1 Дәріс тақырыбы Кіріспе. Катты де ненің құрылысы


дәріс тақырыбы. Темір көміртекті күй диаграммасы. Темір негізіндегі қорытпалар



бет7/35
Дата04.05.2023
өлшемі1,19 Mb.
#89991
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35
Байланысты:
Материалтану Конспект лекций (2)

5 дәріс тақырыбы. Темір көміртекті күй диаграммасы. Темір негізіндегі қорытпалар.
Металл қорытпалардың күй диаграммаларының ішінде теміркөміртегі күй диаграммасының үлкен маңызы бар. Өйткені, техникада металды материалдардың ішінде көміртекті темір қорытпалары аса кең қолданылады.
Темір көміртекті қорытпалардың күй диаграммасының екі түрі бар: темір темір карбиді (Ғе3С) системасындағы түрленулерді сипаттайтын түрі тұрақсыз және темірграфит системасындағы түрленулерді сипаттайтын түрі тұрақты деп аталады.
Барлық аз көміртекті қорытпалар үшін кристалдану кезіндегі түрленулер тұрақсыз диаграмма бойынша жүреді. Жоғары көміртекті қорытпаларда алғашқы кристалдану кезіндегі түрленулер көбіне тұрақты диаграмма бойынша, ал одан әрі қатты күйде суыту барысында тұрақсыз диаграммамен өтеді.
Қорытпалардың басым көпшілігі үшін түрленулер теміртемір карбиді күй диаграммасы бойынша өтетіндіктен, бұл күйдің маңызы айрықша деп есептелінеді. Өйткені, темір карбиді цементит (Fe3C) түрінде болғандықтан, темір-көміртекті қорытпалардың тұрақсыз диаграммасын темір цементит (Fe Fe3C) күй диаграммасы деп атауға болады.
Темір көміртекті қорытпаларының компоненттері мен фазалары. Темір мен көміртегі – полиморфты элементтер. Темір периодтық системаның VIII группасына жатады. Темірдің атомдық нөмірі 26, атомдық салмағы 55,85; ферромагнитті ауыспалы металл. Балқу температурасы 1539 °С. Темірдің екі аллотропиялық модификациясы бар.
Техникалық темірдің құрамында С, Mn, Si, S, H, P, O, N, Cu, Cr, Ni сияқты әртүрлі табиғи қоспалар кездеседі. Бұл қоспалар темірдің құрамында қорыту кезінде рудадан, отыннан, ауадан өтеді. Құрамы 99,9% темір қалғаны 0,1% қоспалары техникалық темірдің қаттылығы НВ900 МПа.
Көміртегі периодтық системаның IV тобына жатады да, оның графит және алмас болып келетін екі модификациясы болады. Қалыпты жағдайда графит тұрақты болып келеді, ал алмас оның тұрақсыз модификациясы болып саналады. Қысым мен температура жоғары болған кезде синтетикалық алмас алуға пайдаланылатын алмас тұрақты болып келеді. Фаза көміртекті темір қорытпаларында сұйық ерітінді, феррит, аустенит, цементтит және графит түріндегі бос көміртегі болып кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет