1-дәріс Тарих ғылымының тарихы. Кіріспе тарих ғылымының тарихы


Әлеуметтік жад – бұл адамдардың өз тәжірибесін, алдыңғы ұрпақтың тәжірибесін сақтау



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата11.12.2023
өлшемі0,91 Mb.
#137518
1   2   3   4   5   6
Әлеуметтік жад – бұл адамдардың өз тәжірибесін, алдыңғы ұрпақтың тәжірибесін сақтау 
және түсіну қабілеті. 
Тарихи жад бір фактілер мен оқиғаларды түсіндірудің әр түрлі тәсілдерін жасау 
процесінде, қазіргі уақытта өткеннің қандай да бір құбылыстарын өзектендіру процесінде, сондай-ақ 
өткенді ұмытпау процесі байқалса қалыптасады.
Тарихи тәжірибені сақтау және ұғыну тарихи сана болып табылады. 
Бұл ұжымдық жадты құрайды. 
Келесі басты термин бұл - «тарихи сана мен ұмыту» . 
Бір оқиғаны ұмыту және басқалардың маңыздылығын асыру адамдарға тән қасиет (б. а. оларды өзекті 
ету). 
Сондықтан, әлеуметтік жадтың мәселелері мен тарихи сананы зерттеушілер, әр түрлі қоғамдар мен 
мәдениеттердің өткені туралы түсініктердің ерекшеліктерін зерттеуде адамдардың нені және неге ұмытып 
кеткенін ескеру қажет деп ойлайды. Қоғам ұжымдық жадтан жекелеген фактілер мен оқиғаларды алып 
тастаудың себептері, бұл қоғамның тарихтағы өз орнын қалай ойлайтынын түсінуге мүмкіндік береді. 
Өткеннің сол немесе өзге де аспектілерін ұмыту әртүрлі себептерге байланысты болды.
Бірінші. Ұмытылған оқиғалардың ішінде жазбаша қолжазбалардың дамымаған кезеңдердің тарихы 
болды. Мысалы, қазіргі заманғы еуропалық ұлттардың бастауында тұрған тайпалар мен халықтардың 
тарихы үлкен күшпен, түрлі гипотезалар, болжамдар және логикалық құрылыстар арқылы қалпына 
келтірілді. Тарихшылар әлеуметтік және саяси ұйымдар, кельттердің мен герман тайпаларының, 
славяндардың діни нанымдары, олардың дамуына ықпал еткен маңызды оқиғалар мен тұлғалар туралы 
үзімелі мәліметке ие. Осыған ұқсас мысалдар жердің әр түкпірінде және аумақтарында көп кездеседі. 
Өзінің өткені туралы жүйелі түрде жазылған әңгімесі жоқ халықтар «тарихынан айырылған» деп 
аталады - бұл оларда өткеннің жоқтығын емес, ол туралы жадының жоғалғанын көрсетеді.
Екінші. Өткен туралы жадтың жоғалуы адам және әлеуметтік санадан қандай да бір құбылыстар 
туралы мәліметтердің жоғалуының табиғи процесімен байланысты болуы мүмкін. Бір қызығы, ұмыту 
— адамзаттың өзін өзі сақтау құралы болып табылады екен. Себебі, жеке адамның жады мен қоғамның 
ұжымдық жады көптеген тарихи фактілерді сақтап тұра алмайды. Сондықтан, адамдарға маңызды болып 
табылған, саналы түрде іріктелген ақпарат қана болашақ ұрпақ үшін сақталып жеткізілу керек болған. 
Есте сақтауға лайықты ақпаратты іріктеу техникасы және артық мәліметтерді електен өткізу принциптері 
әр түрлі болған. Олар қоғамның немесе топтың әлеуметтік дамуының түрі мен оның деңгейіне тәуелді 
болды.
Ортағасырлық еуропалықтар немесе біздің замандастарымыз, ежелгі иудейлер немесе антикалық 
тарихшылармен сақталған өткен туралы мәліметтер әртүрлі себептермен іріктеліп алынды. Дегенмен
барлығы үшін ортақ белгі ол - тіркелетін оқиғалар мен құбылыстардың маңыздылығын мойындау және 
барлық қалған актуалсыз фактілердің жиынтығын өз назарынан тыс шығару болды. Бұл оқиғалар мен 
құбылыстар ұмытылған оқиғалар қатарына жатты. Уақыт өте келе, сол «Ұмытылған» оқиғалар да, бір 
кезде өткен дәуірдің өкілдерімен ысырылып тасталса да, өмірге қайта оралып жатыр. Олардың көбісі 
кәзіргі таңда, әлеуметтік сананың және тарихи жадының объектісіне айналды.
Үшінші. Өткенді ұмыту саяси немесе идеологиялық негізі бар қоғамдық сананы саналы түрде қозғаудың 
нәтижесі болуы мүмкін. Мысалы, жақында болған Отан тарихы тарихи жадының жойылуының жарқын 
және қайғылы растауы. Мысалыға, ХХ ғасырда оқытылған тарихта репрессия, адамдарды және тұтас 
әлеуметтік топтарды қорлау және жою фактілері ұжымдық жадтан ысырылды.
Жадты «құртудың» міндеттері әртүрлі болуы мұмкін. Тарихи жағымсыз фактілер туралы үндемеу 
арқылы саяси жүйе өзіне сай ұлттық сана-сезім мен мақтанышын нығайтуы тиіс болған. Жауларды жеңген 
жеңісіне түпкілікті сипат беру үшін жеңілген жаулар туралы жадының толық жойылуы типтік көрініс 


Кітап:
Дәріс:
Тарих ғылымының тарихы
Тарих ғылымының тарихы. Кіріспе
6
деуге болады.
Ұмыту - тарихи жадтың ажырамас элементі. Бір жағынан, ұрпақтарының санасында бар немесе қалпына 
келтірілген өткен тарихи оқиғалардың бейнесін бұрмалайды. Екінші жағынан — «ұмыту» болмай толық 
оқиғаның тұтас логикалық бейнесі қалпына келтірілуі мүмкін емес. Себебі, сапасыз өте көп тарихи 
фактілер түсініксіз бөгеуілдеуге айналады.
Енді, «тарихи жады пен өткенді баяндау» терминін қарастырып көрейік. 
Қоғамның санасында бар өткеннің бейнесі сақталған мәліметтерді жинаумен ғана емес, оларға берілетін
мәнмен де анықталады. Оқиғаның тарихи мәнін табу үшін пайдаланатын тәсілдер нені анықтайды? 
Тарихи құбылыстың, оның тарихи контекстінің өзіндік мәнін; 
уақыт пен оқиғалардың кейінгі жүрісін ескере отырып, ұрпақтың тарихи құбылысына беретін бағасын;
өткеннің (өткен тарихтың) беделін өзінің саяси немесе идеологиялық мақсаттарында пайдалануға 
ұмтылатын жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың тарихи оқиғаларға беретін бағалары. 
Аталған анықтаулар іс жүзінде бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Оқиғаның өзіндік мәні немесе тарихи оқиғаның астарында қандай ағынаны түсінуіміз керек? Мүмкін, 
бұл әр кезеңнің замандастарының оны қалай түсініп, сынағандығында шығар. 
Мысалы, тарих оқулықтарында Батыс Рим империясының аумағына варварлық тайпалардың басып 
кіруі дәстүрлі түрде ежелгі өркениеттің жойылу процесі ретінде және сонымен қатар Халықтардың Ұлы 
Қоныс аудару дәуірі ретінде анықталады.
Қазіргі заманғы тарих ғылымында осы үйреншікті қалыптасқан көзқарастарға сол оқиғаларға 
қатысушылары мен замандастарының әр-түрлі қабылдаған екіжақтылықтары сақталып отыр.
Антикалық мәдениет кезеңіне жататын адамдар үшін варварлардың жеңістері әдеттегі және өзгермейтін 
әлем тәртібінің жойылуын білдіреді. Олар Римнің құлауын әртүрлі бағалай алды: өркениет негіздерінің 
апат және құлдырауы немесе сенімсіздік пен бойкүндік (высокомерие) білдіргендері үшін Құдайдың ұлы 
империяны қатал әділ жазалағаны деп білді. Бірақ, қалай болса да варварлардың келуін олар универсалды 
әлемнің құлдырауы деп білді. 
Басқаша бұл оқиғаларды батырлар мен көсемдер, олардың батылдығы мен ерлігі туралы миф пен 
аңыздар топтамасын жасаған герман халқыларының әлеуметтік және тарихи естеліктері сақтады. Жүз 
жылдар бойы бұл аңыздар ортағасырлық Еуропаның халық фальклоры мен әдеби дәстүрін толықтырып 
тұрды. Әлеуметтік жадыда бұл оқиғаны герман тайпалары өз тарихының ұлы және батырлық кезеңі 
ретінде тіркеді.
Сонымен, сол дәуірдің замандастарынан құрылған білімді Рим азаматы, шіркеу қорғаушысы немесе 
варварлар — қайсысының оқиғаны бағалауы неғұрлым дәл? Кімнің қабылдауы немесе ойлану логикасы 
заманауи тарихқа қызығушылығы көп тұлғаны немесе кәсіби зерттеушіні толығымен қанағаттандыра 
алады?
Замандастары, куәгерлер немесе жақын ұрпақтары оқиға немесе сол кездегі қоғамның жай-күйіне, 
толыққанды және жан-жақты сипаттамасын беруге қабілетті емес. Себебі, олар сол тарихи уақыттың 
шынайы болмысына тым байланғандықтан объективті және шеттетілген түрде бағалау бере алмайды.
Оларға қарағанда, келесі ұрпақтың өткенді әділ тану үшін мүмкіндіктері көп. Олар оқиғаларды, 
адамдардың іс-әрекеттерін, оқиғалардың алғышарттары мен салдарларын анықтай отырып, кең мағынадағы 
адам өмірінің жекелеген көріністерін көре алады. Бірақ, олардың бағасы тарихи құбылыстардың «өзіндік 
мәнінің» нақты сипаттамасы бола алама? Зерттеуші - маман да қарапайым азамат сияқты тарихи тарихи 
құбылыстарды ойлай отырып, көптеген өзара бір-бірімен байланысты фактілер мен факторларды анықтай 
алады. Әрбір факттың немесе фактордың бағалау рөлі әр түрлі болады.
Рим империясының құлаған және вандалдардың жаулап алу дәуіріне қайта оралсақ, бұл тарихи оқиғалар 
әр-түрлі қарастырылуы мүмкін екендігін айтып кеткен жөн. Біріншіден, оқиға антикалық мемлекеттіліктің, 
әлеуметтік және шаруашылық жүйелердің ішкі дағдарысының көрінісі ретінде қарастырыла алады. 
Екіншіден, варварлардың басып кіруін бастан кешіп, жойылмаған Рим империясы институттарының 
тұрақтылығының көрінісі ретінде зерттеуге болады. Үшіншіден, мүмкін бұл оқиға варварлық тайпалардың 
ішкі өзгерістері болғандығын дәлелдейтін факт ретінде қарастырылады. Төртіншіден, германдық 
халықтарға дәстүрлі өмір сүру күшін еңсеруге мүмкіндік берген қуатты түрткі ретінде көрсетілуі мүмкін. 
Германдық ұлтшылдық идеяларын қолдайтын зерттеушілер германдықтардың варварлық тайпалардың іс-
әрекеттерінде қарсылық көрсетулері оларға (германдықтарға) этнос ретінде тән батырлық рух пен әскери 
ерліктің көрінісі деп бағалады. Зерттеушілердің тағы бір тобы, ежелгі германдықтардың әскери әдебіне 
әділ баға бере отырып, олардың іс-әрекеттерінде варварлық сананың белгілері бар екендігін айтады.


7
Кітап:
Дәріс:
Тарих ғылымының тарихы
Тарих ғылымының тарихы. Кіріспе
Бұл бағалаулар бір-біріне қайшы болып келеді, қарастырылып отырған оқиғаларды тудырған 
тарихи процестердің мағынасын әртүрлі сипаттайды. Пікірлер спектрі мен олардың арасындағы 
айырмашылықтардың тереңдігі шын мәнінде өте күрделі. 
Оқиғалардың мәнін анықтау үшін олардың тамыры қаншалықты терең және тарих үрдісінің кейінгі 
барысына қандай әсер еткендігін анықтау керек. Анықтау барысында ықпал ететін жағдайдың бірі оқиғалар 
арасындағы өзара байланыс, зерттеліп отырған оқиғаның өзі өткен кезеңдерге немесе болашақ кезеңдерге 
қаншалықты жақын немесе алыс болуы. Оқиғалар мәні адамдардың оның салдары мен себептерін қалай 
анықтайтынына байланысты.
Өткен туралы пайымдаудың қандай да бір дәрежеде дүниетанымдық немесе идеологиялық басымдығы 
бар. Ол басымдықтар қатарында дінге қатысы, қандай да бір әлеуметтік доктриналар мен саяси теорияларды 
жақтауы немесе қоғам дамуының белгілі бір теорияларына бейілділік те болулары мүмкін.
Осындай тұрғыда мынадай сұрақтар қалыптасады. Өткендегі оқиғалар қандай да бір ерекше тарихи 
мағына бере ме? Олар оқиғалардың кездейсоқтығының нәтижесі емес пе?
Оқиғаның тарихи мәнін бағалау мүлдем объективті және толық болуы мүмкін емес. 
Тарихи санада өткеннің құбылыстары әрдайым өз қоғамымен зерттелетін немесе қайта құратын қоғам 
үшін өзекті ойлар, көріністер, саналы және санаға салынбаған артықшылықтармен құрылады. Өткеннің
келбеті — бұл әрқашан қалауымызға қарамастан, біздің қызығушылықтарымыздың келбеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет