1 Дәріс Тақырыбы


ЖАНУАРЛАР ОРГАНИЗМДЕРІНІҢ КУРЫЛЫСЫ МЕН



бет4/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159
2. ЖАНУАРЛАР ОРГАНИЗМДЕРІНІҢ КУРЫЛЫСЫ МЕН
ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Жануарлар организмдерінің даму кезеңдері мен олардың дене құрылысытірі табиғатқа тəн биологиялық заңдылықтарға бағынады. Олай болса, малшаруашылығының мамандары өздерінің төл қызметтерін. атап айтқанда, мал түліктерін өсіру, олардың тұқымдарын асылдандыру, емдеу мен сақтықшаралары жұмыстарын атқару үшін, аталмыш зандылықтарды жақсы білуі керек. Организмнің құрылысы мен дамуының негізгі заңдылықтары:
Тарихи даму заңы. Жер жүзінде мекендейтін өсімдіктер мен жануарлардүниесінің сан алуан өкілдері тірі табиғаттың ұзақ тарихи дамуының, яғни филогенездің (грек, phylon — туыс, genesis — шығу тегі) нəтижесі.
Филогенезде құрылысы қарапайым төменгі сатыдағы жануарлар дене құрылысы күрделі жоғары сатыдағы организмдерге дейін дамып жетіледі.
Жеке организмнің даму тарихы — онтогенез (ontos — заты, мəні; genesis —шығу тегі) ұрықтану процесінің нəтижесінде пайда болған бір жасушалы организм — зиготаның даму кезеңінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі мерзім.
Негізгі биогенетикалық заң. Жануарлар онтогенезінде филогенездің, яғни жануарлардың арғы ата-тектерінің ұзақ тарихи дамуының негізгі сатылары қысқа түрде қайталанып өтеді.
Организмнің біртұтастығы туралы заң. Жануарлар денесінің мүшелері мен мүшелер жүйелері шығу тегі, құрылысы жəне қызметі жағынан бір-бірімен өзара тығыз байланысқан біртұтас жүйе. Жүйке жүйесі жануарлар организмдеріндегі барлық мүшелер жүйелерінің морфологиялық жəне қызметтік (функциональдық) біртұтастығын қамтамасыз етеді.
Организм мен қоршаған орта біртұтастығы туралы заң. Тірі организм белгілі бір ортаға бейімделген жағдайда ғана тіршілік ете алады.
Демек, тірі организм мен оны қоршаған орта біртұтас. Организм мен қоршаған ортаның байланысын жүйке жүйесі іс жүзіне асырады.
Пішін мен қызмет біртұтастығы туралы заң. Организмдегі əрбір мүшенің пішіні мен құрылысы, оның денедегі орналасу орны мен атқаратын қызметіне тікелей байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет