1 Дәріс тақырыбы Кіріспе. Катты де ненің құрылысы



бет10/35
Дата04.05.2023
өлшемі1,19 Mb.
#89991
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
Байланысты:
Материалтану Конспект лекций (2)

Болаттарды шынықтыру кезіндегі жағдайлардың көпшілігінде қаттылығы өте жоғары болатын құрылым, яғни мартенситті құрылымнан тұрады. Қаттылықтары тең болған кезде мартенситті жұмсартудан алынған құрылымның механикалық қасиеттерінің кешені, аустениттің ыдырау нәтижесінде алынған құрылымдардың механикалық қасиеттерінің кешенінен жақсырақ болады.
Шынықтыру кезiндегi қыздыру температурасы. Қыздырып өңдеу шарттары бойынша шынықтыруды: толық шынықтыру және шала шынықтыру деп ажырату iсi қабылданған. Толық шынықтыру кезiнде болатты бiр фазалық аустениттiк күйге көшiредi, яғни оны АС3 немесе Аст межелiк температурасынан жоғары қыздырады, ал шала шынықтыруу кезiнде болат межелiк аралық – АС1 және АС3 (Аст) арасындағы – температураларға дейiн қыздырылады. Шынықтырудан кейін мартенситтік құрылымға ие болады.
Болаттарды жұмсартудың тәжірибелік мақсаты әр түрлi болуы мүмкiн.
Көмiртектi және аз легiрленген болаттарды жұмсарту. Жұмсартуға қарсылық жасайтын жоғары кедергiсi (қызуға төзiмдiлiгі) жоқ болаттарға қолданылатын жұмсартуды, қыздыру температурасына байланысты: төменгi температуралы, орташа температуралы және жоғары температуралы жұмсарту деп атайды.
Төменгi температуралы жұмсарту шынықтырылған болатты 150–250°С температураға дейiн қыздыру арқылы жүзеге асырылады. 200–250°С жұмсарту температурасында қаттылық айрықша төмендейдi, бiрақ жұмсарған мартенситке тән жоғары мәнi сақталады.
Орташа температуралы жұмсарту шынықтырылған болатты 350–500°С температураға дейiн қыздыру арқылы жүзеге асырылады. Осындай температураларда жұмсартуда жұмсартылған троостит түзiледi, бұл шынықтырылған болаттың қаттылығын елерлiктей төмендетуге әкеп соқтырады.
Жоғары температуралы жұмсарту шынықтырылған болатты 500–650°С температураға дейiн, ал АС1 температурасын арттыратын және жұмсартуға қарсылық жасайтын кедергiнi айрықша арттыратын, құрамында легiрлеушi элементтер болатын болаттарды өте жоғары температураға дейiн қыздыру арқалы жүзеге асырылады. Осындай температураларда жұмсартылған сорбит құрылымы түзiледi.
Металды бөлшектердің беткі бөлігін сыртқы ортадан диффузиялау жолымен келген қайсы–бір элементпен қанықтыруға әкелетін технологиялық процестерді химиялық – термиялық өңдеу деп атайды.
Химиялық–термиялық өңдеудің мақсаты: тозуға төзімділігі мен қажуға беріктігін арттыру, электрохимиялық немесе газ коррозиясына қарсылық көрсететін кедергіні арттыру болып табылады.
Болаттарды цементтендіру болатты бөлшектердің беткі қабатының көміртегімен диффузиялық аса қанығу процесін цементтендіру деп атайды.
Болаттарды нитроцементтендіру болатты бұйымдардың беткi қабатын көмiртегімен және азотпен қоса диффузиялық аса қанықтыруды нитроцементтендipy (циандау) деп атайды.
Болаттарды азоттау процесі 500–6000С температурада аммиак атмосферасында жүргізіледі. Бұл температурада аммиак мына: 2NH3 = 2N + 3H2 реакция бойынша ыдырайды. Оның нәтижесінде бөлінген азот атомы болаттың бетіне енеді. Азотталған болатын 200°С–қа дейін аммиак ағынында, сонан соң ауада қалыпты температураға дейін суытылады. Азотталған металл бетінің қалыңдығы 0,2–0,4 мм шамасында болады.
Диффузиялық металдау болаттар мен корытпалардың беткі қабатын хроммен, алюминиймен және басқа да металдармен, сондай-ақ кремниймен, бормен қанықтыруды беттiк диффузиялық легірлеу деп атайды.
Металдармен диффузиялық қанықтыруды кейде диффузиялық металдандыру деп те атайды. Хроммен, алюминиймен, кремниймен диффузияланған қорғаныш қабаттар, көбiне, болаттардың және жаңа техникада пайдаланылатын, қиын балқитын металдар негiзiнде қорытылатын қорытпалардың ыстыққа төзiмдiлiгiн артты­ру үшiн орындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет