1-дәріс. Тақырыбы: Фонетика туралы жалпы түсінік. Фонетиканың салалары. Қазақ фонетикасының зерттелуі 1



бет17/20
Дата02.10.2023
өлшемі100,31 Kb.
#112449
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ

Дыбыстардың алмасуы. Тіліміздің ауызша формасында дыбыстардың заңдылықтарын барлық шебінде ұстайды. Егер айтуда осы үндестік сақталмай, бұзылатын болса, мұның өзі айтылуы мен жазылуының арасын парықтай алмаудан туады. Өйткені жазу сөздің айтылуын дәл бере алмайды. Оның үстіне морфологиялық принцип басшылыққа алынатын біздің жазуымызда түбірдің соңғы дыбысы көбіне өзгеріссіз жазылады. Мысалы: жан етістігінен өрбитін жанды, жанбады, жанған (жоқ) сияқты формаларда түбірдің бастапқы қалпы сақталып жазылады. Алайда осындағы н әрпі үш сөзформада үш түрлі дыбысталады. Тілдің табиғатын, фонетикалық заңдылықты жақсы білгенде ғана мұның себебін нақты білуге, түсінуге болады.
Алмасу - альтернация (лат alternation, орысша чередование) - әр түрлі сөзформалардың құрамында кездесетін бір морфеманың бір дыбысының көрші дыбыстың әсерінен басқа дыбысқа өзгеріп кетуі. Әңгіме морфеманың дыбыстық құрамы туралы болғандықтан, мұның өзі морфонологияның да обьектісі бола алады. Дыбыстық алмасу – фонетикалық жағдайдың (көрші дыбыстардың) нәтижесі мұны комбинаторлық (лат. combinare – біріктіру, тіркестіру) немесе позициялық (лат. positio – жағдай шеп) өзгеріс деп те атайды. Ал сәйкестік спонтанды (лат. spontaneous – кенет пайда болған, байланыссыз) өзгеріс түрде танылады.
Ықпалдың түрлері.Үндестік заңы сөз ішінде немесе сөз аралығында қатар келген дыбыстар мен буындардың бір-біріне ықпал етіп, бірінің екіншісіне бейімделіп тұруына негізделеді. Ықпал негізінен морфеманың аралығында (жапсарында) қатар келген дыбыстар мен буындардың арасында болады. Ал морфеманың өз ішіндегі дыбыстар мен буындар (көп буынды сөздер) тарихи дамудың нәтижесінде қалыптасқан құйма деп қараймыз да, сол дайын күйінде танимыз. Сонда түбір морфеманың соңғы буыны қосымша морфеманы (бұл көбіне бір буынды болып келеді) тілдің қатысы жағынан жуан немесе жіңішке етіп игеріп тұрады: дала-ның, дала-ға, қасиет-ті, қасиет-і. Сондай-ақ ерін қатысы жағынан да ықпал ете алады: үй-гө,үй-дү, өс-үр, өс-үп. (Буындардың бір-біріне ықпалы сингарманизмге айтылады). Дыбыстардың бір-біріне етер ықпалы негізінен екі түрлі болады: а)дауыс (салдыр) қатысына қарай және ә) айтылу орнына (артикуляциясына) қарай. Біріншісін акустикалық, екіншісін арткуляциялық ықпал дейді.
Түбірдің соңғы дыбысы қосымшаның басқы дыбысын дауыс (салдыр) қатысы жағынан әрқашанда тәуелді етіп, игеріп тұрады. Үндестік заңында дыбыстардың осы қасиеті қатты ескеріледі. Күшті дыбыстар әлсіз дыбыстардан кейін тұрып та ықпал ете береді: қабы (қап-ы), тарағы (тарақ-ы), күрегі (күрек-і). Көрші дыбыстар айтылу орны жағынан да бір-біріне азда-көпті ықпал етіп тұрады. Кейде ол дыбыстардың алмасуына себепші болады: жаңған (жан-ған), жамбады (жан-бады) – артикуляциялық нәтижесі.
Көрші дыбыстардың (буындардың) бірі игеріп, екіншісі соның ықпалына көніп, игеріліп тұрады. Игерудің өзі екі түрде болады: а) толық игеру дәл өзіндей ету; ат-ты,кес-се, тарақ-қа, қаппен, ашшы (ас-шы); жартылай игеру - өзіне жуықтату, - бейімдеу: ат-қа, кес-ті, тарақ-ты, қап-қа, ас-ты, аш-ты. Игеру бар жерде үнемі алмасу бола бермейтіні есте болуға тиіс. Өйткені көрші дыбыстар біріне-бірі алдын-ала ыңғайланып, үйлесіп келеді, тек олай болмаған жағдайда ғана алмасуға мәжбүр болады. Игеретін дыбыстың орын тәртібіне қарай қазақ тілінде дыбыстардың бір-біріне ықпалы үш түрлі болады.
1. Ілгерінді (прогрессивті) ықпал – алдыңғы дыбыстың кейінгі дыбысты өзіне тәуелді етуі, игеруі.
Бұл – бүкіл тіліміздің табиғатын танытатын негізгі заң. Көрші дыбыстардың алдыңғысы кейінгісін үнемі дауыс (салдыр) қатысы жағынан тәуелді етіп, игеріп тұрады. Сөздеріміздің бірыңғай жуан буынды немесе жіңішке болып келуі ілгерінді ықпалға негізделген. Ерін үндестігі де осы заңға жатады.
2. Кейінді (регрессивті) ықпал – прогрессивті ықпалға қарама-қарсы, кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысты тәуелді етуі, игеруі.
Соңы қ, к, п қатаңдарына біткен сөздерге дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда, әлсіз қатаңдар күшті дауыстылардың регресивті ықпалына ұшырайды: тарағы (тарақ-ы), күрегі (күрек-і), қабы (қап-ы). Регресивті ықпал күрделі сөздердің (әсіресе кіріккен, біріккен түбірлердің) буындары арасында жиі кездеседі: бүгін (бұл күн), әкел (алып кел). Дыбыстар акустикалық жақтан үндескенімен, артикуляциясы жағынан үйлеспей қалуы мүмкін. Мұны регрессивті ықпал реттейді: жамбады (жан-бады), сөңген (сөн-ген).
3. Тоғыспалы ықпал – көрші дыбыстардың ілгерінді-кейінді қарсы әсері. Әдетте мұның өзі екі-ақ жағдайда, оның өзінде де сөз бен сөздің арасында ұшырайды: а) Амангелді (Аманкелд), қаңғызыл (қан қызыл), оңғой (он қой).
Сөйтіп, көрші дыбыстардың алдыңғысында нқ, нк тіркестері –ңғ, ңг-ге, кейінгісінде сж тіркесі шш –ға айналады. Көбіне алдыңғысы кейінгіге, кейде кейінгісі алдыңғысына, ара-тұра ілгерілі-кейінді ықпал етіп, бірін-бірі игеріп, біріне-бірі бейімделіп тұрады. Көрші буындардың арасында да осыған ұқсас ықпалды аңғаруға да болады. Тек тоғыспалы ықпалға ұшырап, екі буынның бірдей өзгеруі байқалмайды. Бір-біріне ықпал етіп, үндесетін дыбыстар морфемалар аралығында қатар келген жағдайда ғана болады дедік. Соның өзінде кез-келген сөз бен сөздің (яғни кейінгі морфема сөз түрінде келгенде) аралығындағы дыбыстар (буындар) ықпалға ұшырай бермейді. Тек көрші сөздер бір бунаққа еніп айтылғанда ғана ықпал туралы айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет