1 Дәріс Тақырыбы



бет140/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Кеңірдек
Кеңірдек - trachea - ұзын түтік мүше ауаны мұрын қуысынан және жұтқыншақтан көмекей арқылы өкпеге жеткізеді және кері қайтарады. Қабырғасы кілегейлі, шеміршекті және сірлі қабаттардан тұрады. Ортаңғы қабаттың негізін көптеген шеміршек сақиналары түзеді. Кеңірдек шеміршектері - cartilago trachealis - бір-бірімен сақиналы жалғам - lig.anulare арқылы қосылады.
Шеміршектердің ұштарын түйістіретін көлденең жалғамдар, кеңірдектің дорсальды жарғақты қабырғасын құрады. Кеңірдек өңеш астында баспен мойынның ұзын бұлшық еттеріне жанаса орналасады. Бірінші қабырғалар аралығында кеуде қуысына кіріп, жүректің жоғарғы тұсында екі негізгі бронхтарға ажырап, кеңірдек бифуркациясын - difurcatio tracheae - түзеді.
Кеңірдектің кілегейлі қабығы ішкі жағынан көпқатарлы кірпікшелі эпителиймен астарланған. Онда кеңірдек бездері - glandula trachealеs - болады. Сыртқы қабаты, орналасу орнына байланысты, әр түрлі болып келеді. Мойын бөлігі адвентициямен (борпылдақ дәнекер ұлпа), ал кеуде бөлігі сірілі қабықпен қапталады. Кеңірдектің ұзындығы (шеміршек сақиналарының саны) жануарлар мойынының ұзындығы мен тікелей байланысты болады. Мысалы: итте 42-46; шошқада 32-36; қара малда 48-50; жылқыда 48-60 сақиналары болады. Ал пішіні кеңірдектің итте цилиндр тәріздес, шеміршектердің шеттері бір-бірімен түйіспейді. Шошқада да осындай, тек сақиналардың ұштары бір-біріне айқасып жатады. Ірі қара малда кеңірдек екі бүйірінен қысыңқы келеді. Сақиналардың бос ұштары бір-бірімен көтеріңкі түрде түйісіп жатады. Жылқыда кеңірдек сақиналарының пішіні сопақша болады, ұштары бір-бірімен айқаса орналасады.


Өкпе
Өкпе - pulmones - тыныс алу жүйесінің жүп мүшесі, өкпеде газ алмасады. Өкпедегі газ алмасу оттегі мен көмірқышқыл газдар қанықпасының айырмашылығына негізделеді. Оттегінің қанықпасы өкпедегі көпіршіктердің көктамыр (вена) қылтамырларындағы көмірқышқыл газына қарағанда неғұрлым жоғары болады. Сондықтан өкпе көпіршіктеріндегі оттегінің қысымы жоғары орталықтан қысымы төмен орталыққа өтеді. Көмірқышқыл газының қанықпасы керісінше, салатамыр (артерия) қанына қарағанда көктамырда көп, бұл оның көктамырдан қанға өтуіне себеп болады. Сонымен газ алмасу дегеніміз - оттегі мен көмірқышқыл газының қысымы жоғары орталықтан қысымы төмен аймаққа өтуі.
Өкпе оң жақ және сол жақ бөліктерінен - pulmo dexter et sinister - және тыныс алу жолдарынан, оған жататындар - бронхтар, бронхиальдық тарамдық және газ алмасу мүшелерінен (альвеолярлық тарамдар, көпіршіктер және альвеолалар) тұрады. Өкпелер жүрекпен бірге кеуде қуысында орналасады. Өкпе конус пішінді, сыртынан серозды қапшықпен қапталады. Кеңжағы негізі - basis pulmones - диафрагмаға, ал төбесі - apex pulmones - краниальды бағытта орналасады.

Әр өкпеде үш беткей болады: дөңес сыртқа қараған қабырғалы - facies costalis, ішкі екі өкпе аралығындағы медиальды - facies mediastenalis - және ойпатты диафрагмальды - facies diaphragmatica. Өкпенің ішкі беткейінде, өкпе қақпасы - hilus pulmonis - орналасады. Қақпа арқылы өкпеге негізгі бронх, өкпе артериясы, нервтері кіреді және өкпе венасы шығады. Өкпенің осы тұсын, оның түбірі - radix pulmonis - дейді. Өкпенің омыртқаларға жанасып жатқан үстінгі доғал жиегі - margo dorsalis s.obtusus - мен оған қарама қарсы төменгі қырлы жиегі - margo acutus - болады. Төменгі қырлы жиегінен әр өкпе саңылаулар арқылы алдыңғы - краниальды, артқы - каудальды, ортаңғы бөліктерге - lobus cranialis, caudalis et medialis - бөлінеді. Ірі қара малда краниальды бөлік тағыда алдыңғы және артқы бөліктерге - pars cranialis et caudalis - ажырайды. Сол жақ өкпе әрдайым үш бөліктен тұрады, ал оң өкпеде төртінші қосымша бөлік - lobus accessorius - болады. Қосымша бөлік өкпенің медиальды беткейінде орналасады.


Негізгі бронх әр өкпеде үлкен бронхтарға, үлкен бронхтардан ортаңғы бронхтар, олар өз кезінде кіші бронхтарға тарамдалады. Кіші бронхтар соңғы жіңішке тарамдарға – бронхиолаларға бөлінеді. Негізгі бронхтың бірнеше кіші бронхтарға бөлінуінің әсерінен өкпелер ішінде бронхиальды терек - arbor bronchialis - қалыптасады. Бронхиолалар өкпенің газ алмасу бөлімін құрайтын, өкпе бөлікшелеріне - lobuli pulmonis - енеді. Өкпе бөлікшелері, көпіршіктер жүйесі - альвеолярлық тарамдардан түзелген, олардың қабырғасы көптеген ұсақ альвеолалардан тұрады. Бір альвеолярлық бронхиоладан таралған альвеолалар жиынтығы - бірінші реттік өкпе бөлімшесі (ацинус) - lobuli pulmonis - деп аталады.
Күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада бифурқацияға дейін кеңірдектен кеңірдек бронхы бөлінеді, өкпенің краниальды бөлігіне енетін. Жылқы өкпелерінде ортаңғы және каудальды өкпелері бірігіп кетеді. Ит өкпелері терең бөлшектенеді, негізгі бронхқа дейін жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет