1-дәріс Тарих ғылымының тарихы. Кіріспе тарих ғылымының тарихы


XVIII-XIX ғасырларда жаңа еуропалық қоғам қалыптасты



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата11.12.2023
өлшемі0,91 Mb.
#137518
1   2   3   4   5   6
XVIII-XIX ғасырларда жаңа еуропалық қоғам қалыптасты
, соның нәтижесінде тарих ғылымы 
мен тарихи білімнің үстемдік дәстүрлері мен стереотиптерін қайта қарау болды. Осының негізінде XIX 
ғасырдың екінші жартысында өткеннің (өткен тарихи кезеңдердің) көп қабаттылығы туралы идея пайда 
болды. Бұл идеяның мәні мынада: біртұтас «тарих» жоқ, көптеген жеке «тарих» бар, өткенді шексіз 
түсіндіруге болады, тарихи фактінің тек ол адам санасының бір бөлігі болған жағдайда ғана шындыққа 
ұласатынын айтады.
Осылайша, XIX ғасырдың екінші жартысында ғалымдардың кейбір бөлігі тарихи білім жалғыз және 
таным әдістерінің әмбебап жиынтығына ие екендігі туралы тезисті қабылдамады.
Тарихшы ретінде зерттеу пәні мен зияткерлік құралдарды жеке таңдау құқығы өз атынан танылатын 
болды.
Тарихты ғылым ретінде қарастырған қазіргі пікірталастардың ішінде ең сүбелі (актуалды ) екі сұрақ 
тудырады:
1. Тарихшы ол туралы тек шындық айтуын керек ететін, жалғыз «өткен уақыт» бар ма? Әлде, ол 
шындық түсіндіруге және зерттеуге келмейтін, бітпейтін көптеген «тарихтарға» құлдырап кете ме?
2. Зерттеуші өткеннің шынайы мағынасын түсінуге және ол туралы шындықты көрсетуге мүмкіндігі 
бар ма?
Осы аталмыш екі мәселе де тарихтың әлеуметтік мақсатының түбегейлі проблемасына қатысты.


5
Кітап:
Дәріс:
Тарих ғылымының тарихы
Тарих ғылымының тарихы. Кіріспе
Тарихи зерттеуді қоғамның қазіргі заманғы, күрделі құрылған, өзгермелі әлемде қалай пайдалануы
мүмкін деген ой-пікірлер ғалымдарды мынадай сұраққа жауап іздеуге мәжбүрлейді: алдыңғы ұрпақтың 
өткен адамдары қалай және қандай мақсатта өткен тарихты танумен айналысқан.
Тарихи сана мен тарихи жады.
Келесі басты терминдер – бұл тарихи сана мен тарихи жад. Жад – бұл өз өткеніңе деген ұғынып 
көрсетілген қарым – қатынас (Жад – бұл өткен шақты ұғыну арқылы есте сақтау). Жадынан айырылған 
адам өзін-өзі түсіну, басқа адамдар арасында өз орнын анықтау мүмкіндігін жоғалтады. Жад -адамның 
жеке өзі жинаған білімі, оның өмірлік тәжірибесі. Тарих өткенді тану үрдісі ретінде әлеуметтік есте сақтау 
көріністерінің бірі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет