1-дәріс. Тақырыбы: Фонетика туралы жалпы түсінік. Фонетиканың салалары. Қазақ фонетикасының зерттелуі 1



бет16/20
Дата02.10.2023
өлшемі100,31 Kb.
#112449
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ

Эллипсис (грек. ellipsis – түсіп қалу, түсірілу) – тілдік единицаның түсіп қалуы, синтаксистік конструкцияның құрылымдылық жағынан толымсыздығы.
Эпентезе (грек. epenthesis – үстеме) – дыбыстардың комбинаторлық өзгеруінің бір түрі – түбір сөздің өзіне тән емес, қосымша бір дыбыстың пайда болуы. Э. кірме сөздерді қабылдағанда ана тілдің ерекшелігіне жатпайтын дыбыс тіркестеріне байланысты пайда болады. Эпентеза көбінесе нормаға түспеген ауызекі тілде жиі айтылады.
Тақырыбы: Игерусіз (спонтандық) өзгерістер
9.1. Игерусіз (спонтандық немесе тарихи дағдылы) өзгерістер.
9.2. Үндестік заңы және фонетикалық құбылыстар
9.3. Тіл үндестігі.
9.4. Дыбыстардың алмасуы.
9.5. Ықпалдың түрлері.
9.6. Ерін үндестігі.
Адамның тілі – дыбыстық тіл. Біз өз ойымызды осы дыбыстардың тіркесі, тізбегі арқылы білдіреміз. Дыбыстардың өзара тіркесуінде әр тілдің өзіне ғана тән белгілі бір қалыптасқан заңдылық, жүйе болатыны айтылды. Морфемалардың бірыңғай жуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың біріне-бірі акустика – артикуляциялық жақтан бейімделіп, үйлесіп тұруын дыбыстардың үндесуі немесе үндестік заңы дейміз.
Қазіргі қазақ тілінде түбір мен қосымшаның аралығында қатар келген буындар мен дыбыстардың өзара үйлесімі, яғни тілімізге тән негізгі үндестік заңдар төмендегідей:

  1. Түбірдің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар да жуан буынды болады.

  2. Түбірдің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке буынды болып келеді.

  3. Түбірдің соңғы дыбысы дауысты не үнді болса, оған жалғанатын қосымшалар ұяң не үндіден басталады.

  4. Түбірдің соңғы дыбысы ұяң болса, қосымша ұяңнан басталады.

  5. Түбірдің соңғы дыбысы қатаң болса, қосымша тек қатаңнан басталады.

Бұл заң әсіресе түбір мен оған жалғанатын жалғаудың арасында жақсы сақталады. Ал жұрнақтар туралы бұлай деу бір жақтылау болып шығады.
Дыбыстардың үндесуі немесе үндестік заңы қазақ тілі фонологиясының ең өзекті мәселелерінің біріне жатады. Дыбыстардың акустика-артикуляциялық сипаттарын нақты білгенде ғана бұл заңдылықты жақсы аңғаруға және түсінуге болады. Олай болса, тіліміздегі дыбыстарды дауыстылар және дауыссыздар деп бөлу, оларды сан және сапа жағынан айқындау, әр дыбысқа тән белгі-қасиеттерді мұқият оқып, үйрену – алдымен осы дыбыстардың үндесу заңдылықтарының сырын, сипатын білу үшін, айқындау үшін қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет