1 Дәріс Тақырыбы


Қуық және зәржыныс каналы



бет143/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Қуық және зәржыныс каналы


Қуық - vesica urinaria - пішіні алмұрт тәріздес, зәр жинайтын қуыс мүше. Қуық негізінде жамбас қуысында, шат сүйегінің үстінде, аталық организмде зәр-жыныс қатпарларының, аналық ағзада жатыр және қынап астында орналасады. Қуық денесінен - corpus vesicae - ортаңғы бөлігі, құрсақ қуысына қараған төбесі - vertex vesicae - және жамбас қуысына сүйірлене енетін мойынынан тұрады. Қуықтың қабырғасы үш қабатты болады.
Кілегейлі қабаты - tunica mucosa - көпқабатты ауыспалы эпителиймен астарланған, бездері болмайды. Кілегей қабатының ішкі дорсальды беткейінде несепағар ашылатын екі зәр өзегінің білеуліктері - columna ureteris - көрінеді. Бұл білеуліктер несепағар тесіктерімен - ostium ureteris - аяқталады. Осы тесіктерден несепағар қатпарлары - plica ureterica -қуықтың мойынына қарай бағытталып, қуық үшбұрышын - trigonum vesica - құрайды.
Қуықтың бұлшықет қабаты - tunica muscularis - үш қабат бірыңғай салалы бұлшықеттерден құралады. Сыртқы және ішкі қабаттағы бұлшықеттер мүшенің бойымен орналасса, ортаңғы қабаттағы бұлшықеттер сақина пішіндес болады. Қуық мойындағы бұлшықеттер салалары, қысқыш - sphincter - құрайды.
Сыртқы сір қабаты - tunica serosa - қуықтың тек денесімен төбесін ғана қаптайды, ал мойыны адвентициямен (болбырық ұлпа) жабылған. Қуықтың астыңғы бетінде адвентиция құрсақ және жамбас қуыстарының қабырғаларына ауысып, қуықтың ортаңғы байламын - ligamentum vesica - түзеді.
Зәр шығару каналы (өзегі) - urethra - қысқа көлемді түтік, қуықтың мойынынан басталып аналық ағзада қынаптың вентральды беткейінде ашылады, осы аумақ көлемін зәр-жыныс кіреберісі немесе синус деп атайды. Аталық организмде зәр-шығару өзегі ұзын сыртқы жыныс мүшесінің бойында орналасады, сондықтан мұны зәр-жыныс каналы деп атайды. Уретраның қабырғасы үш қабаттан тұрады: кілегей, бұлшықет және сір. Аналық өзегінің кілегей қабаты көпқабатты ауыспалы эпителиймен астарланады, бездер болмайды, тек ұсақ кірпікшелер кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет