өз ой-өрісін,
сөйлеу қабілетін, білімділігін дамытады, отанға деген
сүйіспеншілік сезімді тудырады. Көрнекілік фактілерді ойластырады.
Табиғаттану экскурсияларының маңызды міндеттерінің бірі, адам тіршілігінің
өзегі табиғат компоненттерімен егжей тегжейлі таныстыра отырып, табиғатты
қорғау, табиғат байлықтарын ұқыптылықпен
қорғау мәселесін барынша
насихаттау.
2.Табиғаттану экскурсияларының классификациясы.
Табиғаттану экскурсиялары
тақырыптық және шолу болып бөлінеді.
Шолу экскурсиясына «Алып Тянь-Шаньмен кездесу», Кіші Алматы өзенінің
аңғарында өткізілетін экскурсия жатады. Бұл экскурсияларда геология,
зоология,
ботаника
тақырыптары
қозғалады.
Басқа
табиғаттану
экскурсиялардың
тақырыптары
гидрологиялық,
минералогиялық,
астрономиялық, табиғат ескерткіштері жатады. «Ерекше қорғалатын табиғат
аймақтары» деген Қазақстан Республикасының заңында (15.07.1997)
құқықтық,
экономикалық,
әлеуметтік
және
осы
аймақтарда
ұйымдастырылатын жұмыстарының келесі объекттерге көңіл аударылады:
зоологиялық- сирек,
және құнды жануарларды, уникалды жануарлар
бірлестіктері (барс, архар); ботаникалық – дәл сол тек қана өсімдіктер жөнінде;
ормандық – ерекше қорғауға алынған аймақ; дендрологиялық –
бұған жеке
талдар, немесе олардың тобы, ғылым үшін мәдени – тарихи мағынасы бар
ағаштар жатады; гидрологиялық – су қоры, ерекше мемлекеттік маңызы бар;
геологиялық, геоморфологиялық – экологиялық ғылыми құндылығы бар жер
қойнауының учаскілері.
Табиғи объектілердің мемлекеттік түрлері бойынша табиғи қорықтар, ұлттық
қорықтар,
табиғи ескерткіштер, қорықтық зоналар, зоологиялық саябақтар,
ботаникалық
бақтар,
дендробақтар
болып
бөлінеді.
Қазақстан
Республикасының Заңы бойынша бұл территориялар мәдени – ағарту, оқу,
туристік, рекреациялық мақсатпен пайдалануға болады. Заң бойынша үлкен
ерекше қорғауға алынған аймақтарда экскурсиялық зоналар болады.
Достарыңызбен бөлісу: