Металдардың кристалдану механизмі мен заңдылықтары
Сүйық металда температура лайықты төмендеуінің салдарынан кіші кристалдар - кристалдану орталықтары немесе дәндер қүрыла бастайды. Алдымен олардың өсуіне қажетті металдың бос энергиясы азаюы қажет, болмаған жағдайда дәндер еріп кетеді. Дәндердің еркін өсуіне қажетті ең аз өлшем сын өлшемі деп аталады, ал дән - түрақты.
3 - сурет. Қатты фазадагы дәндер өлшемдерінің
жуйе энергиясына тәуелділігі
Сүйық күй-жағдайдан кристалдық жағдайға өту сүйық пен кристалды бөлу беттерін қүруға арналған энергия шығындарын талап етеді. Кристалдану процесі жүзеге асады, егер де бөлу беттерін қүруға арналған энергиядан қатты күй-жағдайға өтуде көбірек жоғалтатын болса, қатты фазадағы дәндердің өлшеміне байланысты энергияның тәуелділігі 3 - суретте келтірілген.
Кристалдану орталықтары бастапқы фазада бір-бірінен байланыссыз кездейсоқ орындарда қүрылады. Басында кристалдар дүрыс түрлі болып, бірақ басқа кристалдармен қағысу және бітіп кетуіне байланысты түрі бүзылады. Оның өсуі қоректенуші ортаға еркін мүмкіншілігі бар бағыттарда жалғасады. Кристалдану біткеннен кейін поликристалды дене алынады.
Үсақ түйірлі қүрылым алу шарттары
Үсақ түйірлі қүрылым алудың тиімді шарттары төмендегідей болады: кристалдану орталықтарының саны барынша көп және кристалдардың өсуінің жылдамдығы аз болуы тиіс.
Кристалдану кезінде түйірлердің өлшемі, дайын кристалдану орталықтарының міндетін атқаратын ерімейтін қоспалардың кішкентай бөлшектерінің санына тәуелді болады - тотықтар, нитридтер, сульфидтер. Кішкентай бөлшектер көбірек болса, кристалданған металдардың түйірлері солғүрлым үсағырақ болады. Калыптардың қабырғаларының тегіс болмауы, кедір-бүдырлар металдың кристалдану жылдамдығын үлкейтеді. Сүйық металдарға бөгде заттарды (модификаторларды) қосып, үсақ түйірлі қүрылымды алуға болады. Оны модификациялау деп атайды. Әсер ететін механизмімен бөлінеді:
1. Сүйық металда ерімейтін заттар - қосымша кристалдану орталықтары ретінде алынады.
2. Металда еритін, өсіп түрған кристалдардың беттерін қоршап, олардың өсуіне кедергі болатын белсенді заттар.
Достарыңызбен бөлісу: |