1 Дәріс тақырыбы Кіріспе. Катты де ненің құрылысы


Деформацияланған металдың құрылымы мен қасиеттерiне қыздырудың әсерi



бет6/35
Дата04.05.2023
өлшемі1,19 Mb.
#89991
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Материалтану Конспект лекций (2)

Деформацияланған металдың құрылымы мен қасиеттерiне қыздырудың әсерi. Пластикалық деформация металды құрылымы тұрақсыз күйге әкеледi (тойтарма). Шамалы ғана қыздырудың өзi (мысалы Fe үшiн 300-400С) дислокоациялардың өзара жойылуымен iшкi кернеулердiң азаю нәтижесiнде, олардың кескiнi бұзылады. Бұл процестi қайту немесе тынығу деп атайды. Нәтижесiнде қаттылық пен берiктiк азаяды (20-30-ға), ал созылымдылық арта түседi.
Тынығумен бiрге полигонизация процесi бiрге жүруi мүмкiн. Полигонизация – түйiршiк iшiндегi ретсiз орналасқан дислокациялар бiр қатарға орналасып, қуысты, құрылысты құрайтын дислокациялар жиналады.
Өте жоғары температураларда қайта кристалдану процесi өтедi. Ал жаңа түйiршiктердiң пайда болу процесi былайша түзiледi: Тқ. крист. Тбалқу, мұндағы  - коэффициентi, металдың тазалығына байланысты. Металл тазалығы жоғары болған сайын, соғұрлым Тқ.крист төмен болады. Жай техникалық таза металдарда   0,30,4. Қорытпаларда қайта кристалдану температурасы таза металдардың қайта кристалдану температурасынан жоғары және 0,8 Тбалқу. Өте таза металдарда 0,10,2 Тбалқу жетуі мүмкiн. Қайта кристалданудан кейiн металдың құралымы мен оның қасиеттерi деформацияға дейiнгi күйдегiдей болады. Мысалы: Fe үшiн Тқ. крист. 450С; Cu металл үшiн Тқ. крист. 270С; Al үшiн Тқ. крист. 50С; Zn металл үшiн Тқ. крист. 20С.
Қайта кристалдану температурасы деформацияның дәрежесiне байланысты. Неғұрлым деформация дәрежесi үлкен болса, яғни құрылым қателерi көп болса, соғұрлым ол тұрақсыз және қайта кристалдану процесi жеңiлденедi, қайта кристалдану температурасы азаяды.

4 Дәріс тақырыбы. Қорытпалар және олардың тұрлері. Екі компонентті күй диаграммалар.


Екі немесе одан көп белшектерді балқыту арқылы алынған зат қорытпа деген үғымды береді. Қорытпаларды даярлаудың басқа тәсілдері болуы мүмкін: пісіру, электролиздік, қысу. Бүл жағдайлардан алынған заттар жалған қорытпа деп аталады. Тек металл бөлшектерінен даярланған қорытпа және металл қасиеттеріне ие металдық қорытпалар деп аталады. Қүрамы және өңдеу әдісіне қарай өзгеретін, өзгермелі кешенді қасиеттерге ие қорытпалар болады.
Жүйе - бақылауға және зерттеуге арналған денелерден бөлінген топ. Металтану металдар және металл қорытпалардың жүйелерін қамтиды. Таза металл қарапайым бір компонентті жүйе, ал қорытпаның қүрылымы екі және көбірек компоненттерден түруына байланысты күрделі жүйе деп аталады.
Затты құрастырушы — жүйені құрушы болып есептелінеді. құраушылар зерттелетін температура аралығында құрама бөлімдерінде қатыспаған таза заттар және химиялық қосылыстар болады.
Фаза - жүйеніц біркелкі бөлігі, беттік бөлімдегі жүйелерде басқа бөліктерден жеке, осы арқылы өткенде құрылымы мен қасиеттері тез өзгереді.
Варианттылығы (С)(бостандық дәрежелерінің саны) - бүл ішкі және сыртқы әсерлердің саны (температура, қысым, концентрация), жүйедеі фазалардың санын өзгертпей өзгертуге болады.
Егер варианттылығы С = 1 (көпварианты жүйе), фазалардың саны өзгермейтін кейбір шектерде бір факторларын өзгерту мүмкін. Егер варианттылығы С = 0 (нонварианты жүйе), жүйедегі фазалардың санын өзгертпей, сыртқы әсерлерді өзгертуге болмайды.
Қүраушылар саны (Қ) мен фазалардың саны (Ф) және жүйенің варианттылығы (С) аралығында математикалық байланыс болады. Бүл фазалардың ережесі немесе Гиббс заңы.
С = К - Ф + 2
Егер барлық айналулар түрақты қысымда болатын болса, онда сан өзгергіштері азаяды:
С = К - Ф + 1
Мүнда: С - бостандық дәрежелерінің саны, Қ – қүраушылардың саны, Ф - фазалардың саны, 1- температураның өзгеру мүмкіншілігін ескеретін сан.

Металл қорытпаларының қүрылымы, қорытпа қүрамына қандай қүраушылар әрекеттестікке кіретініне тәуелді болады. Дәлірек барлық металдар сүйық күйде бір-бірімен және кез келген мөлшерде ерінтінді күйіне түсе алады. Қорытпалар қүрылу кезінде олардың қатаюы барысында оны қоспалаушылар әртүрлі әрекеттстікте болуы мүмкін.


Қоспалаушылардың әрекеттестік сипаттамасына байланысты қорытпалар төменгідей белінеді:
1. Механикалық қоспасы;
2. Химиялық қосылыс;
3. Қатты ерітінділер.
Механикалық қоспа қорытпалары оны қоспалаушылар қатты күй-жағдайда өзара сруге қабілетті емес және химиялық реакция арқылы қосылуға кірмейтін жағдайда қүрылады. Бөлшектер арасындағы қүрылым мен қасиеттерінің маңызды айырмашылығы болғанда, егер біркелкі атомдар арасындағы тартылыс күші ортектілерге қарағанда көбірек артық болса қүрылады. Қоспалаушылардың қүрамындағы кристалдардан қорытпа түзеледі. Қорытпаларда оны қүраушылардың кристалдық торлары сақталады. Егер әртекті атомдар арасындағы тартылыс күші біртекті атомдар арасындағыдан көбірек артық болған жағдайда, химиялық қосылған қорытпалар бөлшектер арасындағы қүрылым мен қасиеттері маңызды айырмашылығы болғанда қүрылады.
Күй-жағдай диаграммасы
Кез келген қорытпалардың концентрация мен температурасына тәуелділіктегі жүйеде сипатталатын күй-жағдайларын графикалық бейнелеу арқылы куйінің диаграммасын береді (5.5 - сурет)

Сурет 9 – Қатты күйдегі компоненттердің шектелмеген ерігіштігіндегі цорытпалар куйініц диаграммасы (а); үлгідегі қорытпалардың салқындату сызықтары (б)


Сурет 10 - Ерігіштігі болмаған қатты күйдегі компонентті қорытпалар күйінің диаграммасы (а) және қорытпалардың салқындату сызықтары (б)

Сурет 11 - Қатты күйдегі компоненттерінің шек қойылган ерігіштіктегі қорытпалардық күйінің диаграммасы (а) және ерекше қорытпалардың салқындату сызықтары (б)

Сурет 12 - Компоненттер химиялық қосылыстарды құрастыратын қорытпалардың күйінің диаграммасы

Сурет 13 - Қатты күйдегі фазалық айналуда сыналатын қорытпалар күйінің диаграммасы (а) және қорытпаның салқындатуының қисық сызығы (б)

Сурет 14 - Үлгі күйдегі диаграммалар мен қорытпалар қасиеттерінің арасындағы байланыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет