1-дәріс Тарих ғылымының тарихы. Кіріспе тарих ғылымының тарихы


Негізгі терминдер мен мәселелер



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата11.12.2023
өлшемі0,91 Mb.
#137518
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
tarih-ylymyny-tarihy 1 lecture

Негізгі терминдер мен мәселелер.
Сонымен, бастайық. Бірінші бөлім «Тарих дегеніміз не?» деп аталады. Бөлімнің атауы өз атынан айтып 
тұр. Бұл бөлімде авторлар тарихи ғылым зерттеумен айналысатын негізгі терминдер мен мәселелер
шеңберін баяндайды.
Бұл бөлім үшін авторлар француз математигі, механик, физик, әдебиетші және философ Блез Паскальдің 
«Доводы, до которых человек додумывается сам, обычно убеждают его больше, нежели те, которые 
пришли в голову другим» деген сөздерін эпиграф етіп таңдап алды. Паскальдің бұл сөздері кез келген
саладағы ғалымдардың зерттеу қызметінің мәнін ашады. Осылайша, адамзат қалыптасуының тарихи жолы 
сынамалар мен қателіктер арқылы адам өз дамуында дамыды. Тарих деп адам дамуының эволюциясын 
айтсақ қателеспейміз. Бұл оқулықтың авторлары тарихты өткенді тану үдерісі ретінде зерттеу мақсатын 
алға қойды.


Кітап:
Дәріс:
Тарих ғылымының тарихы
Тарих ғылымының тарихы. Кіріспе
4
Бірінші негізгі термин – «тарих» термині. Авторлар бұл сөздің басты екі мағынасын көрсетеді: оның 
бірі адамзаттың өткеніне сілтеме берсе, екіншісі – әдеби хабарлау жанрына сілтеме береді.
Тарих дегеніміз – өткенді білу, бұл өткен уақыт туралы әлеуметтік көзқарастар жиынтығы. Сондықтан,
«тарих» сөзінің синонимдерімен «тарихи жад», «тарихи сана», «тарихи білім» және «тарихи 
ғылым» сияқты ұғымдар болып табылады.
Бұл ұғымдар арасындағы шекараны өткізу қиын, олардың 
барлығы өзара тығыз байланысты. Алайда, осы терминдердің мәнін негізге ала отырып, «тарихи жад» 
және «тарихи сана» - бұл өткеннің бейнесі, ал «тарихи білім» және «тарихи ғылым» - бұл адамзаттың 
даму тарихын тану мен бағалауға бағытталған сыни көзқарас болып табылады.
Табиғи құбылыс – бұл тарих пен әдебиет арасында «ерекше байланыстың» бар болуы. Егер тарихтың 
«қалай пайда болғанына» назар аударсақ, онда біз ол адам білімінің ерекше бөлшегі ретінде әдеби 
шығармашылықтың аясында қалыптасқанын көреміз.
Тарихи зерттеулер үшін ақпарат көздері қайдан алынады немесе тарихи дерек деген не? Әрине, бұл 
жазбаша ескерткіштер, ауызша аңыздар материалдық көркем мәдениеттің туындылары. Егер барлық 
тарихи дәуірлер өздерінен кейін тарихи ескерткіштердің көптігін қалдырып кетті десек, қате болар. Кейбір 
дәуірлер үшін бұл растамалар саны жағынан аса көп емес, ал қалғандары үшін – жойқын және әртекті 
болып келеді. Бірақ жай ғана ақпараттың болуы - бұл тарихи уақыттың толықтығын жеке ашпайтын, 
нақты оқиғаларды қалпына келтіре алмайтын фактілер ғана. Сондықтан тарихты зерттеу тек қолда бар 
ақпаратты анықтаудан басталмайды. Мәліметті ұғындыру, толық талдау және толығымен түсіндіру керек. 
Егер математика мен биология сияқты пәндерге қандай да бір құбылыс - шартсыз шындық болса, тарих 
үшін тарихи білімді қалпына келтіру өткенді қалпына келтіру бөлімінен басталады. Тарихи білім пәнінің 
айырмашылығы осында. Осылай, екінші басты термин – «тарихи білім» болып табылады. 
Тарихи білім қалай қалыптасты? Ол қоғамның даму процесі мен әлеуметтік сананың өсуі процесінде 
қалыптасты. Тарихи білім ежелгі дәуірден бастау алады. Тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы - өзін-
өзі тануға, адамның өзін-өзі анықтауға беталысының жарқын көрінісі. Адам өз ата-бабаларының 
тәжірибесіне сүйену арқылы өзінің шынайылығын түсінуге ұмтылды және оның ұрпақтары үшін 
өзі туралы естелікті сақтап қалғысы келді. Кітап авторларының ойынша, тек еуропалық мәдениетте 
өткенді тану ерекше әлеуметтік және саяси мәнге ие болды. Бұл пайымдауға дәлел ретінде, олар 
Батыс өркениетінің қалыптасуының барлық дәуірлеріне - антикалық, орта ғасырлық, жаңа уақыт - 
қоғамның, оның жеке топтары мен индивидтерінің қызығушылығы зор болғандын атап отыр. Әрине, 
авторлардың бұл пікірлерімен толықтай келіспесек те болады. Біздің ойымызша, шығыс та және батыс та 
өркениеттерінде тарих ерекше әлеуметтік және саяси мәнге ие болды. Себебі, шығыс елдеріндегі тарихқа 
деген қызығушылық еуропалық елдерден мүлдем төмен болмады. 
Айтсақ та, өткенді сақтау, оны зерттеу және ол туралы пайымдау тәсілдері қоғамның даму процесінде 
өзгерді. Тек қазіргі заманның өзекті сұрақтарына жауап іздеу дәстүрі өзгеріссіз қалды. Тарихи білім 
еуропалық мәдениетті қалыптастырудың маңызды көздерінің бірі болды. Идеология, құндылықтар жүйесі, 
әлеуметтік мінез-құлық замандастардың өз өткенін қалай түсінгендігіне және оны қалай түсіндіргеніне 
сәйкес қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет