1-дәріс. Тақырыбы: Фонетика туралы жалпы түсінік. Фонетиканың салалары. Қазақ фонетикасының зерттелуі 1



бет19/20
Дата02.10.2023
өлшемі100,31 Kb.
#112449
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ

Орфографиялық ережелер белгілі принциптер негізінде түзіледі. Көптеген тілдердің емле заңдарында екі – үш, кейде үш – төрт түрлі принцип негіз болады. Олар: фонематикалық, фонетикалық, морфологиялық, тарихи – дәстүрлі т.б.


Морфологиялық принцип бойынша сөз бөлшектерінің түбір тұлғалары сақталып жазылады, фонематикалық принцип бойынша жазуда дыбыстардың бір сөз ішіндегі немесе сөз аралықтарындағы бір –біріне тигізетін әсерлері ескерілмей олардың негізгі фонемалық түрі сақталады.
Фонетикалық принцип бойынша сөз бөлшектерінің дыбыстық өзгеріске ұшырауы есепке алынып олар айтылуынша жазылады, ал тарихи –дәстүрлік принцип бойынша жазу сөз бөлшектерінің түбір тұлғасын сақтау ережесіне де естілуінше жазылу ережесіне де сай келмейді, мұнда сөздердің бір кездері қалыптасып үйреншікті болып кеткен жазылу түрі сақталады.
Қазақ орфографиясының негізгі принциптері морфологиялық, тарихи – дәстүрлік, фонетикалық, фонематикалық принциптері де ескеріледі.
Морфологиялық принцип сөз бөлшектерінің, яғни түбір жұрнақ, жалғауларының түбір тұлғаларының сақталып жазылуын талап етеді. Мысалы:жұмыс, іш, ас деген түбірлерге –шы, -шен, -са деген қосымшалар жалғанғанда, аралық дыбыстар бір –біріне әсер етіп, жұмұшшы, ішшен, ашша болып айтылады. Бірақ сөздердің түбірлері мен жалғанған қосымшалар өз түлғаларын сақтап, жұмысшы, ішсен, ашса болып жазылады.
Фонематикалық принцип бойынша жазуда бір сөз ішінде дыбыстардың әр түрлі варнианттары ескерілмейді, сөз бөлшектеріндегі фонемаларының негзгі реңкі сақталады. Мысалы: қашанғы, түнгі, күнге деп жазылған сөздер қашаңғы, түңгү, күнгө болып айтылады, естіледі. Қазақ орфографиясында морфологиялық принциппен фонетикалық принциптердің тоғысмып келетін сәттері жиі кездеседі.
Қазақ орфографиясында фонетикалық принципте кеңінен қолданылады. Ол принципке жалғаулар, сондай-ақ жұрнақтардың көпшілігі сөздің соғы буыны жуан – жіңішкелігіне қарай және соңғы дыбысына қарай түрленіп келетіндігі, сөз соңындағы

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет