1-дәріс Тақырыбы: Психологияға кіріспе. Мен және менің мотивациям Эмоциялар және эмоционалдық интеллект. Адамның ерік қасиеті мен өзін-өзі реттеу психологиясы Мақсаты


Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері



бет2/4
Дата07.04.2023
өлшемі170,59 Kb.
#80201
1   2   3   4
Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері
Психологияның басқа ғылымдар сияқты өз әдістері бар. Ғылыми зерттеулердің әдістері –практикалық ұсыныстарды шығару және ғылыми теория құру үшін керекті мәліметтер алнатын тәсілдер мен құралдар. Әрбір ғылымның дамуы, көбінесе пайдаланатын әдістердің жетңлгендңгіне және олардың қаншалықты сенімді екеніне байланысты. Мұның барлығы психологиға да қатысты.
Психология зерттейтін құбылыстардың күрделілігі мен көптүрлілігі ғылыми танымға қиындығы соншалықты, психологиялық ғылымнығ жетістіктері тек осы әдістерге байланысты болған. Психология жеке ғылым ретінде тек ХІХ ғ. Ортасында бөлінді, сондықтан ол философия, математика, физика, физиология, медицина, биология және тарих сияқты «ескі» ғылымдардың әдістеріне сүйенеді. Сонымен қатар психология информатика және кибернетика секілді жас ғылымдардың әдістерін пайдаланады.
Кез келген дербес ғылымның өзне ғана тән әдістері бар екенін атау керек. Ондай әдістер психологияда да бар. Олардың барлығы екі негізгі топқа бөлнеді: субьективті және обьективті.
Субьективті әдістер сыналушылардың өзін-өзі бағалауына немесе олардың өзінше есептеріне, сондай-ақ кейбір құбылыстарға сыналушылардың айтқан пікіріне немесе алынған ақпараттарға негізделеді. Психология дербес ғылым саласына айналғаннан бері субьективті әдістер бір неше кезекте дами бастады және қазірде жетілу үстінде. Бақылау өзін-өзі бақылау және сауалнама психологиялық құбылыстарды зерттеудің алғашқы әдістерә еді.
Бақылау әдісі психологиядағы ескі және бір қарағанда өте қарапайым әдіс секңлді. Ол әдеттегі өмір сүру жағдаындағы адамның қызыметіне бақылаушы кіріспей, жүргізілетін жоспарлы бақылауға негізделеді. Бұған психологияда бақыланатын құбылыстарды толық және дәл сипаттау, сонымен бірге оларды психологиялық тұрғыдан түсіндіру жатады. Міне, психологиялық бақылаудыңбасты мақсаты осы: деректерге сүйене отырып, олардың психологиялық мазмұнын ашу.
Бақылау –ол барлық адамдардың пайдаланатын әдісі. Ал қарапайым адамдардың бақылауы мен ғылыми бақылаудың айырмашылығы өте көп. Ғылыми бақылау жүйелілігімен сипатталып, обьективті шындықты алу үшін белгілі бар жоспарға негізделе отырып, жүргізледі. Яғни, ғылыми бақылау жүргізілгенде арнайы білім және сапаны психологиялық көріну обьективті ашылатын арнайы дайындықты талап етеді.
Бақылау әр түрлі нұсқаларда жүре алады. Мысалы, кеңінен қолданылатын әдіс –«қосарланған бақылау» Бұл әдіс психологтың өзінің қатысуымен жүргізледі. Егер зерттеушінің қатысуынан, оның жағдайды қабылдауы мен түсінуінен нәтеже бұзылатын болса, онда болып жатқан жағдайларды обьективті түсіну үшін шеттен бақылаған жөн Қосарланған бақылау мазмұнына қарай басқа әдіске –өзін-өзі бақылауға өте ұқсас.
Өзін-өзі бақылау, яғни өз қалып- күйлерін бақылау тек психологида қолданылатын әдіс. Бұл әдістің артықшылығымен қатар бірнеше кемшілігі де бар. Біріншіден, өз қалпында бақылау өте қиын. Екіншіден, бұл бақылауда субьектіліктен құтыла алмайсың, өйткені біздің қабылдауымыз субьективті бояуға ие. Үшіншіден, біздің кейбір қалыптарымызды түсіндіру бұл әдісте қиын.
Дегенмен, өзін-өзі бақылау әдісі психолог үшін аса маңызды. Тәжірибе басқа адамдардың мінезін көргенде психолог оның психологиялық мазмұнын білгісі келеді. Көбінесе, ол өз тәжірибесіне, өз қалпын талдауға сүйенеді. Сондықтан психолог табысты жұмыс істеу үшін өз жағдайы мен қалпын обьективті түрде бағалауды үйренуі керек.
Бұл әдіс, көбінесе экспериментте пайдаланады. Мұнда бұл әдіс дәл сипатталып, мұны эксперименттік өзін-өзі бақылау деп атайды. Бұл жағыдайда зерттеушінің аса қызықтыратын кездеріне дәл есептелген жағдайда адамға сауал қойылады. Мұндайда өзін- өзі бақылау әдісі сауалнама әдісімен бірге жүргізледі.
Эмоциялар – адамның өміріндегі сыртқы және ішкі жағдайларына бағасы мен жеке мағыналылығы үшін уайымдау формасында көрініс табатын психикалық процестер жиынтығы. Эмоциялар адамның өзіне өзі және оның қоршаған әлеміне субъективті қарым-қатынасын бейнелеу үшін қызмет етеді.
Осы күнге дейін эмоциялар танымдық процестерге жатқызылмаған. Бірақ та жасанды интеллект пен ойлану саласындағы танымал маман О.К. Тихомиров эмоция тек қалып-күй ғана емес,сондай-ақ ол танымдық процесс деп есептелген. Ол эмоция өзара тығыз байланыста болатын елестету мен ойлану болып табылатындығын эксперименттік түрде дәлелдеген. Сол уақыттан бастап эмоция танымдық процестер қатарына жатады.
Эмоцияның ерекше белгісі ретінде оның субъективтілігі танылады. Эмоцияның анықтамасы 3 аспектіні қарастырады:
а) ішкі уайымдау;
б) физиологиялық белсенділік (жүйкелі, эндокриндік және ағзаның өзге де жүйелерінде көрініс табатын процестер);
в) бақыланатын эмоциялар кешені (мінез-құлықтағы сыртқы сипат).
Эмоцияның бұл компонеттеріне көптеген авторлар түрлі анықтама берді. К. Изард эмоциялық мәнерлікті ажыратады. С.Л. Рубинштейн және А.Н. Леонтьев эмоцияның негізін субъективті уайымдауда көрінеді. Субъективті уайымдауда субъектінің объектіге, құбылыстарға, жағдайдарға деген қарым-қатынасын білуге болады. Уайымдаудың компоненттерінің басымдылығын ескере отырып, авторлар эмоцияның сипатаушы аспектісіне назар аударады. Шынында да эмоция сипатаудың процестеріне жатады.
Я. Рейковский эмоциялар өзгерістерді сипаттайды және ол кездескен оқиғаларды жеңу үшін ағзаның әл-қуатын жинақтайды деп айтып өткен. Осылайшы, бұл автор эмоцияның реттеуші функциясына назар аударған. «Эмоциялық процесс – реттеуші процестердің ерекше түрі, ол жағдайдың әсер етуімен өзектілендіріп, ағзаның күйінің өзгеруіне немесе оның қоршаған отрамен қатынасына, не субъект пен қоршаған орта арасындағы өзекті жағдайдың тепе-теңдігінде өзгерістер туындатады».
Түрлі авторлар эмоциялық құбылыстардығ арасында аффектілерді, эмоцияларды, сезімдерді, көңіл-күй мен стресті бөліп көрсетеді.
Аффект – ең күшті болып келетін эмоциялық реакция. Ол адамның психикасын толығымен қамтып алады. Аффектінің айырмашылығы: ситуативтілік, жалпыламалық, үлкен интенсивтілік, кіші жалғасымдық.
Жеке эмоциялар – созылмалы қалып-күй. Бұл жерде эмоциялар тек болып өткен жағдайларға ғана реакция беріп қоймайды, сонымен қатар ықтимал немесе еске түсіретін оқиғаларға да реакция береді. Эмоциялар оқиғаларды жаплылама субъективті бағалар формасында және іс-әрекет нәтижесінен асып түсіру формасында сипатталады.
Сезімдер – анық пәндік сипаттамасы бар тұрақты психикалық жағдай. Кеңестік психологияда сезім адамның әлеуметтік табиғатын білдіреді деген ұйғарым кең таралған. Эмоция деп сезімнің нақты формасын айту сирек емес.
Көңіл-күй – адамның барлық мінез-құлқын бейнелейші созылмалы эмоциялық қалып.
Стресс – күтілмеген және қысымды жағдайдың әсерінен пайда болатын эмоциялық қалып-күй. Мұндай жағдайда,а ағза үрейлену, қарсылық білдіру және шаршау сияқты реакциялар кешеніне бас ұрады. Г. Сельенің пікірінше, стресс – адам өмірінің ажырамас бөлігі, одан қашып құтылу мүмкін емес. Әрбір адам үшін стрестің оптималды деңгейі болады, бұл дегейде іс-әрекеттің тиімділігіне қол жеткізуге болады.
Барлық эмоциялық көрініс табулар бағыттануына (оң және теріс) қысым деңгейі мен жалпыламалық дәрежемен сипатталады.
Эмоциялар бір жағынан эмоция объектісіне қарым-қатынас анықтаушы адамның қажеттіліктеріне тәуелді, ал екінші жағынан – осы объектінің белігі бір негіздемелерін түсінуге және сипаттау мүмкіндіктеріне байланысты болады.
Танымдық процестерге эмоциялардың қарым-қатынасы пассивті рөлде ғана болмады. Эмоциялар тынс процестернің ең маңызды реттеуші факторлары болып табылады. В.К. Вилюнастың зерттеулері интеллект пен эмоцияларға өзара толықтырушы қарым-қатынастар тән екендігін көрсеткен.
Л.М. Ваккер, П.В. Симонов эмоциялар мақсатқа қол жеткізу үшін қажетті мәліметтердің жеткізіліксіз болуы барысында пайда болады және олар жаңа ақпараттарды іздестіру арқылы мақсатқа жету ықтималдылығын жоғарылатады деп есептейді.
Өз уақытында Л.С. Выготский аффект пен интеллект бірегейлігі принципін тұжырымдаған. Л.С. Выготский интеллект деп танымдық процестердің барлық жүйелерін түсінген. Ал аффект деп ең әуелі эмоцияларды түсінген.
Эмоциялар – ағзаның бейімделу және психикалық іс-әрекетін реттеуші механизмдерінің бірі. Эмоциялық қалып-күй белгілі бір мінез-құлықтың реакцияларды жүзеге асырып отырады. Эмоциялар туындаған қажеттіліктердің қанағаттанбау немесе қанағаттануының ықтималдылығына баға беру сатысында пайда болады.
Эмоцияның биологиялық мәні реттеуші және сигналдық функциясының орындалуында. Эмоцияның сигналдық функциясы орындалатын іс-әрекеттің сәттілігі немесе сәтсіздігі және де осы әрекеттің пайдалылығы мен зияндылығы туралы сигнал береді. Бұл механизмнің ыңғайласқан рөлі аяқ асты болған сыртқы қоздырғыштық әрекетте жедел түрдегі реакциясыеда көрініс табады, өйткені эмоционалдық қалып-күй өте жарқын реакциялар береді. Бұның өзі ағзаның барлық жүйесінің жауапты реакцияға қатысты жедел турдегі мобилизациясына әкеліп соқтырады.
Осылайша, сыртқы ортадан және ағзаның өзінде де пайда болатын әрекет эмоционалдық уайымдардың пайда болуына әкеліп соқтырады.
Эмоцияның реттеуші функциясы белсенділіктің қалыптасуында көрініс табады. Ол қажеттіліктердің қанағаттануына және қоздырғыш әрекеттерді күшейтуге немесе тоқтатуға бағытталған. Организмнің қанағаттанбаған қажеттіліктері әдетте жағымсыз сипаттағы эмоциялармен түсіндіріледі. Ал қажеттілік қанағаттандырылманда ол жағымды эмоциялық сипаттамалармен түсіндіріледі.
Қажеттіліктердің қанағаттануы барысында пайда болған жағымды эмоциялар мақсатқа жету үшін мүмкіндіктерді іздестірудегі сәттілікті сипаттайды. Қандай да бір эмоциялардың қанағатттануы жағымды субъективті эмоциялармен қатар болады. Бұл бағытталғаг түрткілік мінез-құлықтың екінші ститулдаушы сәті болып табылады, яғни қарым-қатынас нәтижесі.
Эмоциялар оң және теріс болып бөлінеді. Оң эмоциялар ағзаның белсенділігімен анықталады. Теріс эмоциялар ағзаның қанағаттанбаған жағдайымен анықталады. Оң және теріс эмоциялар мінез-құлықта өте маңызды рөл атқарады.
Эмоцияларды төменгі және жоғары деп бөлеміз. Төменгі эмоциялар қарапайым, ол жануарлар мен адамдардың органикалық қажеттіліктерімен байланысты және екі түрге бөлінеді:

  • гомеостатикалық, ағзанығ гемеостазын қолдауға бағытталған және ол үнемі теріс сипаттамаға ие болады;

  • инстинктивті, жыныстық инстинктпен, ұрпақты сақтау инстинктімен басқа да мінез-құлықтың реакцияларынмен байланысты.

Жоғары эмоциялар тек аламзат баласында ғана болады, себебі ол әлеуметтік және идеалды қажеттіліктердің қанағаттануымен байланысты (интеллектуалдық, моралдық, эстетикалық және т.б.). Бұл күделі эмоциялар сана негізінде дамып, төменгі эмоцияларға тежегіш және бақылаушы әсерлер береді.
Эмоциялар стеникалық (белсенді іс-әрекетті тудырушы) және астеникалық (белсенді төмендетуші) деп те бөлінеді.
Эмоциялардың пайда болуына келесідей факторлар әсер етеді:

  • Субъектінің индивидуалды ерекшеліктері (типологиялық);

  • Уақыт факторы;

  • Қажеттілік сипаттамасы;

  • Адамның ақыл-есінің даму деңгейі және оның ақпарттық түрлі бөлшектерін біріктіре білу мүмкіндігі (жағдайы толығымен бағалау мүмкіндігі) және т.б.

П.В. Симонов осы және өзге де көптеген факторлар эмоцияның көп жақтылығын қамтамасыз етеді деп есептеген. Екі факторлар қажетті және жеткілікті болып табылады:

  1. Қажетттілік;

  2. Оның қанағаттануының ықтималдылығы;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет