1-дәріс Тақырыбы: Психологияға кіріспе. Мен және менің мотивациям Эмоциялар және эмоционалдық интеллект. Адамның ерік қасиеті мен өзін-өзі реттеу психологиясы Мақсаты



бет3/4
Дата07.04.2023
өлшемі170,59 Kb.
#80201
1   2   3   4
Э = f [ П, (Ин – Ис), ...]
Э – эмоция, оның дәрежесі, сапасы және тәуелділігі; П – өзекті қажеттіліктердің күші мен сапасы; Ин – қажеттіліктердің қанағаттануы үшін қажетті құралдар туралы ақпарат; Ис – берілген уақытта субъектінің қолданатын құралдары туралы ақпарат; (Ин – Ис) – туғаннан бар және онтогенетикалық тәжірибесі негізінде қажеттіліктердің қанағаттану ықтималдылығына бағасы. Қажеттілік қанағаттануының төменгі ықтималдылығы теріс эмоцияның пайда болына әкеліп соғады (Ин>Ис), қанағаттану төменгі ықтималдылығының жо,ары болуы оң (Ин < Ис) эмоцияларды туындатады.

Эмоциялар төмендегідей қызметтерді атқарады:



  • сипаттаушы-бағалаушы;

  • ауыспалы;

  • нығайтушы;

  • компенсаторлы,

  • оятушы;

  • жағдайды шешу қызметі;

  • эвристикалық;

  • бейне негізін, бе нелеудің біртұтастығын жинақтаушы,

  • ағзаны белсенді ету және мобилизациялау қызметі;

  • экспрессивті.



Эмоция туралы теориялар
Эмоцияның түсіндірмелі модельдерін психикалық құбылыстар ретінде өз мазмұны бойынша физиологиялықтан (биологиялық) бастап әлеуметтікке дейән көптеген формалары бар.
П.К. Анохиннің биологиялық теориясы. Бұл теорияның негізін қандай да бір қажеттіліктің қанағаттануы кезінде оң эмоциялар егер де шынайы алынған нәтиженің көрсеткіштері әрекеттің нәтижелері акцепторында бағдарламаланған, болжамдалынған параметрлермен дәлме дәл сәйкес болса ғана пайда болады. Олай болатын болса келісімді реакция туындайды, яғни оң эмоциялар. Егерде шынайы алынған нәтижелердің параметрлері әрекеттің нәтижелері акцепторында бағдарламаланған параметрлермен сәйкес болмаса, теріс эмоциялар, яғни қанағаттанбау сезімі, аллаңдаушылық сияқты эмоциялар туындайды.
В. Вундтың теориясы - эмоция құрылымы теориясы. В. Вундт эмоцияның 3 өлшемін ажыратып көрсетті. Рахаттану – рахаттанбау, тынышталу – қозу, қысым – бәсеңдеу. Бірақ Э.Б. Титченер бұл өлшемдерді тәуелсіз факторлар деп есептеуге болмайды деген ойын білдірген.
Ч. Дарвин сипаттаушы қозғалыстар концепциясын қалыптастырған. Бұл эмоцияның пайда болу теориясы, мұнда адамның сипаттаушы қозғалымтары күреспен, шабуылмен, ұрпақты қорғау және т.с.с. тірі ағзаның инстинктивті әрекетімен байланысты рудименттә деген ұйғарым қалыптасқан. Аталмыш концепция адамзаттың сипаттаушы қозғалыстарының бүкіл байлығын (көз жасты жібермей тұратын күлкі) түсіндіре алмайды.
Джемс-Ланге теориясы бір уақытта және тәуелсіз түрде У. Джемс және К.Г. Лангеменде дайындалған. Бұл эмоцияның пайда болуын түсіндіретін модель, ол эмоцияның қозғаушы теориясын меңзейді, яғни бұл жерде басты рөл соматовегетативті компонентке берілген. Қандай да бір еркін және еркін емес саладағы өзгерістерден туындаған сезімдерді білдіреді. Осылайша, перифериялық органикалық өзгерістер эмоциялы процесс салдары ретінде емес, оның себептері ретінде тұжырымдалады. Ланге тұрғысының ерекшелігі, оның тамыр жүйелеріне назар аударуда. Онда эмоциялар жүйкелік қозуға жауап висцералды мүшелердің қан тамырларының кеңеюі мен оның иннервациялану жағдайымен шартталған.
Ч.С. Шеррингтон Джемс-Ланге теориясын эксперименттік түрде тексеруге талпыныс жасаған болатын. Нәтижесінде висцералды жүйке жүйесінің бөлімшесі орталық жүйке жүйесінен жануардың жалпы мінез-құлқының эмоциогендік әрекетке жауабын өзгертпейтіндігін көрсетті. Одан кейін -Ланге теориясынан американдық физиолог-психолог У.Б. Кеннон бас тартты. Ол эмоционалды қозу кезінде ағзаны белсенді әрекеттерге мобилизациялануды қамтамасыз ететін адреналиннің шығатындығын көрсетті. Оған қоса, жүрек қағысы удеп, қанда қант түйіршігі көтеріледі, қарашық кеңейіп, ас қорыту процесінің тежелуі жүреді.
1964 жылы П.В. Симоновтың белсенділігімен қажеттілікті-ақпараттық теория ұсынылған болатын. Бұл жерде эмоция адамдардың немесе жануарлардың қандай да бір қажеттілігі және оның қанағаттану ми қабығы жиналған индивидуалды тәжірибе мен генетикалық тәжірибенің негізінде бағалайды.
Эмоция белсенділігі теориясы (М.В. Arnoid, 1950); (C. Lisdsey, 1951)
У. Кеннон мен Ф. Бардтың таламустық теориясынан бастау алады. Мұнда мидың ішкі құрылымының рөлі ерекше көрсетілген. Сенсорлық қоздырғыштар перифериядан контекстке келіп түседі, бағаланды; сол жерге таламустағы мінез-құлық үлгілері мен сезімтал бағалар келіп қосылады. Одан кейін жүзеге асу органына өту басталады. Одан кері хабар келеді, ол бағалану мен сезімталдылықтың қайта өтеді. Бұл теория емханада аффектінің аяқ асты ояна қалуын түсіндіре алады.
С.Шехтердің екі компонентті теориясы эмоцияларды өткеру екі факторлардың үйлесімдігімен шартталған. Бір жағынан, физиологиялық қабыну болуы мүмкін, екінші жағынан жағдай эмоциялар терминінде осы қабынудың когнитивті интерпретациясына жол беруі тиіс. Бұл теория сыналушыға қоздырғыш дәрі-дәрмектердің инъекциясы жасалған эксперименттеріне негізделген.
Қазіргі кезде ерік мәселесіне қызығушылық қайта жаңғырды. Ерік ұғымын адам іс-әрекетінің процесінде пайда болатын қиындықтарды игеру жағдайын суреттеу үшін Аристотельдің өзі де қолданған. Ерік туралы қазіргі ұғымдар шешімдері қабылдау процестерімен, оларды өмірде жүзеге асырумен байланысты. Осы жердегі пайда болатын қиындықтар көп жағдайда түрткілердің күресімен де байланысты.
Адам әрекеті түрткілермен анықталып, белгілі бір мақсаттарға бағытталған болады. Түрткі – бұл адамды оятып және әрекетке бағыттайды; мақсат – адамның әрекет процесінде жетістікке жету бейнесінің нәтижесі.
Адам өзіне басқа қандайда бір мақсат қоя отырып, белгілі бір ниеттер мен түрткілер арқылы басқарады. Мақсат қою себепсізден себепсіз болмайды. Қандай да бір нәрсе адамды ниеттендіріп, берілген мақсатқа өзінің іс-әрекетін бағыттайды. Түрткілер – бұл адамды сол немесе басқа мақсаттарды қоюға ниеттендіреді. Түрткілерді білмей, адамның басқа мақсатқа емес сол бір мақсатқа талпынатын шырамытуға, сондай-ақ оның әрекетінің шын мағынасын түсінуге болмайды.
Іс-әрекетке ниеттену бұл қажеттілік, яғни адамның қандай да бір нәрсеге қажетсінуін айтамыз. Қажеттіліктерді материалды – тамаққа деген қажеттілік, киімге, тұратын жерге т.б. деп,- рухани немесе материалдық қажеттілікті – адамдармен қарым-қатынасқа тугһсуге деген қажеттілік, білімге, кітапқа, ән-күйге деген т.б. қажеттіліктер деп бөлуге болады. тарихи тұрғыда рухани қажеттілктер материалдық қажеттіліктердің шығуынан қоғамдық еңбектің қанағаттануы мен ары қара дамуының процесінде пайда болады.
Ең қиын іс-әрекет осы негізгі материалды қажеттеліктерді қанағаттандыру қажеттілігінен туындаған. Бірақ ол ары қарай, жаңа қажеттіліктердің қайнар көзі болыды. Солардың негізгілерінің бірі бір жағынан белсенділікке деген дені сау әр организмге тән қажеттілік, басқа жағынан – біріккен іс-әрекет процесіндегі қарым-қатынас болып табылатын алғашқы және негізгі түрі адамдармен қарым-қатынасқа деген қажеттілік.
Ерік – саналы және мақсатқа бағытталған әрекеттерде көрініс алатын психиканың бір жағы. Өз мағынасында еріктік әрекеттер – бұл ішкі және сыртқы кедергілерді жеңумен байланысты әрекеттер. Ішкі кедергілер бір-біріне қарама-қарсы ниеттердің қақтығысуымен пайда болатын қақтығыс кезінде : кешігіп қалмау үшін төсектен тұру керек, бірақ ұйқы келеді; қызықты және көңілді әңгімені жалғастырғың келеді, бірақ кетіп қалып жұмыс істеуге отыру керектігін түсінесің. Ерік өзінді керек деген нәрселерді мойындатып, соған қарсы келетін еліктеулер мен тілектерді басуға деген ептілікте көрініс алады. Ерік – ең алдымен өзінің әрекеттеріңді басқару, өзінің мінез-құлқынды саналы реттеу, өзіңді-өзің басқару болып табылады.
Басқа жағынан ерік, сыртқы кедергілерді жеңуіде көрінеді: жұмыстың қиындығы, әр түрлі кедергілер, басқа адамдардың қарсы шығуы т.б. Ерік – күші мықты алдына қойған мақсатқа жетуге және істі аяғына дейін апаруға барады.
Еріктің көрініс алуы ылғи да ойлаумен байланысты. Еріктік әрекет – бұл ойланылатын әрекет. Адам қандай да бір әрекет жасаудың алдында сол жағдайда қалай әрекет ету кере екендігін алдымен түсініп, және ойланып әрекет етуі қажет. Мақсатқа жету жолында тұратын сырқты кедергілерді жеңу үшін ең тиімді жолдары мен құралдарын таба отырып, сол әрекеттің жоспарын құрып ойланып алу керек.
Еріктік әрекет сол мақсатқа жетудің құралдары мен әрекеттің мақсатын алдын ала есептеуді меңзейді. Бұл адамның тәжірибе жүзінде әрекет етудің алдында ойша әрекеттеніп не үшін және қалай әрекет жасайтындығын ойында белгілейді.
Басқа жағынан ертітік әрекет – бұл қандайда бір кедергілерді жеңумен байланысты қиын жағдайдағы әрекет . бұдан шығатыны, алдында айтылған «ойша әрекет» мақсатқа жетудің тәсілдерінің қарапайым тусінуімен шектелмейді, керісінше әр түрлі мүмкіндіктерді талқыладудың қиын процестерін: әрекет жасау немесе әрекеттен бас тарту, қандай бағытта әрекет жасау, қандай жолмен және қандай тәсілмен әрекет жасау қосып алады. Бұл процесс шешім қабылдаумын аяқталады.
Ойша әрекеттен тәжірибелікке ауысу шешім қабылдаудың, яғни осы шешімінің орындалуы апарады.
Сонымен, біз еріктік әрекеттің екі негізгі сатысын бөліп шығара аламыз: 1) дайындық сатысын – шешім қабылдаумен аяқталатын «ойша әрекет»,- және 2) аяқтау сатысы.- «практикалық әрекет» қабылданған шешімді орындаумен аяқталған. Тез әрекет жасайтын жағдайларда шешу мен орындау бірінің артынан бірі тікелей жүреді, шешім тікелей орындауға ауысады.
Басқа жағдайларда шешім жеке де емес және оның үстіңе тоқтаусыз әрекет жасау, өте көп жеке әрекеттерден тұратын өте ұзақ мерзімге созылатын іс-әрекеттің сипаты мен бағыты сол кездегі мінез-құлық емес, чғни болашақтағы мінез-құлықтың бағдарламасы, сонымен қатар қазір қалай әрекет ету емес, болашақта белгілі бір жағдайларда қалай әрекет ету керек екенін ойластыру. Бұндай жағдайларда шешім қабылдау тура орындалуға апармайды, болашақта белгілі бір бағытта ішкі әрекеттенуге икемделу ниеттердің пайда болуына апарады.
Дегенмен, ниет өздігінен мәнге ие болмайды. Олар тек әрекетке дайындық үшін қажет. Ең жақсы ниеттермен қаруланған, бірақ оларды іс-әрекеттерінде жүзеге асырмаған адам ерігі күшті емес әлсіз адам. Ерік шешім қабылдауды, бірақ көбінесе сол шешімдерді орындвуда көрінеді. Көптеген адамдар темекі тартудан бас тартуға ниеттеніп қаруланады және шешім қабылдайды, бірақ бұл сұрақта осы шешімді жүзеге асыратын ғана күшті ерік ие болады.
Шешім және ниет – еріктік әрекеттің қажетті бөлшектері, бірақ оның негізгі орталығы шешім қабылдау болып табылады.
Шешім қабылдаумен аяқталатын еріктік әрекеттің бірінші дайындық сатысы әртурлі жүруі мүмкін. Ішкі кедергілердің болуынан ерітік әрекеттің бастапқы сатысы кейде түркілер күресінің сипатында болуы мүмкін.
Біз білетіндей, ішкі кедергілер бір-біріне қарама қарсы келетін ниеттердің қақтығысында көрінеді. Бұл қақтығыс өзін таразылау, талқылау, қарсы келетін тілектерді бағалау, сезімдерді, құлшыныстарды қосып алатын түрткілер күресіне айналады. Түрткілермен күресте оның орындалу жолдары емес, әрекеттің бағыттары мен мақсаттары туралы сөз болады. қабылданған шешім қалай жасау керектігін емес, не істеу керектігіне байналанысты болады.
Түрткілермен күресте еріктік әрекет шынайы – бұл сана борышы мен сезім борышының арасында және қандай да бір борышқа қарама-қарсы ниеттермен күрес.
Еріктік әрекеттің дайындық сатысында басқа жағдайларда әркеттің тәсілдерін таңдау бірінші орынға қойылады. Бұл көп жағдайларда ішкі кедергілермен емес, сыртқы кедергілерде кездесетін қиындықтарды игеруде: түрткілер қақтығысы жоқ, әрекеттің мақсаты белгілі, бірақ ол мақсатқа қандай жолмен жетуге болады, мақсатқа жетуге қиындықтарды қалай жеңуге болады деген жағдайларды кездеседі. Бүндай дағдайларда әрекеттің іртүрлі тәсілдері арасында таңдау жасау керек, басқаша айтқанда әрекеттің жоспарын құру керек. Бұл жерде шешім мақсат туралы емес, оған жетудің жолдары мен тәсілдері туралы сұрақтарды қамтуы қажет.
Сыртқы кедергілер мен ішкі кедергілерді жеңуде ерік адамның өзінің борыш сезімін талап ететін, бір нәрсені жасауға мәжбір етуде көрінеді. Дамыған сезім борышы – адамның моралдық тәрбиелік ерігінің қалыптасуының ең маңызды шарты мен құнды қасиеті. Адам еріктік қасиеттерін сипаттай отырып, біріншіден, еріктік әрекеттің түрткісіне қатысты, екіншіден, шешім қабылдауды көрінетін, және үшіншіден қабылданған шешімді орындаумен байланысты деп көрсетуге болады.
1. Әрекеттер мен шешімдердің саналы түрде жүруі. Өзінің әрекетіне саналы түрде қарайтын, өзінің алдына қойған мақсатының маңызыдлығы мен дұрыстығына сенген адамды айтуға болады. Ол азда болса нақты сенімдер мен мықты қөзқарастарды бейнелейтін, өзінің тілектерін басқара алады. Дамыған еріктің белгісі шынайы саналық, еріктің кемшіліктерін көрсететін иланушылық пен негативзм сияқты қасиеттерге қарама-қарсы келеді. Иланушылық деп басқалардың ықпалына тез түсуді айтамыз. Саналы адам басқа адамдардың кеңесіне сүйенеді, олардың кеңестерінің дұрыс екендігіне сенгенде ол оның көзқарастары мен сенімдеріне сай келетіндігін түсінеді. Иланған адам кез-келген кеңеске беріледі, кейбір тырысудың арқасында оның өзінің көз қарастары мен тілектеріне сай келмесе де оған қандай да бір әрекетті жасатуға болады.
Иландырудың сыртқы қарама-қайшылығын негативизм бейнелейді, яғни басқаларға қарсы түрткіленбеген құлшынысты негативизм дейміз. Негативизм ештеңеге қармастан ішкі әрекеттерге қарама-қарсы басқа адамнан шығатын қандайда бір нұсқаулар мен кеңесті тыңдауда, тілектерде көрінеді. Негативизм илану сияқты – ерік-жәгердің емес әлсіздіктің белгісі.
2. Табандылық – уақытында тұрақты шешім қабылдауға қабілеттікті білдіреді. Табандылықты «тез шешуге» деген бейімділкпен шатыстыруға болмайды. Ондай жағдайларда қажетті мәліметтерсіз жағдай тез әрекетттеі талап етпегенде шешім қабылдауға асығу кушті ертіктің емес, әлсіздіктің белгісі. Мұндай асығу шешім қабылдай адамдарда байқалады; оларға шешім қабылдау олардан тез арылуға тырысатын қиын операция. Бірақ, басқа жағынан қарастырсақ, табандылық күтпейтін жағдайда, яғни тез шешім қабылдауға ептілікті болжайды. Ол тәуекел жасау қажет болғанда, тәуекелге деген қабілетті талап етеді.
Өзінің ерітік қасиет негізінде бола тұра табандылық ақыл-ойдың белгілі бір қасиеттермен тығыз байланыста болады; ол ойдың батылдығы мен сонымен бірге үлкен сындылығын меңзейді.
Табанды, шешімге келе алатын адам деп, қажет кезінде жөнсіз жалақтау мен күмәнді жоя алады. Бірақ, біз табынды деп, өзінің жеткіліксіз ойлампаздығы мен ақыл-ойының шектелуінің салдарынан еш күмән келтірмеуге қабілетті адамды айтпаймыз. Ондай адам туралы шешім тез қабылдайды, ойлвным әрекет жасайды деп айта алмаймыз. Шешімдердің негізделгендігі, ойланып жасалғандығының салдары олардың тұрақтылығы болып табылады. Табанды адам өзі қабылданған шешімдеріне тұрақты болса, сенімсіз адам шешім қабылданғанға дейін, қабылданғаннан кейін де ылғи жалтақтап жүреді. Шешім қабылдай алмайтын адам кез-келген соңғы қадамдан кейін алдымен шешімін кейінге қалдырып, содан соң өзгертіп қайта қарап отырады.
3. Өзін-өзі басқару. Еріктің бұл бағыты екі бағытта көрінеді. Біріншіден, қабылданған шешімді орындауға өзіңді мәбүрлеу қарама-қарсы ниеттер үшін: үрей, жалқаулық, ұялшақтық т.б. жатады. Өмірде тура осы еріктік қасиет еріктің күші деп аталады.
Онсыз атақты ерлік ғана емес ынта мен адамгершіліктің ең қарапайым көріністері мүмкін емес. Екіншіден, өзіңді басқару қажет емес сезімдер аффетілерді ұстау ептілігінде көрінеді. Бұл мағынада адамның өзін-өзі басқаруында және шыдамдылығы туралы айтылады.
4. Мақсатқа жету жолында тұратын сыртқы кедергілерді меңгеруде көрінентін қуат пен табандылық. Бұл қасиеттер ылғи да бір адамнан табыла бермейді. Кейбір адамдар жұмысқа тым үлкен күш қуатпен кіреседі, бірақ тез шаршап қалады; олар тек қана қысқа мерзімді щабуылға қабілетті; оларға ұзақ қандай да бір қатардағы қиындықтарды игеру табандылығы жетіспейді. Шынымен, ерік күші үлкен адамдардың айырмашылығы олра әлсіремеген және ұзақ мерзімді қуатқа қабілетті; олардың еріктік күше тек қана әлсірімей типті алдағы қиындықтар мен кедергелермен кездескенде ұлғаяды. Табандылық белгіленген жоспарды жүзеге асыруда көрінеді. Кез-келген жоспарда екі жақты ажырату керек:1) мақсат пен міндетті тұжырымдағанда: тура не орындалу керек? Қанша нәрсе жасалу керек? Қай мерзімге жұмыс аяқталу керек? Бұл – жоспардың сапалық жағы.
Табандылық орындалу жолдарында икемді қатынастың болуына жоспардың сандық жағының мүлтіксіз орындалуын меңзейді. Мақсат қандай жолмен болсын орындалуы қажет, ал бастапқыда белгіленген тәсілдер қойылымының өзгеруіне байланысты өзгеруі мүмкін және өзгеруі қажет. Белгіленген әрекеттің тәсілдері адамды ыңғайсыз жағдайға қалдырмау қажет. Ол мүмкін болғаннан жақсы болғағанша орындалады, бірақ мақсатқа апаратын соңғысы болып табылатын болса сонымен ауыстрылады.
Ерікті тәрбиелеудің негізгі шарттары
Ерікті тәрбиелеудің негізгі шарты болып, дүниетанымның қалыптасуы, адамгершілік қасиеттерінің дамуы және соның негізінде өзіндегі сезім борышын тәрбиелеу болып табылады.
Ерікті тәрбиелеудің ерікті шарты болып, қалау ептілігін меңгеру болып табылады. Адамның құлшынысы әлсіз, бұлдыр әрекетсіз тілектер мен тоылсып жатқанда күшті еріктің дамуы туралы сөз болыуы да мүмкін емес. Қалау – яғни жасай алу. Ерік күші үлкен адамдар тілек еш кедергісі жоқ үлкен күш болып табылады. Бірақ өзгермелі көңіл-күй мен өтепелі әсері емес адамның негізгі өмірлік нұсқауынан шығатын тілектері ғана болуы мүмкін.
Ерікті тәрбиелеудің үшінші шарты – жүзеге аспайтын және орындалмайтын ниеттермен қаруланбай шешім қабылдамау керек. Өзінде күшті ерікті тәрбиелегісі келген адам, өзінің ниеттері мен шешімдеріне үлкен жауапкершілікпен қарауы керек, қабылданған шешімнің орындалмауы, еріктің дамуынаәкеледі.
Ерікті тәрбиелеудің төртінші шарты болып , өз әрекетін бағалау әдетін қалыптастыру, оның салдарын түсіну, оларға сыртқы көзқараспен қарау болып табылады. Өзінің және өзінің әрекеттеріңе сын көзқарасты өңдемей, өзіңдегі күшті ерікті қалыптастыруға болмайды. Өзіңе үлкен талап қою – ерік күші мықты адамға тән белгілердің бірі.
Соңында, ерікті тәрбиелеудің шешуі шарты – сыртқы және ішкі кедергілерді меңгеру үшін ылғи ерікті дамытуға арналған жаттығулар жасау қажет. Кез-келген еріктік әрекеттің ерекшелігін сипаттайтын «еріктік тырысу» деп аталатын ішкі белседілік пен күштің ерекше күйі. Еріктік тырысуға деген қабілеттілік, сондай-ақ кедергілерді игеру ептілігі тәжірибе нетижесінде дамиды. Ерік әрекетте қалыптасады. Жүздеген кіші жұмыстарды күшті ерікті көрсетуге қабілетті. Адамның ерігін тәжірибелеу мүмкіндігі шексіз. Әр адам өзінің ерегін тәрбиелеу үшін саналы түрде жұмыс істеуі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет