№1 ДӘріс стилистиканың ғылым және пән ретінде қалыптасу, дамуы


Орта ғасырларда Грецияда, Римде



бет3/6
Дата15.11.2023
өлшемі0,68 Mb.
#123201
1   2   3   4   5   6

Орта ғасырларда Грецияда, Римде

  • Үнді оқымыстылары стильді мәнерлеп сөйлеу, ал стилистиканы мәнерлеу туралы ғылым деп есептеген.
  • Сөйтіп, лингвистикада "стиль" жазу мәнері, сөзге сендіру тәсілі, мәнерлі сөйлеу және белгілі бір әдеби жанрға тән тілдік құралдар жүйесі деген сияқты көптеген мағынада қолданылып келген. Ал стилистика көбінесе шешендік өнері туралы ғылым ретінде танылған. Ол тек XX ғасырдың бас кездерінде ғана шешендік өнерінен бөліне бастайды.

Стилистиканың зерттеу нысаны – лексика-фразеология, грамматика және фонетика қарастыратын тілдік тұлға бірліктер. Бірақ тіл білімінің бұл салалары тілдік единицалардың стильдік сапасын қарастырмайды. Сөйлеуде (речь) сөз бен сөйлем құрылысының дұрыс және айқындығының үстіне, дыбыс үйлесімділігі болуы да шарт. Дыбыс үйлесімділігі (Фонетика және стилистика):

  • біріншіден, біркелкі дыбыстардың бір жерге жиналуынан сақтандырса, Бұл - фонетикалық тәсілдердің практикалық мәні.
  • екіншіден, сөйлеудің мәнерлілігін арттырады. Сондықтан дыбыс үйлесімділігі оқуға және тыңдаушының қабылдауына үлкен жеңілдік туғызады.
  • Мысалы дыбыстардың мәтін ішіндегі қайталануы (ассонанс, аллитерация), интонация, екпін және оның түрлері – стилистикалық ресурсқа ие фонетикалық құралдар.

Лексика және стилистика

Лексика және стилистика

Лексикология сөздердің шығу тегін, сөз құрамын, көп мағынылылық, ауыспалы мағынылылық, синонимдік, омонимдік, антонимдік қатарларда жұмсалуы, көнерген, тарихи сөздердің, жаңа сөздердің әр түрлі мақсаттарда жұмсалуы - бұлардың бәрі лексикалық стилистиканың мүмкіндіктерін көрсетеді. Сонымен бірге ол сөздердің қолданылу заңдылықтарын, сөздер мен сөз тіркестерін экспрессивтік тұрғыдан дұрыс пайдаланылу принциптерін зерттейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет