1 Дәріс Тақырыбы



бет99/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Дәріс №10

Тақырыбы: Неврология. Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімі.

Жұлын мен мидың сезімтал түйіндері. (Ганглийлер). Сезімтал ганглийлер ганглионды пластинкалардан дамып жетіліп, жұлын мен мидың дорсальды жұп сезімтал жүйке түбіршіктері бойында орналасады. Сезімтал ганглий сыртынан дәнекер ұлпалы қапшықпен қапталған. Қапшықтан ганглий паренхимасының ішіне дәнекер ұлпалық перделіктер кіріп, мүше ішінде бір-бірімен өзара жалғасып, сезімтал ганглийдің стромасын түзеді. Строма арқылы жүйке түйінін қоректендретін қан және лимфа тамырлары өтеді. Ганглий паренхимасын түйіннің шеткі жағында топтаса орналасқан сезімтал жалған бір өсінділі (псевдоуниполярлы) нейроциттер және ганглий орталығымен өтетін, осы сезімтал нейроциттер өсінділерінен (дендриттерден, аксондардан) түзілген жүйке талшықтары құрайды. Сезімтал нейроциттің дендриті мен аксоны, оның денесінен бірігіп басталады да, біраз аралықтан соң, Т әрпі секілді екіге ажырайды. Нейроциттер дендриттері түйіннен шығып, жұлынның аралас жүйкелері құрамында шетке қарай бағытталып, тері сезімі рецепторларында, ал ми жүйкелері құрамындағы сезімтал жүйке талшықтары бастың терісінің рецепторларында аяқталады. Нейроциттер аксондары жұлынның дорсальды сезімтал түбіршігін түзіп, жұлынға енеді. Ганглийдегі сезімтал нейроциттердің денелері сыртынан бір қабат глия жасушаларымен қоршалып жатады. Бүларды мантий глиоциттері - деп атайды. Глиоциттердің дөңгелекше келген ядролары нейроцит денесінің сыртында бір қатарда орналасады. Өз кезегінде глиальды қабық сыртынан жіңішке талшықгы дәнекер ұлпалық қабықпен қапталған. Дәнекер ұлпалық қабықтың жасушалары ядроларының пішіні сопақ болып келеді.
Жұлынның гистологиялық құрылысы. Жұлын жоғарғы сай мен перделік және төменгі саңылау арқылы бір-біріне тең оң және сол бөлікке бөлінеді. Оның орталығында ішінде жұлын сұйығы ағып жататын жұлын өзегі болады. Жұлынның келденең кесіндісінен, оның шеткі жағы ақ заттан, ішкі орталық жағы, пішіні қанатын жайған көбелекке ұқсас сұр заттан тұратындығы көрінеді. Жұлынның сұр заты сұр дәнекерлік арқылы байланысқан оң және сол бөліктерден құралған. Әрбір бөлік дорсальды және вентральды мүйіздерден, ал жұлынның көкірек, бел, құйымшақ сегменттерінде дорсальды жөне вентральды мүйіздердің аралығында латеральды (бүйір) мүйіз болады. Сұр затты мультиполярлы нейроциттер перикариондары (денелері), миелинсіз және тым жіңішке миелинді жүйке талшықтары мен олардың араларындағы нейроглия құрайды. Белгілі бір қызмет атқаратын нейроциттер топтаса орналасып, сұр заттың ядроларын түзеді. Жұлынның сұр затыңдағы нейроциттерді құрылысына, орналасу орнына және жүйке толқынын өткізу сипатына қарай үш топқа бөледі. Олар: 1) аксондары вентральды түбіршік қүрамында жұлыннан шығатын түбіршік нейроциттері, 2) аксондары сұр зат нейроциттерінде синапспен аяқталатын ішкі нейроциттер, 3) аксондары жұлынның ақ затында, оның сегментаралық немесе жұлын мен ми аралығындағы өткізгіш жолдарын түзетін шоғырлы нейроциттер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет