1-дәріс. Тақырыбы: Фонетика туралы жалпы түсінік. Фонетиканың салалары. Қазақ фонетикасының зерттелуі 1


Дыбыстардың өзгерісі (изменения звуков)



бет14/20
Дата02.10.2023
өлшемі100,31 Kb.
#112449
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Дыбыстардың өзгерісі (изменения звуков). Адам сөйлеп тұрғанда, сөз ішінде қолданылған дыбыстардың бір-біріне тигізген артикуляциялық әсерінен немесе басқа да әртүрлі фонетикалық жағдайлармен байланысты толып жатқан дыбыстық өзгерістер пайда болып отырады.Тіліміздегі фонетикалық факторлар жалпы тіл ғылымының, оның фонетикалық саласын зерттеуші ғалымдардың, дыбыс алмасулары туралы айтқан пікірлері қазақ тіліне де ортақ екенін байқатады. Сондықтан дыбыс алмасулары олардың түрлері жайындағы жалпы тіл біліміндегі теориялық, материалдар қазақ тіліндегі дыбыстық алмасуларда айқындауда жетекші теория бола алатынын саналы түрде түсінген жөн.Сөз ішіндегі фонемалардың өзгеруі негізінде дыбыс алмасулары үш түрде пайда болады. Олар – шектік (позициялық) өзгерістер, игерулі (комбинаторлық) өзгерістер, игерусіз (спонтандық немесе тарихи дағдылы) өзгерістер.
Фонетикалық құбылыстар. Әр тілдің өзіне ғана тән дыбысталу заңдылықтары – сол тілді дербес тіл етіп тұратын белгілердің бірі – десек, сол тіл өзге тілдерден сөз қабылдамай тұра алмайды. Ондай сөздер халықтың «қара қазанында» (айту машығы, артикуляциясы деген мағынада) қайта қорытылып, азды-көпті дыбыстар өзгерістерге ұшырап, игеріледі. Дыбыстың яғни фонетикалық өзгерістер әртүрлі болуы мүмкін. Кірме сөздің құрамындағы кей дыбыстар алмастырылып, кейбір дыбыстар, ара-тұра буындар аласталып, керісінше, енді бір дыбыстар мен буындар жаналып айтылуы заңды. Сөйтіп, сөз сапалық та, сандық та өзгерістерге ұшырайды. Мұндай өзгерістер төл сөздерде де болып жатады. Фонетикалық құбылыстар – сөздің құрамында болатын әр алуан дыбыстық өзгерістер. Тіл білімінде мұндай өзгерістердің әрқайсысының атауы бар. Олар: протеза, эпентеза, редукция, абсорбция, синкопа, гаплология, эпитеза, метатеза, апонопа, элизия т.б. Енді осылардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтейік.
Протеза (грек prothesis – алдында тұру) сөздің алдынан басы артық дыбыстың қосылуы. Бұл кірме сөздің айтылуын жеңілдету үшін қажет. Мұндай дыбыс дауысты да, дауыссыз да болуы мүмкін. Қазақ тілінде протеза болатын негізінен қысаң дауыстылар. Олар л, р дыбыстарынан басталатын кірме сөздің алдына жамалады. Олай болатыны қазақ тілінде лақ, лап, лау, лық, лып, лаң, лүп сияқты он шақты еліктеуіш болмаса, байырғы атаушы сөздер бұл дыбыстардан басталмайды.
Ы: лаж, лай, лас, лашын, лау («ылау деп, үй деп дікілдеп» Абай) рас, рақмет, разы, рай, рахат, ранг, распадия, рация.
І: леген, легер, леп, рәсім, рәуіш, рет, реніш, ребус, революция, регрес, ремс, редукция, республика, Ресей.
Ұ: рұқсат, рух, ру, Лұқпан.
Ү: Рүстем, үрол (роль).
Қазақ тілінде протезаның күші елеулі өз алдына буын болып тұратындықтан жазуда да жағаласып жүреді.
Орыс (русс), ораза (раза), орамал (румал) сөздерінің басындағы о да протезаның нәтижесі.
Рас, қазіргі көзі қарақты көкірегі ояу білімді қауымның айтуынша р әсіресе л дыбысынан басталатын орыс сөздерінде протезаның күші әлсіреп барады. Екі-үш дауыссыздан басталатын орыс сөздері протезамен айтылады: (ы) станция, (ы) спектр, (ы) станок, (ы) статус, (і) спектр, (і) штрек, (і) стенд, (і) стиль. Мұның жазудағы көрінісі – үстел (стол). Араб-парсы тілдерінде де қос дауыссыздан сөз басталмайды. Парсы сөзі, бізде қосымша, -стан жазудың жұмысы. Дыбысталуы: ыстан (қазағ-ыстан-бағ-ыстан) –істан (тәжіг-істан), үстан (Түрк-үс-тан, гүл-стан), ұстан (башқұр-ұстан).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет