№1 дәріс Тақырыбы: Экскурсияның негізгі функциялары мен белгілері Дәріс мақсаты



Pdf көрінісі
бет32/57
Дата21.12.2023
өлшемі1,22 Mb.
#141920
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   57
Байланысты:
Экскурсия Лекция

 
№12 дәріс 
Тақырыбы:
Архитектуралық-қала құрлысы тақырыбы бойынша
экскурсияларды өткізу ерекшеліктері
Дәріс мақсаты: 
Студенттерге осы тақырып бойынша теориялық білімдерін 
жетілдіріп, оны тәжірибеде қолданудың аясын кеңейту 
Жоспары:
1.
Сәулет өнерінің объектілерінің негізгі ұйымдары 


2.
Сәулеттік және өнертану экскурсияларының эстетикалық 
тәрбиелеуге, этикалық идеяларды қалыптастырудағы маңызы 
1.Сәулет экскурсияларына шолу 
Адамдардың тіршілік кешіп өмір сүру аймағын 
мекен
деп атайды. 
Тұрақты және уақытша мекендер болады. Ертедегі қазақтардың уақытша 
мекендері жыл маусымдарына байланысты жайлау, күзек және қыстау деп 
аталған. Адамдардың топтасып өмір сүру орындарын ауыл немесе қала деп 
атаған. Мекен бір немесе бірнеше баспаналардан тұрады. Заманның талабына, 
адамдардың талғамына қарай баспана жасау құрылысы және оның түрлері 
алуан түрлі сипатқа ие болды. Ауылдарда көркем, қалаларда зәулім, сәулетті 
үйлер мен ғимаратгар пайда бола бастады. Ғимараттардың небір әсем, 
көзтартарлық түрлерін ойлап табатын сәулетшілер және оны салумен 
айналысатын құрылысшылар мамандықтары қалыптасты. 
Адамдар жанын жадыратып, көңілін қуантатын ғимараттар әлемін 
жалпы ортақ «Архитектура» деп атады. Архитектура ұғымы «фектің -салушы, 
құрылыс» деген мағына береді. 
Архитектура-адамдардың іс-әрекеттері мен өмір сүруінің материалдық 
ортасын құраушы ғимараттар, құрылыстар немесе олардың кешендері. 
Архитектураның көп түрлілігі, табиғат жағдайларымен, үлттық 
дәстүрмен, қалыптасу дәуірімен ерекшеленеді. 
Сәулет ескерткіштері өздеріне кептеген маңызды оқиғаларға 
байланысты болатындығына қарай әртүрлі экскурсиялардың: жалпы шолу, 
тарихи, әскери- тарихи, әдебиет, дін тақырыптарындагы экскурсиялардың 
обьектісі бола алады. 
Жалпы сәулет тарихи дәуірмен, елдің, өлкенің, қаланың әлеуметтік 
құрылысымен, экономикасымен, өндіргіш күштердің дамуымен тікелей 
байланысты. Сәулет экскурсияларының танымдық, үлгі-өнегелік маңызы зор. 
Мұндай экскурсиялардың бірнеше түрі болады: 
- белгілі бір дәуірдің немесе кезеңнің сәулет ескерткіштерімен 
таныстыратьн экскурсиялар; 

көрнекті 
сәулетшілердің 
шығармаларымен 
таныстыратьш 
экскурсиялар; 
- қаланың бас жоспарымен, осы заманғы архитектураның үздік 
үлгілерімен таныстыратын экскурсиялар. 
Архитектуралық ескерткіштер қатарына тарихи қалалар (Түркістан, 
Тараз, Шымкент, Алматы) архитектуралык ансамблдер мен комплекстер, 
сарайлар, театрлар, әкімшілік және қоғамдық ғимараттар жатады. Монументті 
бейнелеу өнерінің туындылары: мүсіндер, фрескалар, мозайкалық паннолар 
мен витраждар, декорациялык әшекей, жабыстыру өрнектері, ою әшекейлер 
кіреді. 
Архитектуралық 
экскурсияларда 
қосымша 
илюстрациялық 
көрнекіліктер: жобалар, сызбалар, кесінді жөніндегі эскиздер, фото суреттер 
гравюраны қолданады. Оларсыз ғимараттың жэне оның айналасындағы 
кұрылыстың бастапқы кездегі кейпін, конструкциясының ерекшеліктерін, 


немесе бірнеше жылдан кейін қандай болатынын көз алдына елестету мүмкін 
емес. 
Әрбір архитектуралық туындының өзі үш жағынан - атқаратын қызметі, 
конструкциясы және эстетикалық жағынан қызықты болады. Архитектуралық 
экскурсияларда маңызды әдістердің бірі - жүріп отырып көрсету, сонда гана 
архитектуралык обьектілердің, қызметін, конструкциясын, эстетикалық 
жағын дүрыс көруге, шынайы қабылдауға болады. 
Сәулет тақырыбындағы экскурсияларда экскурсавод әңгімесінің күрделі 
бөлігі архитектуралық туындының композициясын талдау және онын 
ерекшеліктерін көрсету. Мұнда, көлемі мен кеңістік кұрылымын, 
архиотектоникасын, пропорциялығын, масштабын, түрін, өлшемі мен 
ырғағын, түсі мен өңін баяндау. Экскурсавод сәулетшінің көркем образды 
калай шебер жасағандығын ашьп көрсетуі тиіс. Осы орайда құрылыс 
материалдарының мәнін ашып көрсету де маңызды. 
Діни архитектураны көрсету, адамдар бойында имандылықтың 
қалыптасуына, діннің мәні мен мағынасын түсінуге, дін тарихын ұғынуға 
мүмкіндік береді. Діни бағыттағы архитектураның өзіндік әсерлік 
ерекшеліктері мол. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет