№1 дәріс Тақырыбы: Экскурсияның негізгі функциялары мен белгілері Дәріс мақсаты



Pdf көрінісі
бет34/57
Дата21.12.2023
өлшемі1,22 Mb.
#141920
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   57
 
№13 дәріс 
Тақырыбы:
Табиғаттану экскурсияларын өткізудің ерекшеліктері
Жоспар:
1.Табиғаттану экскурсияларының мазмұны, көрсету мен сипаттау 
ерекшеліктері 
2.Табиғаттану экскурсияларының классификациясы. 
1.Табиғаттану экскурсияларының мазмұны, көрсету мен сипаттау 
ерекшеліктері.
Табиғат өзінің жаратылысымен, құпия сырларымен адамдарды өзіне 
тартатын, қызықтыратын, еліктіретін экскурсиялық нысандар кешені. Ал 
адамдар табиғаттың саналы бір мүшесі. Сондықтан адамардың бар тіршілігі 
табиғатпен тығыз байланысты. Олардың табиғат аясында жиі болғысы 
келетіндігі, табиғатта жақсы дем алып, тынығып қалатыны, неше түрлі әсерге 
бөленетіні соның айғағы. Табиғаттың сырлары, өзіндік жұмбақтары, 
ғажайып нысандары мен жәдігерлері адамдарды әрдайым таңқалдырып 
келеді. Міне, сондықтан табиғи жай бір жаратылыс ретінде қарау, пайдалана 
салып тастай салатындай көзқарастар дұрыс емес. Табиғи экскурсияға деген 
сұраныс бәсеңсір емес, жылдан жылға өресі кеңіп келеді. Адамдар арасында 
қызығушылықпен қатар астамшылық қасиеттер де, қатар дамып келеді. 
Табиғатқа деп барлық қоршаған айналаны айтамыз, ал бір ғана кішкене 
түсінігі- экскурсия әдісімен зерттейтін объект деп айта аламыз. Табиғатты 
сүю, аялау үлкен педагогикалық міндет. Адамдар табиғатты зерттей отырып, 


өз ой-өрісін, сөйлеу қабілетін, білімділігін дамытады, отанға деген 
сүйіспеншілік сезімді тудырады. Көрнекілік фактілерді ойластырады. 
Табиғаттану экскурсияларының маңызды міндеттерінің бірі, адам тіршілігінің 
өзегі табиғат компоненттерімен егжей тегжейлі таныстыра отырып, табиғатты 
қорғау, табиғат байлықтарын ұқыптылықпен қорғау мәселесін барынша 
насихаттау. 
2.Табиғаттану экскурсияларының классификациясы.
Табиғаттану экскурсиялары 
тақырыптық және шолу болып бөлінеді. 
Шолу экскурсиясына «Алып Тянь-Шаньмен кездесу», Кіші Алматы өзенінің 
аңғарында өткізілетін экскурсия жатады. Бұл экскурсияларда геология, 
зоология, 
ботаника 
тақырыптары 
қозғалады. 
Басқа 
табиғаттану 
экскурсиялардың 
тақырыптары 
гидрологиялық, 
минералогиялық, 
астрономиялық, табиғат ескерткіштері жатады. «Ерекше қорғалатын табиғат 
аймақтары» деген Қазақстан Республикасының заңында (15.07.1997) 
құқықтық, 
экономикалық, 
әлеуметтік 
және 
осы 
аймақтарда 
ұйымдастырылатын жұмыстарының келесі объекттерге көңіл аударылады: 
зоологиялық- сирек, және құнды жануарларды, уникалды жануарлар 
бірлестіктері (барс, архар); ботаникалық – дәл сол тек қана өсімдіктер жөнінде; 
ормандық – ерекше қорғауға алынған аймақ; дендрологиялық – бұған жеке 
талдар, немесе олардың тобы, ғылым үшін мәдени – тарихи мағынасы бар 
ағаштар жатады; гидрологиялық – су қоры, ерекше мемлекеттік маңызы бар; 
геологиялық, геоморфологиялық – экологиялық ғылыми құндылығы бар жер 
қойнауының учаскілері. 
Табиғи объектілердің мемлекеттік түрлері бойынша табиғи қорықтар, ұлттық 
қорықтар, табиғи ескерткіштер, қорықтық зоналар, зоологиялық саябақтар, 
ботаникалық 
бақтар, 
дендробақтар 
болып 
бөлінеді. 
Қазақстан 
Республикасының Заңы бойынша бұл территориялар мәдени – ағарту, оқу, 
туристік, рекреациялық мақсатпен пайдалануға болады. Заң бойынша үлкен 
ерекше қорғауға алынған аймақтарда экскурсиялық зоналар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет