1 Дәріс Тақырыбы



бет100/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   159
Жұлынның сұр заты өз кезегінде нейроциттер, жүйке талшықтары және нейроглиялық құрамы бойынша бір-бірінен анық ажыратылатын бөліктерге бөлінеді. Сұр заттың дорсальды мүйізінде: кеуекті қабат, желатин тәрізді зат, дорсальды мүйіздің өзіндік ядросы және кеуде ядросы бөліктері ажыратылады.
Кеуекті қабатты жалпақ ілмекті нейроглия негізінде орналасқан майда шоғырлы нейроциттер құрайды.
Желатин тәрізді зат негізінен нейроглиядан тұрады. Бүл жерде аздаған ұсақ шоғырлы нейроциттер кездеседі. Кеуекті қабат желатин тәрізді зат және олардың аралықтарында шашыранды орналасқан ассоциативті нейроциттер жұлын ганглийіндегі сезімтал нейроциттерді жұлынның сұр затының вентральды мүйізіндегі қозғалтқыш нейроциттермен байланыстырып, жұлын ішіндегі рефлекторлық доғаны түйықтайды.
Дорсальды мүйіздің өзіндік ядросы дорсальды мүйіздің ортаңғы бөлігінде орналасады. Бүл ядроның байланыстырғыш нейроциттерінің аксондары вентральды ақ дәнекерлік арқылы жұлынның қарама-қарсы жағындағы ақ заттың бүйірлік арқаншаларына өтіп, жұлын-мишық және жұлын-көру төмпегінің өткізгіш жолдарын түзуге қатысады.
Кеуде ядросын дендриттері тармақталған ірі мультиполярлы нейроциттер құрайды. Олардың аксондары жүлынның ақ затының өз жағындағы бүйірлік арқаншаға өтіп, дорсальды жұлын-мишық жолын түзеді де, мишыққа дейін көтеріледі.
Дорсальды мүйізде бұлардан басқа майда мультиполярлы ассоциативті және комиссуральды нейроциттер шашыла орналасып, ассоциативті нейроциттердің аксондары сұр заттың өз жағындағы нейроциттермен, ал комиссуралды нейроциттердің аксондары сұр заттың қарама-қарсы жағындағы нейроциттермен синапс арқылы жалғасады.
Дорсальды мүйіздің аралық аймағында: медиальды (ішке қарай) және латеральды (бүйір жақ) аралық ядролар орналасады.
Медиальды аралық ядро нейроциттерінің аксондары өз жағындағы ақ заттың вентральды жұлын-мишық жолын құрауға қатысады.
Латеральды аралық ядро нейроциттері симпатикалық жүйке жү-йесінің ассоциативті жүйке жасушалары. Олардың аксондары жұлынның вентральды түбіршігі құрамында жұлыннан шығып, симпатикалық бағанның ақ байланыстырғыш тармақтарын түзеді.
Сұр заттың вентральды мүйізін нейроциттерінің мөлшері 100-140 мкм ірі мультиполярлы эффекторлы (қозғалтқыш) нейроциттер құрайды. Олар орналасу орнына сәйкес: медиальды және латеральды нейроциттер топтары болып бөлінеді. Вентральды мүйіз ядросының аксондары жұлынның вентральды қозғалтқыш түбіршігін түзіп, жұлынның аралас жүйкелері құрамында бұлшық еттерге барып, ет талшықтарында қозғалтқыш түймеше (моторлы бляшка) түрінде аяқталады. Медиальды топтағы нейроциттердің аксондары дененің тұлға бұлшық еттерін, ал латеральды топтағы нейроциттердің аксондары жұлынның мойын және бел жуандаулары арқылы аяқтардың бұлшық еттерін жүйкелендіреді.
Жұлынның сұр затында жоғарыда баяндалған нейроциттер ядроларынан басқа шашырай орналасқан нейроциттер де кездеседі. Олардың аксондары жұлын ақ затының сұр затпен жанасып жатқан терең бөлігінің өзіндік жүйке талшықтары шоғырларын құрайды. Аталған нейроциттердің аксондары жұлынның ақ затында ұзын өрлеме және қысқа төмендеген тармақтарға бөлініп, жұлынның керші 4-5 сегменттерінен кейін қайтадан сұр затқа еніп, вентральды мүйіздегі қозғалтқыш нейроциттермен синапс арқылы байланысады да, жұлынның сегменттераралық рефлекторлық доғаларын тұйықтайды. Бұлардың аксондары жұлынның өзіндік өткізгіш жолдарын құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет