10 дәріс. Тұздардың гидролизі. 1.Қышқылдар, негіздер. Амфотерлі негіздер, амфотерлі қышқылдар, тұздар.
2. Тұздардың гидролизі.
Қышқылдар жайлы алғашқы теориялар.Қышқылдардың табиғатын теория жүзінде айыра білу Лавуазьенің еңбектерімен байланысты. Ол көптеген қышқыл-дар жай заттардың оттекпен әрекеттесуінен шығатынын байқады. Мәселен, күкірт пен фосфордың оттекті қосылыстары- оксидтердің судағы ерітінділері қышқылдық қасиет - көрсететіндігі анықталды. Қышқылдарға тән ортақ қасиет - олардың құрамында оттек бар заттардың бәрі де қышқыл болады деген ұғым қалыптасты. Оттектің аты оксигениум француздың “oxygene” - "қышқыл тудырушы" деген сөзінен шыққан.
Лавуазье теориясы біршама қышқылдардың, тұздардың түзілуін түсіндіре білді. Лавуазье теориясынан туатын қышқылдарды бөліп оттекті қышқылдар деп атауды ұсынды.
Қышқыл мен негіздің иондық теориясы. Иондық теория бойынша қышқыл деп суда ерігенде сутек ионын Н+ бөлетін заттарды айтады, өйткені қышқылдарға тән жалпы қасиеттер-металдарға, индикаторларға әсері, дәмі, т.т. тек сутек катионының қасиеті болып табылады. Негіздер деп суда гидроксид ионын ОН- бөлетін заттарды айтады. Олардың жалпы қасиеттері: қышқылдық табиғатты заттарға, индикаторларға әсері, денеге тигенде сабындануы т.т. бәрі де тек гидроксид анионына тән қасиеттер.
Қышқыл мен негіздің өзара бейтараптану реакциясының теңдеуі:
H+ + OH- = H2O
Бұдан қышқылдың немесе негіздің күшін білу үшін ерітіндідегі Н+ және ОН- иондарының концентрациясын анықтау жеткілікті болатыны көрініп тұр. Шынында да осыдан барып қышқылдар мен негіздердің басты сипаттамалары: диссоциациялану константасы, сутектік көрсеткіш рН шықты. Қышқылдар мен негіздердің иондық теориясының арқасында бүтіндей суда жүретін үдерістердің аквахимиясының негізі қалыптасты.
Оның қарамағында бір ғана қышқыл Н+, бір ғана негіз ОН- бар. Сондықтан бейтараптану реакциясы да жалғыз, әрі оның негізінде тұз түзілудің орнына су түзіліп тұр. Су - қышқыл мен негіздің бірін - бірі толығымен бейтараптануынан шығатын-дықтан дүниедегі бірден-бір абсолют бейтарап зат болып есептеледі.