№1 ДӘріс стилистиканың ғылым және пән ретінде қалыптасу, дамуы



бет5/6
Дата15.11.2023
өлшемі0,68 Mb.
#123201
1   2   3   4   5   6

Стилистика – тіл құралдарын (тұлға-бірліктер) талғап, орнымен дұрыс жұмсауды үйрететіндіктен, тіл мәдениеті пәнімен тығыз байланысты екендігі мәлім. Сондықтан қай тұрғыдан болса да сөз болатын тіл мәселесі тілдік нормаға барып тіреледі. Әдеби тілде сөйлеуші адам ойын дұрыс жеткізуді ғана емес, қалай айтып жеткізуді көздейді, тілдегі дұрыстықты ұстауға тырысады, демек, әдеби тілдік нормада екі қатар мақсат көзделуі қажет. ойды білдіру және оны мәдениетті түрде, яғни белгілі дұрыстық, көркемдік нормаларын сақтап білдіру. Тілдің функционалды стильдерге қарай ажыратылған нормалары стилистикалық нормалар болып табылады, яғни сөз қолдану нормалары әдеби тіл нормасына сәйкес қалыптасады. Әсіресе, функционалды стилистикаға байланысты сөз қолданудың тұрақтылығы бар. Мысалы, ауызекі сөйлеу тілінде қарапайым сөздер, диалектизмдер, жаргондар, бөтен тілдік элементтер, «барғасын, кеп, боп» т.б. тәрізді морфологиялық тұлғалардың мүмкін болса, жазба стильдерде олар нормадан тыс деп есептелінеді. Тілдің стильдік айшықтаулары, көркемдік құралдары көркем әдебиет стиліне тән, олар іс қағаздары мен ғылыми стильдерде қолданылмайды. Бұдан шығатын қорытынды: стилистикалық нормалар да тілде қалыптасады, олар әр стиль түрлеріне сай келуі керек. Мәселен, өткен шақ есімшенің -тін, -тын және -тұғын болып екі вариантта кездеседі. Мұның алдыңғысы қатаң норма, яғни фунционалды стильдердің барлығында қолданылады, ал -тұғын варианты, негізінен көркем әдебиет пен поэзия үшін норма. Жоғарыда айтылған ауызекі сөйлеудің элементтері (қарапайым, диалект, дөрекі сөздер) әдеби тілдің лексикалық нормасынан тыс тұрады. Бірақ көркем әдебиет тілінде, көбінесе кейіпкер тілінде, шығарманың жанрлық сипатына қарай автордың өз баяндауында да қолданылуы норма болып табылады. Соңғысы стилистикалық нормалар ретінде танылады.

  • Стилистика – тіл құралдарын (тұлға-бірліктер) талғап, орнымен дұрыс жұмсауды үйрететіндіктен, тіл мәдениеті пәнімен тығыз байланысты екендігі мәлім. Сондықтан қай тұрғыдан болса да сөз болатын тіл мәселесі тілдік нормаға барып тіреледі. Әдеби тілде сөйлеуші адам ойын дұрыс жеткізуді ғана емес, қалай айтып жеткізуді көздейді, тілдегі дұрыстықты ұстауға тырысады, демек, әдеби тілдік нормада екі қатар мақсат көзделуі қажет. ойды білдіру және оны мәдениетті түрде, яғни белгілі дұрыстық, көркемдік нормаларын сақтап білдіру. Тілдің функционалды стильдерге қарай ажыратылған нормалары стилистикалық нормалар болып табылады, яғни сөз қолдану нормалары әдеби тіл нормасына сәйкес қалыптасады. Әсіресе, функционалды стилистикаға байланысты сөз қолданудың тұрақтылығы бар. Мысалы, ауызекі сөйлеу тілінде қарапайым сөздер, диалектизмдер, жаргондар, бөтен тілдік элементтер, «барғасын, кеп, боп» т.б. тәрізді морфологиялық тұлғалардың мүмкін болса, жазба стильдерде олар нормадан тыс деп есептелінеді. Тілдің стильдік айшықтаулары, көркемдік құралдары көркем әдебиет стиліне тән, олар іс қағаздары мен ғылыми стильдерде қолданылмайды. Бұдан шығатын қорытынды: стилистикалық нормалар да тілде қалыптасады, олар әр стиль түрлеріне сай келуі керек. Мәселен, өткен шақ есімшенің -тін, -тын және -тұғын болып екі вариантта кездеседі. Мұның алдыңғысы қатаң норма, яғни фунционалды стильдердің барлығында қолданылады, ал -тұғын варианты, негізінен көркем әдебиет пен поэзия үшін норма. Жоғарыда айтылған ауызекі сөйлеудің элементтері (қарапайым, диалект, дөрекі сөздер) әдеби тілдің лексикалық нормасынан тыс тұрады. Бірақ көркем әдебиет тілінде, көбінесе кейіпкер тілінде, шығарманың жанрлық сипатына қарай автордың өз баяндауында да қолданылуы норма болып табылады. Соңғысы стилистикалық нормалар ретінде танылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет