береді.

  5. Дыбыс алмастырып оқу. Мысалы, балалар талдау-жинақтау арқылы «қара» сөзін құрастырып, оқыды делік. Енді бірінші буындағы «а» әрпінің орнына мұғалім «о» әрпін қояды, «қора» деп оқиды .





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет