1 Дәріс Тақырыбы


Өңештің ішкі кілегейлі қабығы



бет46/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Өңештің ішкі кілегейлі қабығы төрт қабаттан тұрады. Оның ішкі бетін көпқабатты жалпақ эпителий ұлпасы астарлайды. Эпителий қабаты астындағы өзіндік тақташа қабаты жақсы жетілген. Ол борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Үшінші етті қабаты бірыңғай салалы ет ұлпасы миоциттер шоғырларынан түзілген. Етті қабаттың жиырылуы өңештің кілегейлі қабығының қатпарланып тұруына себепкер болады. Етті қабат миоциттері өңештің ұзын бойымен орналасады. Борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұратын төртінші кілегейліасты негізде әр түрлі жануарларда түрліше дәрежеде жетілген кілегей бөлетін өңеш бездері (gl. oesophageae) орналасады.
Өңештің етті қабығы жүтқыншақтан басталған бойда көлденең жолақты ет ұлпасынан тұрады. Бірақ, өңеш қарынға жақындаған сайын, біртіндеп бірыңғай салалы ет ұлпасына ауысады. Етті қабықтың қабаттары жұтқыншақтан қарынға дейінгі өңештің ұзын бойында әр түрлі бағытта орналасады. Етті қабықтың қабаттары өңеш жүтқыншақтан басталған бойда өңеш қабырғасында сақина тәрізді, одан соң, қиғаш орналасады. Қарынға жақындаған сайын етті қабық сыртқы ұзынша және ішкі көлденең сақинаша қабаттарға ажырайды. Өңештің етті қабығы жұтқыншақтың жігінен және көмекейдің ожауша және сақинаша шеміршектерінен басталады.
Өңештің сыртқы қабығы, оның мойын бөлігінде адвентиция қабығынан (борпылдақ дәнекер ұлпасы), ал көкірек пен құрсақ қуыстарындағы бөліктерінде сірлі қабықтан тұрады. Адвентицияны борпылдақ дәнекер ұлпасы құрайды. Ал сірлі қабық екі қабаттан: ішкі жұқа дәнекер ұлпалық қабаттан және сыртқы бірқабатты жалпақ эпителий ұлпасынан (мезотелийден) тұрады.
Бір бөлімді қарын кұрсақ қуысында, көкеттен кейін көлденеңінен орналасады. Қарынның сол жақ ұшына өңеш тесігі ашылады. Жүрекке (kardia) жақын жатқандықтан, қарынның сол жақ бөлігін кардиальды бөлік - деп атайды. Қарынның оң жақ ұшынан он екі елі ішек шығатын шекарада, қарын жынын ішекке мөлшерлеп шығарып тұратын қақпакша (pylorus) болады. Қарынның ішекке шығаберіс бөлігін қақпақшалық (пилорустық) бөлік дейді. Қарынның кардиальды және пилорикалық бөліктері аралықтарындағы негізгі бөлігін қарын түбі (fundus) немесе қарынның фундальды бөлігі — деп атайды. Қарынның аддыңғы кабырғалық беті (faсіes parietalis) бауыр және көкетпен, артқы висцеральды беті (faсіes visceralis) ішек ілмектерімен жанасады. Оның жоғарғы алдыңғы жағында қарынның кіші иіні (curvatura ventriculi minus), ал төменгі артқы жағыңда қарынның үлкен иіні (curvatura ventriculi majus) болады. Осы аталған иіндерден кіші және үлкен қарын шарбылары басталады. Олар екі қабат сірлі кабықтан құралған. Сірлі қабықтар арасындағы борпылдақ дәнекер ұлпасымен қоректендіруші қан және лимфа тамырлары мен жүйкелер өтеді. Кіші шарбы қарынды бауырмен, ал үлкен шарбы қарынды көкбауыр және ішекпен байланыстырады. Қарынның қабырғасы түтікше мүше ретінде үш: ішкі кілегейлі, ортаңғы етті және сыртқы сірлі қабықтардан тұрады. Бір бөлімді безді қарынның кілегейлі кабығы бірқабатты призма тәрізді эпителиймен астарланған. Безді карынның кілегейлі қабығында қарын сөлін бөлетін кардиальды безді аймақ (gl. cardiaca), фундальды безді аймақ (gl. fundalis) және пилорустық безді аймақ (gl. pylorica) болады. Бір бөлімді аралас қарын кілегейлі қабығының безсіз аймағын көпқабатты жалпақ эпителий, ал безді аймағын бірқабатты призма тәрізді эпителий астарлайды. Кілегейлі безді аймақтың өзі бездерінің құрылысына сәйкес кардиальды, фундальды және пилорустық бөліктерге бөлінеді. Итте бір бөлімді безді қарын, жылкы мен шошқада бір бөлімді аралас қарын.
Қарын түбі кілегейлі қабығының ішкі бетінде фундальды без өзектері ашылатын ұсақ қарын шұңқырлары көрінеді. Аш қарынның кілегейлі қабығының ішкі беті қатпарланып жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет