1 Дәріс Тақырыбы


Сүт безі (glandulae lactiferae) желін



бет40/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Сүт безі (glandulae lactiferae) желін (uber) сүтқоректілер сыныбына (класына) жататын жауарларға тəн тері туындысы. Желін əр түрлі жануарларда түрлі деңгейде дамиды. Ол іштөлінде төс пен құрсақтың төменгі бетіндегі теріде, алдыңғы жəне артқы аяқтар аралығында бірнеше жүп төбешік ретінде эпидермистен қалыптасады. Бездің стромасы
мезенхимадан дамиды. Жануарлардың түрлеріне байланысты төбешіктер əр түрлі дəрежеде дамып жетіледі. Сиырда төрт бөлімді, төрт емшекті; биеде төрт бөлімді, екі емшекті; қой мен ешкіде екі бөлімді, екі емшекті; шошқа мен итте көп бөлімді желін болып тері қабаттарынан қалыптасады. Сүт безі құрылысы жағынан күрделі көпіршікшеүтікше бездерге жатады. Ол паренхималы мүше ретінде екі бөлімнен: паренхимадан жəне стромадан құралады. Паренхиманы сүт безінің безді бөлігі, ал строманы паренхима бөлікшелері аралықтарындағы қан, лимфа тамырлары мен жүйкелерге бай борпылдақ дəнекер ұлпасы құрайды.
Желін сыртынан терімен, оның астындағы екі қабат: беткей жəне тере шандырлармен қапталған. Жоғарыда баяндалғандай, жануарлар түрлеріне байланысты желін бөлімдерінің саны əр түрлі болады. Əр бір желін бөлімін сыртынан май ұлпасымен аралас дəнекер ұлпалы қапшық қаптап жатады.
Осы қапшықтан сүт безі бөлімінің ішіне тарала енетін дəнекер ұлпалық перделіктер (трабекулалар) без паренхимасын көптеген бөліктерге бөледі.
Сүт безі бөліктері өз кезегінде, жұқа дəнекер ұлпалық аралықтар арқылы тым майда, тек микроскоппен ғана көрінетін без бөлікшелеріне бөлінеді. Желін емшектері сыртынан терімен қапталған. Емшек терісінде тері түктері, май жəне тер бездері болмайды. Ол жүйке ұштарына өте бай. Сүттің бөліну мөлшері мен кұрамы жануарлардың түріне, тұқымына, азықтандыру сапасына тікелей байланысты. Сүт безінен 1 литр сүт бөліну үшін, кем дегенде желін арқылы 500 литр қан ағып өтуі керек. Құрсақтың төменгі
бетіндегі ақ сызықтың (үйектің) бойында желінді ұстап тұратын екі қабат терең шандырдың жалғасын желіннің көтергіш байламы — деп атайды.

Сүт безінің гастологиялық құрылысы. Сүт безі құрылысы жағынан күрделі тарамдалған түтікше-көпіршікше бездерге жатады. Сүт безі паренхимасын эпителий ұлпасынан құралған секреторлы соңғы бөлімдер мен күрделі тарамдалған шығару өзектері түзеді. Ал оның стромасын
паренхиманының аралықтарындағы қан жəне лимфа тамырлары мен жүйкелер өтетін дəнекер ұлпалық аралықтар мен сүт безі қапшығы құрайды.
Сүт безін сыртынан қаптайтын дəнекер ұлпалық қапшықтан без ішіне қарай тарамдала енген май жасушаларына бай дəнекер ұлпалық аралықтар (перделіктер) паренхиманы көптеген бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелер өз кезегінде 158-226 сүт көпіршіктерінен (альвеолаларынан), соңғы шығару өзектерінен жəне оларды байланыстырып біріктіріп тұратын қан капиллярларына бай борпылдақ дəнекер ұлпасынан құралған. Сүт тамшыларын бөлетін сүт альвеолаларының қабырғасы бірқабат текше (куб) тəрізді безді эпителиоциттерден (лактоциттер) тұрады. Сүттену кезінде альвеола қабырғасындағы лактоциттердің биіктігі өсіп, призма тəрізді безді жасушаларға айналады. Лактоциттердің цитоплазмасындағы сүт тамшыларын түзуге қатысатын органеллалар, олардың ішінде, əсіресе, гранулалы жəне агранулалы эндоплазмалық тор, Гольдж кешені, микротүтікшелер мен микрожіпшелер жақсы жетілген. Лактоциттердің апикальды ұшында микробүрлер болады. Сүт _________тамшылары безді эпителиоциттердің альвеола қуысына қараған апикальды ұшында жиналып,
жасуша цитоплазмасынан плазмолеммамен бірге үзілу арқылы түзіледі, яғни
сүт тамшылары безді жасушалар бүтіндігінің жартылай бүзылуы нəтижесінде апокринді жолмен бөлінеді. Сүттің құрамына кіретін заттардың барлығы (козеин белогі, лактоза, май тамшылары, иммунды глобулиндер, витаминдер, түздар т.б.) сүт тамшысынен бірге бөлінеді. Сүт альвеолалары сыртынан жиырылу қызметін атқаратын себет тəрізді миоэпителиоциттермен шырмала қапталған. Альвеола қуысы сүтке толған кезде, миоэпителиоциттер рефлекторлы жиырылып, сүтті сүт түтікшелеріне айдайды. Сүт түтікшелері бір-бірімен қосылып, сүт өзекшелерін құрайды. Сүт түтікшелері мен сүт
өзекшелерінің қабырғалары да, бірқабатты текше тəрізді эпителийден тұрады. Олар альвеолалармен бірге бірігіп, бөлікшелерді құрайды. Аталған түтікшелер мен өзекшелер сыртынан миоэпителиоциттермен қапталған. Сүт өзекшелері бір-бірімен қосылып, сүт өзектерін түзеді. Бұлардың қабырғалары бірқабатты призма тəрізді эпителиймен, ал өте ірі өзектердің қабырғалары екі қабатты эпителиймен астарланған. Ірі өзектерді сыртқы жағынан бірыңғай салалы ет ұлпасының қабаты каптап жатады. Сүт өзектері болікшелер
аралық дəнекер ұлпалық аралықта орналасады. Сүт өзектнрі сүт цистернасына ашылады. Сүт цистернасының кілегейлі қабығы екі қабатты призма тəрізді эпителий астарлайды. Сүт безі паренхимасы кұрылымдарының (альвеолалар, сүт түтікшелері, сүт өзекшелері, сүт өзектері) эпителий кабаттарынын астындағы өзіндік тақташа борпылдақ дəнекер ұлпасынан тұрады. Сүт өзегінің кілегейлі қабығы үш қабаттан: ішкі эпителий жəне миоэпителий қабыттарынан, олардың сыртындағы өзіндік тақташадан құралған. Кілегейлі қабықты сыртынан жиырылу қызметін атқаратын бірыңғай салалы ет қабаты қоршап, қаптап жатады. Сүт цистернасында жиналып, емшек өзегі жəне оның үрпі арқылы сыртқы
шығарылады. Емшек өзегінің ішкі беті көпқабатты жалпақ эпителиймен астарланған. Оның __________астында борпылдақ дəнекер ұлпалық өзіндік такташа жатады. Емшек қабырғасының ортаңғы бірыңғай салалы ет ұлпалық қабығы төрт қабаттан тұрады. Олар: шла ұзынша қабат, оның сыртындағы сакинаша қабат, одан кейінгі үшінші аралас қабат жəне сырткы радиальды кабат. Етті қабықтың сақинаша кабаты емшек үрпінің кыскыш етінің (сфинкгерінің) қызметін аткарады. Ол жиырылып емшек үрпін қысып, сүтті ұстап тұрады. Емшектің сыртқы қабығы — тері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет