1 Дәріс Тақырыбы



бет38/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Түк түбірін сыртынан түк қабы немесе түк фолликулы (foUiculus pili) қаптап жатады. Ол екі қабаттан тұрады. Сыртқы түк қапшыш (capsula pili)тамырлар мен жүйке ұштарына бай борпылдақ дəнекер ұлпасынан құралған.
Ал ішкі қабаты түк түбірінің қынабы (vagina radicis) эпидермистің тері ішіне үңгілене енген жалғасы. Ол көп қабатты жалпақ мүйізделген эпителийден тұрады. Аталған қабаттар бір-біріңен негіздік жарғақпен бөлінген.
Теріде түктер қиғаш орналасып, тері бетіне көлбей шығады. Түктің тік немесе бүйра, қылшық немесе түбіт болып өсуі түк фолликулының құрылысы мен пішініне байланысты. Бірыңғай салалы ет ұлпасынан құралған түк көтергіш ет терінің емізікше қабатынан басталып, түк түбіріне жалғасады. Түк көтергіш ет жиырылыгі, тері түктері түбірлерін тартып көтеріп, тері бетіндегі түк сабақтарын тікірейтеді. Тері түктері, терінің
сыртқы бетінде пішіні əр түрлі түк ағындарын (flumen pilorum) жасайды.
Олардың пішіндері дөңгелекше не сызықша болып келеді. Ағындардың түктері не сыртқа қарай (дивергентті) немесе ішкі бағытта (конвергентті) орналасады. Жануарлардың тері түктері белгілі бір мерзімге дейін осіп жетіліп, сезім түктерден басқалары түлеп отырады. Түлеу кезінде түк баданасының негіздік қабатындағы түзгіш эпителиоциттерге түк емізікшесінен тиісті мөлшерде қоректік заттар келмейді. Нəтижесінде түзгіш эпителиоциттердің көбею процесі тоқтап, олардың түк сабағына жақын
жатқан бөлігі мүйізденеді де, түк баданасының тірі эпителиоциттерінен
бөлінеді. Осыдан соң, түбірдегі сабақ түк фолликулы өзегімен сыртқа қарай жылжып, түсіп қалады. Бұл процесті түлеу — деп атайды. Түлеу кезеңі біткенннен кейін, түк баданасы жасушаларына қоректік зат керекті мөлшерде жеткізіледі де, түк баданасы эпителиоциттерінен жаңадан түк өсіп жетіледі.
Жыл маусымына байланысты түлеу, əсіресе, жабайы аңдарда айкын көрінеді. Үй жануарларында да, мысалы, ит пен сиырда, маусымдық түлеу байқалады Ал басқа жануарларда түлеудің аралас түрі кездеседі. Төлдердің туғаннан кейінгі белгілі мерзім ішінде тері түктерінің топтап түлеуін "ұландық немесе ювенальді түлеу" — дейді. Бұған мысал ретінде құлынның жабағысын тастап түлеуін келтіруге болады.
Түктің дамуы. Тері тұгі эпидермистен дамиды. Бастапқы кезде тері түктері дамитын тұстарда эпидермисте эпидермоциттер белсенді түрде бөлініп көбейе бастайды. Эпидермис қалындап, астындағы мезенхимаға төмен қарай бойлай өсе бастайды. Эпидермис өсінділерінің ұштары жуандап,түк баданасына айналады. Мезенхимадан бадана ішіне түк емізікшесі еніп,ұздіксіз көбею сатысындағы эпителиоциттерді қоректік затпен қамтамасыз
етеді. Түк баданасы эпителиоциттерінен түк сабағы түзіліп, эпидермис өсіндісінің орталығы арқылы терінің сыртқы бетіне тесіп өтеді де түк фолликулының өзегін жасайды. Осы кезде эпидермис өсіндісінің орта тұсынан май бездері жетіліп, олардың өзектері түк фолликулы өзегімен
жалғасады. Эпидермис өсіндісінің эпителиоциттер қабаты өз кезегінде сыртқы жəне ішкі түбір қынаптарына ажырайды. Түк түбірінің сыртындағы мезенхимадан түп қапшығы жəне онымен байланысқан түк көтергіш ет будасы дамып жетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет