Эклектизм -
тапсырыс беру арқылы
адамдардың өз талғамдарына
байланысты қалыптасқан үлгілер жиынтығы.
Модерн - (Х
IX ғ.аягы) Әшекейлі күрделі сызықтарымен, пішіндерімен
ерекшеленеді, әсіресе ернеулер әшекейлері және қабырға сызықтары.
Конструктивизм - 6
ірінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды.
Бұл үлгі қарапайым және геометриялық пішіндер, жазық кабырғалар, биік
бөренелер, үлкен терезелер және безендірулердің болмауымен аныкталады.
Орталық Азия үлгісі -
Араб және
Иран мәдениетінің негізінде
жасалынады. Бұған сарайлар, медереселер, мешіттер,
мазарлар тән, мысалы
Өзбекстандағы «Регистан» алаңын және Қазақстандағы мазарларды алуға
болады.
Архитектуралық ансамбль дегеніміз - бір-бірімен эстетикалык жағынан
үйлесімді көз тартарлық ғимараттар кешені. Бұған мысал ретінде Астана
қаласының құрылыс кешендерін алуға болады.
Экскурсовод экскурсанттарға архитектуралық
ансамбль туралы
әңгімелегенде ең алдымен ғимараттардың инженерлік құрылыстардың,
монументті сурет салу өнерінің, мүсіннің, отырғызылған ағаштардың
композицияларының кеңістіктегі үйлесімді тұтастығын көрсетуі керек.
Сондай-ақ, архитектуралық ансамбль құрылысының
кеңістік шешімінің
тұтастығына, ансамбль құрамына кіретін ғимараттардын бірдей болуына,
ритімінің бірлігіне, бөліну үйлесімділігіне байланысты болатындығын
айтқаны дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: