№1 ДӘріс стилистиканың ғылым және пән ретінде қалыптасу, дамуы


стилистика мен тіл мәдениетінің



бет6/6
Дата15.11.2023
өлшемі0,68 Mb.
#123201
1   2   3   4   5   6

Демек стилистика мен тіл мәдениетінің арақатынасын айқындау маңызды мәселеге жатады. Стилистиканың қарастыратын негізгі мәселелері жоғарыдағы айтылған жайлар болса, тіл мәдениетінің арқауы – тілдік құрылымның жарасымдылығы. Проф. Б.Н.Головиннің өте дұрыс атап көрсеткеніндей, тіл мәдениетінің өзіне тән дәлдік, дұрыстық, тазалық, байлық, мәнерлегіштік, қисындылық, әдептілік тәрізді сапалары болады, өзіндік категорияларға ие Ал зерттеу хронологиясы жағынан стилистика мәселелерінің тіл мәдениеті мәселелерінен әлдеқайда ерте қолға алынғаны белгілі. Айталық, стилистиканың алғашқы элементтері ертедегі Греция мен Римнен, одан кейін Еуропа елдерінен бастау алғаны тіл тарихынан мәлім, ал тіл мәдениеті мәселелерінің қарастырылуы кейінгі жылдардың жемісі. Қысқасы, өзіне тән категориялары мен белгілері бола тұра, тіл мәдениеті стилистикамен тығыз байланыста ғана дами алатын, стилистиканың жетістіктерін пайдалану нәтижесінде өсетін ғылым саласы болса керек. Тілдік құралдарды орнымен, мақсатқа сай жұмсай білу – тіл мәдениетіНІҢ НЕГІЗІ.

  • Демек стилистика мен тіл мәдениетінің арақатынасын айқындау маңызды мәселеге жатады. Стилистиканың қарастыратын негізгі мәселелері жоғарыдағы айтылған жайлар болса, тіл мәдениетінің арқауы – тілдік құрылымның жарасымдылығы. Проф. Б.Н.Головиннің өте дұрыс атап көрсеткеніндей, тіл мәдениетінің өзіне тән дәлдік, дұрыстық, тазалық, байлық, мәнерлегіштік, қисындылық, әдептілік тәрізді сапалары болады, өзіндік категорияларға ие Ал зерттеу хронологиясы жағынан стилистика мәселелерінің тіл мәдениеті мәселелерінен әлдеқайда ерте қолға алынғаны белгілі. Айталық, стилистиканың алғашқы элементтері ертедегі Греция мен Римнен, одан кейін Еуропа елдерінен бастау алғаны тіл тарихынан мәлім, ал тіл мәдениеті мәселелерінің қарастырылуы кейінгі жылдардың жемісі. Қысқасы, өзіне тән категориялары мен белгілері бола тұра, тіл мәдениеті стилистикамен тығыз байланыста ғана дами алатын, стилистиканың жетістіктерін пайдалану нәтижесінде өсетін ғылым саласы болса керек. Тілдік құралдарды орнымен, мақсатқа сай жұмсай білу – тіл мәдениетіНІҢ НЕГІЗІ.

Тіл мәдениеті – әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейді. Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығы – оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында.
Тіл мәдениеті дегеніміз – коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану.
Тіл мәдениеті тілдік норманың 3 түрін қамтиды:
  • тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбысталу нормасы);
  • этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері);
  • коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары).

Сөйлеу мәдениеті орфоэпиялық нормаға негізделеді. Орфоэпиялық норма – сөздерді дұрыс айту, лексикалық норма – сөздерді іріктеп, сұрыптап, талғаммен қолдану болса, грамматикалық норма сөйлеу мәдениетінде біршама тұрақталып, қалыптасқан норма саналады. Сөйлеу мәдениетінде ойдың дәлдігі, сөздің анықтығы, тазалығы, көңіл күйге әсер ететін шынайылығы (ол қарапайым сөзден немесе бейнелі образды сөздерден құралуына қарамастан), көркемдігі маңызды рөл атқарады.
Тіл мәдениетіне тілдің құрылымдық жүйесіндегі орфоэпикалық, пунктуациялық, лексикалық-грамматикалық, синтаксистік нормалар қамтылып, олардың коммуникативтік эстетикалық қызметі толық айқындалған жағдайда стилистикалық норма жүзеге асады. Стилистикалық норма сөйлеушінің тілдік сөйлеу тәртібін қалыптастырады. Сөз мәдениеті көркем сөйлеуде, ғылыми-көпшілік немесе ресми ортада, тіпті ауызекі сөйлеу стилінде тілдің барлық салаларымен тамырлас келеді. Сөйлеу мәдениеті топ алдында мәдениетті сөйлеу, оның алғышарттарын, әдіс-тәсілін танып білу, озық үлгілерін меңгерудің жолдарын, нақты қасиеттерін ұғыну сияқты мәселелермен тығыз байланысты.

Пайдаланатын әдебиеттер

  • 1. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2006.
  • 2. Жапбаров А. Қазақ тілі стилистикасын оқытудың методикасы. А., 1985.
  • 3. Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. А., 2000.
  • 4. Шалабай Б. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2006.
  • 5. Мұсабекова Ф. Қазақ тілі стилистикасының мәселелері (методикалық талдау) А., 1979.
  • 6. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. А., 1984.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет