№1 дәріс Тақырыбы: Экскурсияның негізгі функциялары мен белгілері Дәріс мақсаты



Pdf көрінісі
бет35/57
Дата21.12.2023
өлшемі1,22 Mb.
#141920
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   57
Табиғи экскурсияларға дайындық
көптеген мәселелерді қамтиды: 
заң және құқық мәліметтері, ережелер, арнайы табиғат қорғау және 
экологиялық мекемелер ережелері, арнайы өлкетану мәліметтері,таөырыпқа 
сәйкес білімдік әдебиеттер, өсімдіктерді анықтауыш,жергілікті жердің 
картасы мен схемасы, туристік жорықтар техникасы мен бағдарлау туралы 
әдебиеттер,қауіпті өсімдіктер мен жануарлар туралы мәліметтер,алғашқы 
медициналық көмек туралы білімділік қорлар жинақталуы керек. Экскурсия 
маршруты экскурсанттар үшін қауіпсіз, әрі ыңғайлы болуы керек,және тағы 
бір ескертетін нәрсе маусым ерекшеліктері мен ауа райының құбылыстары. 
Табиғи экскурсияның бірнеше объектілері бар: ол Қарқараның ұлттық табиғи 
саябақтары, Бурабай, Алтын Емел, Іле-Алатауы, Шарын саябақтары, 
қорықтардан Ақсу-Жабағлы, Наурызым, Қорғалжын, Марқакөл, Барса-
келмес, табиғи ескерткіш Үстірт, Айғақ құм, Қарақия ойысы, Баянауыл, Тізбек 
қарағай ормандары, т.б. Қорықтар мен ұлттық саябақтар жанынан жиі 
мұражайлар ашылады. Осы аймақтарға экскурсия өткізгенде экскурсанттарды 
экскурсовод алып жүреді. Туристер бұл аймақтарда өзін қалай ұстау 
ережелерімен танысады. Табиғи экскурсиялардың атқаратын түрлері мен 


мақсаттары бар. Турбаза демалушылар үшін қоршаған айналасымен танысу, 
демалу орнына дұрыс бағыт табу. Бұндай экскурсияларда фауна, флора 
объекттерімен танысады. Әр табиғи объектіне паспорт толтырылады: 
-Аты-жөні (Орман, өзен, тау…). 
-Географиялық орны, кімнің қарауында. 
-Объекттің сипаттамасы. 
-Пайда болған кезі, құрылған уақыты. 
-Көлемі, маусымдық ерекшелігі (мысалы, үңгірдің су алу кезі). 
-Флора, фаунасы. 
-Объекттің маңызы (ғылыми, туристік, шаруашылық). 
-Қосымша мәлімет. 
-Әдебиет. 
Табиғи экскурсияларды дайындау үшін көптеген деректер зерттеледі: 
құқықтық база, арнайы өлкетану әдебиеттер, өсімдік анықтауыштар, 
жергілікті жердің картасы мен схемасы, туристік жорықтың техникасына 
арналған әдебиет және қауіпті өсімдіктің түрлерімен танысу. Маршрутты 
құрғанда қауіпсіздік жерлерді таңдайды. Көрсету орнын алдын-ала, маусым 
ерекшелігін еске ала тұрып таңдайды. Табиғи экскурсия танымдықты 
ынталандырады, денсаулықты нығайтады, көңіл күйді көтереді, қоршаған 
ортаға қамқорлықпен қарауды тәрбиелейді. Табиғи экскурсиялардың 
тақырыбы алуан түрлі болуы керек. Оны туристер мен қатысушылардың 
құрамына сәйкес түрлендіруі қажет. Сол себепті әр түрлі өлкетанушы 
мамандармен, мекемелермен байланысты ұстап тұруы керек: оқу, зерттеу 
мекемелерімен, қорықтармен, ұлттық саябақтармен, мұражайлармен, 
зообақтармен, 
ботаникалық 
бақтармен, 
туристік 
фирмалармен, 
метеостанциялармен тығыз байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет